Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен әдістемелер



бет2/18
Дата20.04.2020
өлшемі152,72 Kb.
#63102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ойындар жинағы
Аналарға құттықтаулар, Аналарға құттықтаулар, 74 сабақ Батыр ата
Мақсаты:

- баланың қабылдау жүйесін дамыту
- есте сақтау қабілетін дамыту (көру, есту, сипап-сезу, т.б.). Арнайы және арнайы емес назар.
- ойлау қабілетін арттыру (өз еркімен ойлау қабілеті, өз шығармашылық қасиетін көрсету, қиындықтарды оңай жеңу, салыстыру, жалпылап және талдай білу қасиеті).

Өзектілігі:

Дамытушы ойын – бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, даңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.

Адамның әрекеті екі түрлі болуы мүмкін: іске асыру және репродуктивтік, кіріктірілген және шығармашылық. Репродуктивтік түр біздің есте сақтау қабілетімен тығыз байланысты. Оның түпкі мағынасы бала бұрынғы білімін қайталап, еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы білімін қайталап еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы мәселелерін шеше алады. Бұл түр ешқандай жаңа түр болмайды. Оның негізгі бұрынғы білгенін толық және толық емес қайталау болып табылады. Бұндай тәжірибе бала үшін маңызы бар, ол қоршаған ортаға дағдылануды жеңілдетеді, күнделікті дағдыларды пайда болдыра отыра оны біркелкі жағдайларда қайталап отырады. Органикалық жадтың негізгі, репродуктивтік қабілеті өзгереді, бұрынғы өзгерістерді сақтайды. Олардың арақатынасындағы байланысты нығайта түседі. Баланың қиялы мен кіріктірілген жадқа қарсы болмайды, сондай-ақ жаңа сәйкестіктерді іздейді. Бірақ адам жеке жағдайға бейімделе алмаса ол тек бар тәжірибесі мен өмір сүрсе, онда ол қоршаған ортаға да бейімделе алмайды.

Қиял – бұл барлық шығармашылық жұмыстың негізі. Баланың жалпы дамуы үшін қиялдың маңызы зор. Ерте жастан бастап балалардың ойында шығармашылық үрдіс көріне бастайды. Ойын бала үшін тек қана алғашқы әсер емес, сонымен қатар оның комбинациясы.

Қиялдың негізі өте күрделі болып табылады және сыртқы қабылдаулар, баланың тәжірибесінің негізін құрайды. Бұл әр түрлі қабылдау, тапсырмаларды шешу, құбылыстар және тағы басқалар жатады. Оған есту және көру қабілеті де жатады. Ең қиыны қабылдау. Сондықтан тәрбиелеуші баланың қиялын дамыту үшін оған көмек беруі керек.

Бұл күрделі үрдістің құрылуы диссоциоциялық талдау және ассоциациялық қабылдау болып табылады.

Бұл үрдіс баланың барлық даму жағынан маңызды, бұл түсінік пен абстракты ойлаудың қалыптасуының негізі. Сондықтан көптеген ойындарда ойлау қабілетін арттыру өте маңызды. Бұл ойын арқылы логикалық тізбекті жалғастыруға, ресурстарды таба білу және интеграция көмегімен ассоциоция көмегімен жасауға көмектеседі.

Дамыту ойындарында балаға әдейі қиын жағдайларды тудырады, ол одан шығар жолды таба білу керек. Сол арқылы бала ойлау қабілетін артырады.

Дамыту ойындар баланың бойындағы өзін-өзі ұстау және жинақылыққа үйретеді. Бұндай ойындардың шарттары баланың  басқалардың ойындағы қателігін көріп өзі жақсы ойнай бастайды. Ақырындап ол дұрыс ойнап, ұстамды болып, әдептілік нормаларын ұғынады.

Дамыту ойынның екі аспектісі бар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет