Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен әдістемелер


«Отбасы суреті» әдістемесі



бет8/18
Дата20.04.2020
өлшемі152,72 Kb.
#63102
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Ойындар жинағы
Аналарға құттықтаулар, Аналарға құттықтаулар, 74 сабақ Батыр ата
«Отбасы суреті» әдістемесі

Баланың ішкі жан дүниесіне үңілгіңіз келсе, оның ойы мен уайымын білгіңіз келсе, 4-5 жастан бастап «Менің отбасым» суреттік тестін жасай аласыз. Балалар әлемді ересек адамдар сияқты қабылдамайды. Балалар түрлі эмоциялық күйлерін және уайымдарын сурет салу барысында көрсетеді.

Тесттің маңызы.

А4 форматындағы қағаз, қарындаштар (жәй қалам, қаламсап, өшіргіш бермеген дұрыс). Сыналушыға берілетін нұсқау: Сізге өзіңіздің отбасыңыздың суретін салуыңызды ұсынамын. Отбасына қандай мүшелер кіретінін айтпайсыз, сыналушы өз еркімен салады. Сурет салып болған соң, балаға: кім қайда орналасқан, отбасы мүшелері немен айналысып жатыр, кімнің көңіл-күйі қандай – деген сұрақтар қойыңыз.

Сурет салмас бұрын:

· Баланың көңіл-күйіне көңіл бөліңіз. Отбасындағы болған жанжалдан кейін бұл жұмысты жасамаңыз. Себебі, бала дәл сол уақыттағы көңіл-күйін салады.

· Сурет салу барысында балаға кедергі жасамаңыз, дегенмен, баланың сурет салудағы көңіл-күйін бақылаңыз.

· Сурет салу барысында баланы түземеңіз («Сен әкеңді салуды ұмыттың», «құлақ, көз салмадың»).

· Тесттің нәтижесін балаға айтпаңыз. Бұл сіздің анықтамаңыз үшін қажет. Яғни, алдағы жұмысыңызды жоспарлау үшін.

· Нақты жауап алу үшін суретті 3-4 рет, арасына бірнеше күндер өткізіп салғызыңыз, суретте үнемі салатын жайттарға көңіл бөліңіз.

· Суретті талқылау барысында, интерпретатордың бағыттылығына көңіл бөліңіз.

Интерпретация жасаудың ережелері.

1. Сурет салып болғаннан кейін, «қай жерде кімнің орналасқаны және кім немен айналысуда» деп сұраңыз.

«Ағамды салуды ұмытып кетіппін», «әкем симай қалды» деген сынды сылтаулардың маңызы жоқ. Егер отбасы мүшелерінің біреуі суретте салынбаса, ол мынаны білдіреді: сол адамға деген жағымсыз, эмоциялық күйді сезіну. Мысалы: кіші інісін қатты қызғану, баланың ойы бойынша: «Мен інімді жақсы көруім керек, ал ол менің ашуыма тиеді, бұл дұрыс емес. Сол себепті, оны мүлдем салмағаным дұрыс». Суретте салынбаған кісіге, бала ешқандай эмоциялық сезімдерді сезінбейді.

2. Суретте автордың өзінің болмауы.

Жақындарымен қиындықтардың болуы: «Мені мұнда ешкім елемейді», «Мен өзімді шектетулі сезінемін», «Маған өз отбасымнан орын табу қиын». Бала отбасынан алшақтай түседі: «Мені отбасы мүшелері қабылдамайды, солардың қалауы болсын».

3. Суретте – ойдан шығарған отбасы мүшесінің салынуы.

Бала отбасында алмаған сезімді толықтырғысы келеді. Балалар жиі (құстың, жануарлардың) үйде тұрмайтын жануарлардың, құстың суретін салады, олар

ата-аналары бермеген махаббатты, көңілді қажет етеді. Біреуге қажетті болуды сезінгісі келеді.

4. Суретте салынған кейіпкерлердің көлемінің көрсеткіші.

Бала үшін олардың құндылықтарын көрсетеді. Баланың көзқарасы бойынша, адам беделді болса, ол үлкен болып салынады. Кішкентай балаларға көп жағдайда, өзінің кейіпкерін салуға берілген парақ аздық көрсетіп жатады.

5. Парақ бетіндегі баланың көлемі.

Егер бала өзін кішкентай көлемде салатын болса, ол баланың өзіндік бағалауының төмендігін білдіреді немесе ол бала өзін отбасында ең кішкентай адам ретінде сезінеді. Өзіндік бағалауы жоғары балалар, өздерін ата-аналарынан да үлкен етіп салады.

6. Суретте баланың орналасуы, отбасындағы баланың жағдайын білдіреді.

Бала ата-анасының ортасында немесе өзін бірінші салса, ол отбасында өзін қажетті сезінеді. Егер бала өзін бөлек немесе өзін соңында салса, бұл қызғаныштың, қолайсыздықтың белгісі.

7. Суретте салынған кісілердің арақашықтығы, олардың өзара жақындығын немесе керісінше алшақтығын білдіреді.

Кейіпкерлердің арасы алшақ болған сайын, олардың өзара қарым-қатынастары түрлі жаққа бағытталған. Егер бала отбасы мүшелерінің қолынан ұстап тұрса, ол баланың барша отбасына жақындығын көрсетеді.

8. Отбасындағы мүшелерінің реттік орналасуы.

Бала көп жағдайда бірінші өзін салады немесе отбасындағы өзіне жақын, беделді адамды салады. Ең соңында салынған адам, беделі төмен адам болып саналады (бұл баланың өзі болуы мүмкін).

9. Парақ бетіндегі бейнелердің орналасуы.

Суретте кімнің жоғары немесе төмен орналасқанын байқаңыз. Мысалы, парақтың ең жоғарғы жағында теледидар, алты айлық қарындасы орналасатын болса, баланың ойы бойынша олар отбасын басқарады.

10. Балада көп қобалжуды тудыратын кейіпкер немесе зат.

Егер бала сурет салу барысында қарындашты күшпен басып, қатты штрихтайтын болса, ол қорқыныштың белгісі.

11. Дене мүшелері.

· Бас мүшесі. Бұл – дене мүшесінің ең маңыздысы және құндысы. Ақыл-парасаттың барлығы – баста. Отбасындағы ең ақылды адамның басын бала үлкен қылып салады.

· Көз. Тек қарап, бақылау үшін ғана емес, сонымен қатар, адамның көңіл-күйін көрсетеді. Көзі үлкен адамдар, баланың ойынша қобалжулы, мазасыз, көмекке мұқтаж адам болып табылады. Нүктемен немесе сызықшамен белгіленген көзі бар адам, көп жағдайда өзінің эмоциясын сыртқа көрсете бермейтін, тұйық мінезді адамдар.

· Құлақ. Бұл – өзің жайлы кез келген ақпарат пен сынды естіп, қабылдайтын мүше. Құлағы үлкен адамдар суретте бейнеленсе, бұл адамдар айналасындағыларды тыңдайтын адамдар. Егер кейіпкер мүлде құлақсыз болса, ол айналадағыларды тыңдамайтын, барлығына қарсы шығушы адам.

· Ауыз. Суретте ауыз – шабуыл жасаушы мүше, ауызбен адамдар ұрысады, агрессиясын білдіреді, ренжітеді, тістейді. Ауызы үлкен немесе штрихталған кейіпкер қауіпті болып табылады. Егер кейіпкерде мүлде ауыз болмаса, ауыз нүктемен немесе сызықшамен сызылған болса – ол адам өзінің сезімдерін жасыратын, сөзбен айтып жеткізе алмайтын, өзгелерге әсер ете алмайтын адам болып табылады.

· Мойын – бастың сезімді бақылай алатын мүшесі болып табылады. Суреттегі мойны бар кейіпкер өз сезімін басқара алатын адам (бұл жиі үлкен адамдар).

· Қол. Қолдың іс-әрекеті – қосылу, өзге адамдармен байланысқа түсу, іс-қимыл жасау. Қолында көп саусақтар бейнеленген кейіпкер, күш-қайраты мол болып табылады. Ұзын қол – өзара байланысқа жылдам түскіш адамды білдірсе, қолы қысқа адам – әлсіз, шешім қабылдай алмайтын, қарым-қатынасқа тапшы адамның бейнесін білдіреді.

Аяқтар – жүру үшін, қорғаныш үшін, еркін қимылдау үшін қажет. Аяқ кең жағдайда орналасқан сайын, кейіпкер жерде нық және сенімді тұрады. Оң аяқ – отбасынан алшақтық, сол аяқ – отбасына жақындықты білдіреді.

12. Суреттің түстері – адамның сезімдерін білдіреді.

Отбасындағы жақсы көретін адамдарын бала ең сүйікті түстерімен бояйды. Ал сүйкімсіздерін күңгірт түстерге бояйды. Ашық түстер көңіл-күйдің көтеріңкі екенін білдірсе, күңгірт түстер қобалжу, қорқыныш, жайсыздықты бейнелейді. Көп жағдайда бүлдіршіндер аналарын қызыл көйлекте, әшекей бұйымдармен бейнелеп, өз махаббаттарын көрсетіп жатады. Сүйікті адамдарының бәрін, бала сәнді етіп бейнелейді.

13. Егер бала тек өзін ғана бейнелейтін болса, ол өзін отбасы мүшесі ретінде сезінбейді. Баланы отбасында шектетеді, ол отбасында өзін жайсыз сезінеді. Бала өзін кішкентай, бұрышта тығылып тұрған бейнесін салуы мүмкін. Дегенмен, егер баланың өзіндік бағалауы жоғары болса да, ол тек өзін ғана бейнелейді. Ол өзін өте сәнді етіп салады.

14. Суреттегі күннің бейнесі – қорғаныш пен жылулықтың белгісі. Бала мен күннің арасында тұрған адамдар мен заттар, жылулықты сезінуге кедергі жасаушылар.

15. Ұсақ-түйек заттардың бейнеленуі (түйме, орамал) бала білмейтін құпиялар мен шектеулердің барын білдіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет