Барлық оқушы үшін: Жобаны құру, сақтау және ашуды біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Жобаның скриптіне қарап кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.
Кейбір оқушылар үшін: ***. Блоктар тізімін атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
Ширату тапсырмасы: «Күн! Тас! Қоршау!» ойыны. Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған.
Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.
«Шаттық шеңбері» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып, үш топқа бірігеді.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
«Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі
Компьютерде ақпаратты қалай ашуға және сақтауға болатындығын білесің бе?