Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде педагогикалық технологияларды қолданудың Әдіс тәсілдері



Дата01.04.2017
өлшемі95,88 Kb.
#12919
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ

Заурбекова А.М, Измуханова Ж

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға - жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Бастауыш мектеп жасын психологтар көбінесе білімді меңгерудің, жинақтаудың, сіңірудің, жоғары қабылдаудың, зейінділіктің жасы деп санайды, яғни танымдық қабілеттерінің нағыз өркендейтін кезеңі деп айтады.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.

Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетін қоғамның мақсаты мен талап тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін әрекет бірлігін көзі екендігін қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, білімділік, дамытушылық сипатын, оқыту мазмұны мен жоспарын, бағдарламаның оқыту-тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б. нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық үдерісте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.

Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін терең білімділігімен қатар, шешендікпен, айшықты бейнелілікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білуі сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.

Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп, оқушылардың белсенділігін тудыруы үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:

а) дидактикалық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнның бағдарламаға сайлылығы, игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);

ә) дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатының айқындылығы, танымдық қызығушылығының, бастамашылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту);

б) тәрбиелік талаптың (тәрбиелік мақсатының нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру мамандығына сүйіспеншілігін арттыру);

в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы желдетілуі, оқу құралдарының, тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын жарық, мөлшерінің сақталуын, олардың сыртқы көрінісінің, көрнекі құралдарға, дәптерге жазуға қойылатын талаптар) сақталуын ескеру;

г) психологиялық талаптың (білімге ынталандыру) танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл-күйін тудыру, қабылдау, зейіннің ескерілуі;

ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі, ол екі кезеңнен тұрады:

I кезеңі: Сабаққа алдын ала дайындық. Күнтүзбелік жоспар негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.

II кезеңі: Пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау. Онда сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын одан сайын нақты білім көлемін анықтау, әдіс-тәсілдерін таңдау, сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын өздігінен істейтін жұмыстарды т.б. ескеру. Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс-тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту әдісін тандау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қорытындылау, жаңамен байланыстырады. Жадыға бекітуге арналған жаттығулар мен есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін таңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритімін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне (педагогикалық ептілігін, икемділігін шамамен сезе білу, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым-қатынасы) байланысты шешілетін мәселелер. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіңдік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, онын тұлғасын білім алуы арқылы дамуын қойып отыр.

Білім беру сапасы - қоғамдағы беру үдерісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашығын қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштің жиынтығын яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып табылады.

Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдісі. Сабақ білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін оқыту әдістерің алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне басшылық етеді.

Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері

Интерактивті тақтамен оқытудың әдеттегі оқыту айырмашылығы көп. Мұғалім қолданатын технологиялық құралдарға қарамастан, сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез келген сабақтын белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы менгеруге көмектеседі және өз білетіндеріне сәйкестендіруге септігін тигізеді. Қалыпты мектеп сабағын қазіргі сабағын педагогикалық және оқытудың ақпараттық технологияларын ескере отырып, интерактивті оқыту әдістерінің төмендегідей жетілу мүмкіндіктері бар:

1. Модельдерді жасау және көрсету, презентациялау.

Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, интерактивті тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсінуді анағұрлым жақсартуы мүмкін. Интерактивті тақта - сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық русурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқушылар мен оқытушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік бар сондай-ақ оқытушылар үшін абстрактылы ойлар мен концепцияларды түсіндіруді құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа обьектілерді жасауға, жылжытуға да тиімді, оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып, ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады.

2. Оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыру.

Сабаққа қатыстырып, қызықтыру интерактивті тақта қолдану есебінен ұлғаюы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды қызықтыруларды ұлғайтса, отырып қолданса оқытушылар үшін де оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталады. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған бұл сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады. Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптардағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалды барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.

3. Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту.

Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуы мүмкін.

Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын ала дайындап қолданылатын басқа ресурстарға қолдануға болады. Құрылымы сол бұрынғы – интерактивті тақтаны қолдануы, қолданбауы маңызды емес. Соңғы уақытта біз білімді ақпараттандыру туралы жиі естиміз. Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу. Өйткені, оның бірнеше артық тұстары бар:

• слайдтар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіншілігі бар және кез келген қосымшалардың әрі ресурстардың үстінен жазуға көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез келген жазуларды сақтауға оны басып шығаруға болды;

• түрлі тартымды ресурстарды қолдану арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады;

• ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіншіліктер туғызады;

• сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді;

• өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдалынған файлдарды сақтауға мүмкіндік береді.

Ауыл мектебінің бастауыш сатысында білім сапасын жетілдіру үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады:

- диалогтық: қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мұғалім-оқушы, оқулық-оқушы, оқушы-оқушы);

- эвристикалық: өз бетінше іздену, іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;

- зерттеу: объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау.

Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде ақпараттық баяндау технологиясынан іс-әрекеттік – дамытушы, баланың жеке сапасын кең салада қалыптастыру қажет. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіріп, оқушының танымдық, шығармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бастауыш сатыдағы баланың жетекші іс-әрекеті оқу әрекеті. Олардың даму ортасы құрбыларымен пікірлесу, мұғалімдермен тәрбие - білім алу, түрлі кітаптарды оқу болып табылады. Олардың даму мақсаты өзін қоршаған ортаны танып, білу. Баланың қызығушылығын арттыру үшін: назарын аудару, еліктету, білімге ұмтылу, өзіне-өзі сенімді болу, тең қарым-қатынас жасау қажет. Бастауыш сатыда жетекші іс-әрекет: пәндік, ойын, оқу, қарым-қатынас, бейімделу. Мұнда білім, білік, дағды бірінші орында. Базалық деңгейде меңгеру – ойға тоқу, қолдану қажет. Баланы шектемей, оған еркіндік беру керек. Сонда оның ой-өрісі дамиды. Бала тез сөйлесе, оның дамуы тез болады. Ол оқу материалын тез меңгереді.



Тиімді сабақтар негізі жүйесіндегі педагогикалық технология (А.А.Окунев). Жақсы сабақ – ол сұрақ, күмән, қуаныш, жаңашыл ашу сабақтары. Оның шаттары:

- теориялық тапсырмалар жоғары деңгейде берілуі керек, ол жауабы – қабілетіне қарай;

- оқытудың оқу - тәжірбиесіне байланысты;

- алған білімдерін түрлі жағдайда пайдалану;

- білімді түсінудің оңайлылығы;

- оқушы өзінің мүмкіншілігіне қарай жұмыс істеу;

- мұғалім дарындылығы сол мүмкіншілігін көру;

-қиындық дәрежесін дұрыс анықтау;

- оқытудың саналылығы: оқушы нені оқығанын білу.

Сабақ технологиясының негізгі ерекшеліктері:

- оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын құру және қолдану;

- сабақ уақытын үнемді және мақсатты пайдалану;

- оқытудың сан түрлі әдістері мен құралдарын пайдалану;

- оқушылардың ой жүгірту әрекетін және тренинг ойын тәсілдерін қалыптастыру;

- оқушылардың жеке азаматтығын дамыту және қалыптастырудағы өзін-өзі басқару құралы;

- мұғалімдердің және оқушылардың жоғары деңгейдегі азаматтық қарым-қатынасы;

- оқушылардың сабақта алған білімі, іскерлігі және дағдыларының көлемі мен бірлігі;

Сабақтың басталуын ұйымдастыру тәсілдері (міндеті: назарын аудару сабаққа бейімделуін ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету):



  • берілген тапсырманың шешуі тек қана балалардың өмірден алған тәжірбиесімен іскерлігі арқылы шешіледі;

  • тапсырмаларды еске сақтауға, байқағыштыққа заңдылықтарды ізденуге бағытталады;

  • ішінде дұрыс, дұрыс емес жауаптары бар тапсырмаларды шешу;

  • жауабы дайын тапсырмалар беріліп, балаға шешімдерін табу;

  • берілгені бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, түрлі тәсілдермен шығару жолдарын талқылау;

Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушылардың өз күшіне өздерінің сенуін тәрбиелеу, жолдастарымен, оқытушыларымен қарым-қатынас жасауда
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Тауабаева Ш.Т, Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.- Бастауыш мектеп.-№3,1999

2.Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. –Алматы, 2007.

3.Беспалько В.П., Беспалько Л.В. Педагогическая технология: Новые методы и средства обучения.



4.Ф.Б.Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014

Кілт сөздер: ұрпақ, жеке тұлға, дамыту, білім, іскерлік, қызығушылық, ынта, әдіс-тәсіл, жаңа педагогикалық технология.
Аннотация: Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде педагогикалық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері, жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен міндеттері, жолдары, мәселелері негізінде оқушылармен жүргізілетін жұмыс бағыттарын анықтау және әдістемелік жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін мазмұндау мәселелері қарастырылған.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет