«Бағдаршам» ойыны
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін және тілін дамыту.Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктер: қызыл,жасыл түсті дөңгелектер және суреттер.
Ойын барысы: Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді.Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады,бала сөздердің дұрыс атауын естісе,жасыл дөңгелекті көтереді.
Ал қате болса-қызыл түсті дөңгелекті көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп,балалармен бірге әр сөзді қатты,жай және анық қайталап айтуы тиіс.Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.
Қыз
|
Мала
|
Тасқыр
|
Сауырсақ
|
Мыз
|
Зала
|
Насқыр
|
Тауырсақ
|
Тыз
|
Бала
|
Басқыр
|
Бауырсақ
|
Шыз
|
Кала
|
Қасқыр
|
Сауырсақ
|
«Қалалар» ойыны
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
С
|
З
|
Ы
|
Л
|
А
|
Е
|
У
|
А
|
Т
|
Қ
|
Ы
|
П
|
А
|
Р
|
Д
|
А
|
Н
|
А
|
А
|
Р
|
А
|
В
|
А
|
Қ
|
Т
|
А
|
Р
|
О
|
Р
|
Ғ
|
Л
|
О
|
Д
|
С
|
Т
|
А
|
Л
|
А
|
А
|
П
|
Д
|
Ы
|
А
|
Р
|
З
|
Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
«Жалғасын тап» ойыны
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы бітеді
Ә) Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан
В) Жері байдың ел
Г) Ақыл дос, ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е) Адам деген- елі бай
«Тапқыш» ойыны
Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.
Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.
Қ
|
Ы
|
Б
|
Е
|
С
|
О
|
Қ
|
Ы
|
А
|
Й
|
Д
|
Ы
|
І
|
Ш
|
К
|
Д
|
Л
|
С
|
Ы
|
Н
|
Д
|
Ы
|
Ө
|
Ы
|
А
|
А
|
Р
|
Ы
|
П
|
П
|
К
|
С
|
Ж
|
А
|
З
|
Б
|
И
|
І
|
К
|
Н
|
Қ
|
Т
|
А
|
Й
|
С
|
Е
|
Г
|
І
|
О
|
Қ
|
Р
|
Ә
|
П
|
К
|
Е
|
З
|
Н
|
А
|
А
|
Т
|
Ы
|
Р
|
Н
|
А
|
Зат есім : қонақ, …
Етістік: оқыды, …
Сан есім: он,…
Сын есім: көк,….
«Түстер» ойыны
Балаға кез келген түсті айтыңыз. Мысалы, күлгін дейік. Ол бөлме ішінде жүгіріп, барлық күлгін түсті нәрсені ұстауы керек. Сіз ешқандай күлгін нәрсе қалып қоймауын бақылаңыз. Одан кейін баланың есте сақтау қабілетін тексеріңіз. Жаныңызға шақырып, ұстаған барлық затын атап беруін сұраңыз. Баланың алдына түрлі-түсті қарындаш не фломастер қойыңыз. Оған бұл қарындаш емес, көңілді адамдар не сөйлейтін нәрселер деңіз. Ол қарындаштарының атынан сөйлеуі тиіс. Мысалы, қызыл қарындаш: мен – алмамын, сары қарындаш – мен бананмын, жасыл қарындаш – мен жапырақпын, көк қарындаш – мен бұлтпын деген сияқты айтуы керек.
«Белгісіз сөз» ойыны
Бұл ойын балаға белгісіз сөздерді есте сақтауға, түсінуге көмектеседі әрі әртістік қабілетін шыңдайды. Оған бір сөйлемді әр түрлі тәсілмен айтуды тапсырыңыз. Мысалы: «Мен шұғыланың кереметін көрдім» деген сөзді:
Көңілді;
Қатты дауыстап;
Жай;
Мұңды;
Әндете;
Сыбырлай;
Әр сөзді үзіп-үзіп айтуды ұсыныңыз.
«Белгісіз жануар» ойыны
Жүргізуші оқушыға кез келген жан-жануардың атын жасырады. Бала сұрақ қою арқылы жасырылған жануарды табуы керек. Жүргізуші сұраққа тек «иә» не «жоқ» деген жауап береді. Мысалы, «Ол шөп жей ме?», «көлемі үлкен бе?», «адамдар одан қорқа ма?» деген тәрізді сұрақтар қойып, жауабын тапқанша жалғастыра береді.
Адамның күнделікті өмірінде кездесетін ақпарат көлемі төрт жыл сайын көбейіп отыратыны дәлелденген. Оқушылар күнделікті сабақта, интеллектуалды және шығармашылық шараларда, теледидардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңа мағлұматтар алып отырады. Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларында әсерлі есте сақтаудың дағдылары қалыптасып, есте сақтау қабілеттері дами түседі. Сондықтан бұл ұсынылатын жаттығулар мектеп психологтары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегін тигізеді.
«Жоғалған зат» ойыны. Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соң, теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алып тасталынады. Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек. Заттардың санын ақырындап өсіруге болады.
«Мен 10 заттың атауын білемін…» Бұл топтық ойын. Оқушылар шеңберге отырғызылады. Допты шеңбер бойынша бір-біріне бере отырып, әр оқушы бір сөзден айтады: «Мен… ағаштардың… 10… атауын… білемін… қайың – бір, самырсын – екі, емен – үш» деп ары қарай жалғастырады. Жалғастыра алмаған оқушы ойыннан шығады. «Қайтала» сіріңке шиімен ұйымдастырылады Бұл ойынды оқушылар жұптарымен ойнайды. Әр балаға сіріңкенің 6 шиінен беріледі. Екеуінің біреуі сол шилерден қандай да бір затты құрайды. Екіншісі бірнеше секунд көлемінде қарап алады да, оны қайтадан жасауға тырысады. Содан кейін оқушылар орнын ауыстырады, екіншісі көрсетеді, біріншісі қайталайды.
«Сөздер тізбегі» ойыны Оқушылар шеңберге отырғызылады. Бірінші оқушы кез-келген бір заттың атын атайды. Мысалы: «ірімшік». Екіншісі алдыңғы айтылған сөзді атайды да, өзі бір сөз қосып айтады. Осылайша жалғаса береді. Әрбір келесі ойыншы алдында айтылған барлық сөзді ретімен атап шығады да, өзінің сөзін қосып отырады. Кім шатасады, сол ойыншы ойыннан шығады. Ал ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.
«Есте сақта және тап» 3-4 картинада берілген суреттерді есте сақтап, оларды атау қажет. Содан соң балалар сол бейнелерді 10-12 дана ұқсас суреттердің арасынан табу керек. Бұл жаттығуды сандар мен әріптерден де жасауға болады. Ол үшін арнайы әріптер мен сандар кассасын пайдалануға болады.
«Шатаспай есте сақта» Әр баланың алдына әртүрлі заттар бейнеленген 10-15 карточка қойылады (алма, троллейбус, шәйнек, ұшақ, қалам, машина, ат, әтеш т.б.) Психолог: «Қазір мен сендерге бірнеше сөздерді атаймын. Алдыңдағы суреттерге қарап, мен айтқан сөзді есте сақтауға көмектесетін бір затты таңдап ал да, оны бөлек жерге қой», — деп нұсқау береді. Бірінші сөз оқылады. Бала алдындағы суреттен таңдаған соң, екінші сөз және ары қарай осылайша оқылады. Бала психолог айтқан сөзді қайталап, өз заттарының ішінен байланыстыратын суретті алып, есінде сақтауы қажет. Мысалы: өрт, зауыт, сиыр, орындық, әке, отыру, мейірімділік т.б.
«Қиял арқылы сөздерді есте сақтау» Балаларды логикалық байланысы жоқ сөздерді есте сақтауға үйретеміз. Сөздер: ағаш, үстел, буғыш, себет, тарақ, сабын, кірпі, өшіргіш, кітап, күн. Осы сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру қажет. «Көз алдарыңда әдемі жасыл ағаш өсіп тұр деп елестетіңдер. Ол тақтаға қарай өсе бастады, тақтадан төмен қарай аяқтары түсті, сонымен үстел пайда болды. Үстелге жақындай қарадық, үстелдің үстінен төмен қарай аққан шалшық су көрдік. Ол үлкен өзенге айналды. Өзеннің ортасында ожау пайда болды, одан ол себетке айналып кетті. Одан кейін себет жағаға ұшып кетті. Оған жақындап себеттің бір жағын сындырсаңыз, тарақ пайда болды. Оны қолыңызға алып шашыңызды тарай бастадыңыз, содан кейін басыңызды сабынмен жудыңыз. Сабын көпіршіктері ағып, кірпідей үрпиіп шашың қалды. Сізге өте ыңғайсыз, буғышты алып шашыңызды жинадыңыз. Буғыш буғанға шыдамай үзіліп жерге түсті. Жерге түскенде төңкеріліп, кітапқа айналып кетті. Кітап бетін ашсаңыз оның ішінен көзіңізге шағылысып күн түсті. Алдымен балалар біздің құраған әңгімені елестетуге тырыссын, содан кейін өздері (басқа сөздерді пайдаланып) құрап бір-біріне айтып дағдылансын. Қорытынды бөлімде біз сөздер тізбегін оқимыз, ал олар өз беттерімен байланыс құра отырып, тізбектеп айтылғандарды есте сақтайды.
«Кезек» ойыны Сурет, карточкаларды немесе қандай да бір затты кезекке тұрғызу. Мысалы, тіс дәрігеріне, шаштаразға. Балалар артқа қарап тұруын сұраймыз да, қандай-да бір затты алып тастап, қайтадан «Кім кезектен қашып кетті?» — деп сұраймыз. Қайтадан ары қарап тұруын сұраймыз, карточкалаардың орнын аууыстырып, «Кім кезегін шатастырып алды?» — деп сұраймыз. Содан кейін карточкаларды төңкеріп, «Көбелек қайда ұйықтап жатыр?», «Піл қайда ұйықтап жатыр?» және т.б сұраймыз.
«Шкафқа жасыру» ойыны Сірінкенің бос қорабынан шкаф жасаймыз. Ең қарапайым шкаф: үш қорапты бір-біріне жабыстыру. Ең күрделі шкаф: 6 қорапты тігінен орнатып және 5 қорапты жалпағынан орнату. Қандай да бір кішкентай затты, мысал үшін моншақты баланың көзінше кез-келген қорапшаға саламыз. Содан кейін шкафты айналдырып, балалардан сұраймыз: «Моншақ қай сөресінде жатыр?». Жаттығуды игеру үшін түрлі-түсті заттарды әр сөреге салуға болады. Сұрақтар: «Жасыл шар қай сөреде?», «Көк түйреуіш қай сөреде?» т.б.
«Басынан баста» ойыны Жұпсыз суретті карточкалар топтамасы жоғары алынады. Бірінші ойыншы карточканы алып ауызша атап, суретімен төмен қарай қояды. Екінші ойыншы келесі карточканы алып, бірінші карточканы атап, содан кейін өз карточкасын атап, бірінші карточканың үстіне қояды. Келесі ойыншы келесі карточканы алып, бірінші және екінші карточкаларды атап, өзінің алған карточкасын екінші карточкасының үстіне қояды. Осы ретпен барлық ойышы ойынды жалғастырып, есінде сақтауға тырысады. Ойынға екі не одан да көп ойыншы қатыса алады. Кім де кім карточка ретінен жаңылысса, ойыннан шығарылады.
«Түйме» ойыны Балалар жұптасып ойнайды. Олардың алдарында екі бірдей түйме жинағы жатыр. Әрбір ойыншыда өз ойын алаңы бар – ол тор көзге бөлінген текше. Ойынды бастаушы өз алаңына үш түйме тастайды, екінші ойыншы оны қарап, әрбір түйменің орналасуын есте сақтап қалуы керек. Осыдан кейін бірінші ойыншы өзінің алаңын қағазбен жасырып, ал екінші ойыншы өз алаңында бірінші ойыншының түймелері орналасуын бұлжытпай орналастырады. Ойында қаншалықты тор көз бен түйме көп болса, соншалықты ойын күрделене түседі.
«Алфавит» жаттығуы Алфавитті дұрыс және керісінше ретпен айтып еске түсіру керек.
«Қанеки, есіңе түсір!» Оқушыларға сұрақтар қойылады. Мысалы: «Бұл ғимаратта неше қабат бар?», «Дәліздегі перделердің түсі қандай?» «Бүгін Мәди не киіп келді?» т.б. Бәріне нақты жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл ойын бір жағынан баланың зейінінің артуына да көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |