Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#83543
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
бастауыш

 
 
 
 
 
 
 


31 
V «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» оқу пәндері бойынша
коммуникативтік тапсырмалар үлгісі 
Қазақ тілі

1. Оқушылар хайуанаттар бағына саяхат жасады. Мұғалім осы көргендері 


бойынша шағын шығарма жазу туралы тапсырма берді. Берілген жоспар 
бойынша шығарма жаз: 
1)
Хайуанаттар бағына саяхат; 
2)
Хайуанаттар бағындағы қызықтар; 
3)
Саяхаттың әсері. 
2. «Қарға» сөзінің семантикалық картасын жаса: ол аң ба, әлде құс па? Қайда 
тіршілік етеді, немен қоректенеді? Түрі, түсі жағынан қай құсқа ұқсайды? 
Қарға туралы жұмбақ, жаңылтпаш айт. 
3.
 
Анаң сені дүкеннен шомыр сатып әкелуге жіберді. Сен бұл көкөністің 
атын жол-жөнекей ұмытып қалдың. Қайткен күнде де кері қайтпай, көкөністі 
сатып алуың керек. Ол үшін сатушыға бұл көкөністі сипаттап бер: оның түрі, 
түсі, дәмі қандай, одан не жасауға болады? 
4. Наурыз мерекесі неліктен көктемде тойланады деген сұраққа жауап бере 
отырып, пайымдау мәтінін құрастыр. Өзің және парталасың жазған 
мәтіндерді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат. 
5. Достары Айдынды туған күнімен құттықтады. Ол қуанғанынан «рахмет, 
рахмет» дей берді. Оған өз ризашылығын, алғысын бұдан басқа қандай 
сөздермен жеткізуге болар еді? Айдынның орнында өзің болсаң қандай 
сөздерді пайдаланар едің? 
6. Атаңды не әжеңді құттықтағанда олар алғыстарын қалай білдіретіні 
туралы диалог құрастыр. 
7. Өлеңде леп белгісі туралы былай жұмбақталады: 
Қуану, ренжу, өкіну, 
Мақсатым – соны сездіру. 
Ұранды да айтамын, 
Қарқындап барып қайтамын. 
Басқа тыныс белгілерінің атқаратын қызметі туралы айт. 
8. Қала (ауыл) бөлігі көрсетілген картаның қалаған көшесі бойына өз үйіңнің 
суретін жабыстыр, дәптеріңе қай көшеде тұратыныңды жаз. 
9. Сыныптастарыңның алдында қай көшеде тұратыныңды айт. 
10. Үйіңе келген қонақтарға отбасылық альбомды көрсетіп отырсың. Өз 
отбасың туралы айтып бер, «Сенің отбасың тату ма?» дегендей сұрақ қойып, 
қонақ баланың отбасына баға бер. 
11. Жануарлар туралы ертегіні есіңе түсір, оларды атап шық. Жағымды 
кейіпкерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет