Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен әдістемелер



бет11/18
Дата20.04.2020
өлшемі152,72 Kb.
#63102
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Ойындар жинағы
Аналарға құттықтаулар, Аналарға құттықтаулар, 74 сабақ Батыр ата
«Жүретін орындықтар» ойыны

Мақсаты: топпен біріге жұмыс істеуге ынталандыру, кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Ойын барысы: Ойынға 3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай жылжиды, ойында бірі біріне бөгет жасамай, итермей, музыканың қарқынына қарай бірде баяу, бірде жылдам қозғала отырып, белгіленген межеге жетулері керек. Кім басқаларды итермей, межеге бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.


«Суретті аяқта» ойыны

Барысы: Оқушыларға плакатқа немесе тақтаға сурет салу ұсынылады. Әр оқушы бір бірінің ойын түсініп, кезек-кезек шығып, суретті жалғастыру. Соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі салған суретпен нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.



«Төрт өлең» ойыны

Мақсаты: есту талдағыштарымен байланысты қозғалу талдағыштары дамиды.

Барысы: Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші алдын ала келісіп алады: «жер» сөзі айтылса барлығы қолдарын төмен түсіреді, егер «су» сөзін айтса, қолдарын алға көтереді, «ауа» сөзі айтылса қолдарын жоғары, «от» сөзін айтса қолдарының саусақ буындарын айналдырады. Кім қателессе, сол бала жеңілген болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет