Бастауыш сынып оқушыларының Қимыл-қОЗҒалыс дағдыларын ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу ерекшеліктері



Дата23.05.2017
өлшемі105,21 Kb.
#16729
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Иманбетов А.Н. п.ғ.к., доцент

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

Қарағанды қаласы, Қазақстан
Есенжолова Н.К.

81 орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды қаласы, Қазақстан
Резюме

В статье даны широкие сведения об особенностях проведения национальных подвижных игр, проводимых с учениками начальных классов и широко описаны их содержание. А также рассказывается о роли национальных игр в воспитании ребенка.
Rezume

The article provides extensive information about the features of the national moving games, conducted with scientists of primary school and was widely described its content. As well as there was described the role of the National Games in the child's upbringing.
Бастауыш сынып оқушыларының денесін шынықтыруды ұлттық ойындар арқылы іске асыру күрделі педагогикалық маңызды әрекет болып табылады. Біз өз мақаламызда бұл мәселені төмендегідей жолдармен шешу бағыттарын қарастырамыз. Бұл бағыттар балаға қажетті барлық қозғалыс дағдыларын жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу, лақтыру, тепе–теңдікті сақтауды ұлттық ойын элементтерін енгізе отырып үйрету болып табылады.

Зерттеу жұмысын алдымен жүгіру дағдысын қалыптастыруды ұлттық ойын элементтері арқылы үйрету жолдарынан бастадық.

Қозғалыс түрлерінің ішінде жүгіру, оқушылардың табиғи жақсы көретін қозғалыс түрлерінің бірі болып табылады. Балаларды жылдамдыққа жүгіру, алысқа төзімділікке жүгіруге қарағанда мейілінше бағалы болып саналады.

Жүгіру баланың бүкіл ағзасына жалпы физиологиялық өсуіне әсер етеді, негізінен алғанда, жүрек пен өкпенің дамуыына өте пайдалы жаттығу болып табылады. Бала жүре бастаған кезеңінен бастап жүгіріп ойнауға дағдылана бастайды. Балалардың жүгіру барысында бір қалыпты ырғалып қозғалыс жасай алмай, бар денесімен екі жақ бүйіріне теңселе қозғалып, жүгіру барысында ұсақ, кішкентай адымдар жасап аяқтарын тізеден бүгіп, табанын ішіне қарай қайырып, жерді табанымен ауыр басып жүгіреді [1].

Баланың жүгіру жылдамдығы әр түрлі болып келеді, олар жүгірудің бастапқы кезеңінде бар күштерін салып жылдам жүгіруге тырысады да соңынан бастапқы жылдамдықтарын азайтып алады, жүгіру алыстығы мардымсыз аз болып келеді. Жүгіру барысындағы аяқ пен қолдың үйлесімділігі айтарлықтай үндестікте жұмыс жасайды.

Баланың табиғи шынайы жүгірісі ойын үстінде жақсы көрініс береді. Балаға жүгіруге арналған ойындарды ұсынғанда жүгірудің сапасына мән бермеу керек, әр бала өзіне қалай ыңғайлы солай жүгіруі қажет. Осы оқитын балаға үйрететін ұлттық ойын барысында жүгіру ойындарына оқушыларды кезек пе кезек, бір-бірлеп жүгіртпей, қолдан келгенше барлығын бірдей жүгіртіп ойнатқан тиімді болып келеді.

Жүгіріп ойнағанда балалар бір-бірімен соқтығысып қалмаулары оларды бір бағытта, барлығы бірдей бір сәтте жүгірткен ойындарды таңдаған жөн. Мысалы «Жаяу көкпар», «Қоян» ойындары.

Ұлттық ойын «Жаяу көкпар». Бұл ойынға барлық бала бірдей қатысады. «Көкпар» ойыны халық ішінде кең тараған ойындардың бірі. Ойнайтын баланың жасы ескеріліп «Көкпар» ойынын төмендегідей тәртіппен ойнаған тиімді. Бірінші, оқушылардың жүгіру бағыты түзу, әркім өз бағытына қарай бір-біріне кедергі жасамай тура жүгірулеріне көңіл бөлінулері қажет. Әр бала қолдарына кубиктер немесе ұстауларына қолайлы заттар алады. Балалардың мақсаты қолдарындағы заттарын қарсы беттегі 15-20 м алшақтықтағы сызылған сызыққа жетіп заттарын сызық бойына қоюлары керек. Кім бірінші болып сызыққа жетсе сол жеңімпаз болып саналады.

Екінші түрі. Балаларды екі-екіден жұпқа бөледі. Әр жұптың жүгіру бағыттарына қарай 2-3 м жерге қолдарына ұстауға қолайлы заттар қойылады. Дене шынықтыру пәні мұғалімінің «Көкпар» деген белгісінен соң, екі бала өздерінің алдыларына қойылған затқа қарай жүгіре жөнеледі, қай бала бірінші затқа жетіп алса сол бала алдындағы 15-20 м жерде сызылған көмбеге жетіп затын қоюы керек. Кім бірінші болып жетсе сол жеңген болып саналады. Ойын бірнеше рет қайталанылады.

Секірудің барлық түрлері балалардың ең бір қызық көретін жаттығуларының бірі. Секірулер аяқтың және дененің бұлшық еттерін дамытып, нығайтады, тыныс алу мен қан айналымы жүйелерінің әсіресе жүгіріп келіп секірулер қызметін жақсартады [2].

Балалардың секіру дағдасы жақсы қалыптаса бастайды, бірақ бір сәтте екі аяқты қосып жерден секіруді бәрі бірдей меңгеріп кете алмайды. Көпшілік баланың алға қарай ұмтыла секіру әрекеті жәй, көбіне екінші аяқпен серпіліп бір аяқты көтеріп адымдауға алып келеді.

Секіру барысында қол белсенді пайдаланылмайды. Секіру жаттығулары арқылы ойналатын ойындар сәтінде көптеген қол–аяқ бұлшық ет байланысы мен күрделі қозғалыс реттеулері жұмыс жасайды. Бірақ бастауыш сынып оқушыларында бұлшық ет байланыстары әлі әлсіз жетілген, әлі қалыптасу үстінде. Баланың табаны қажетті серіппелік қасиетіне ие болған жоқ, сондықтан да олар секру сәтінде де бар салмақты табанға салып жерге аяғымен тіке түседі.

Секіру сәтінде қатты түскен балада ұнамсыз сезім қалыптасып, дұрыс секірмегеннің нәтижесінде аяқтың майтабан болуы мүмкін. Сондықтан да балаға оңай қолынан келетін тізе буыны мен аяқ бұлшық етін, бел омыртқасын қатайтатын дұрыс пайдалы секіріп ойнайтын ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын мұқият жете таңдап алып үйрету қажет.

Ең дұрысы балаға бір орында тұрып ұзындыққа секіріп, ұлттық ойын тәсілдері мен жаттығуларды имитациялық сипатта жүзеге асыртып ойнатқан тиімді. Мысалы: «Жүрелей секіру» ойынында жүресінен отырып секіру, «Арынды арқан» ойынындағы екі аяқпен қосарлап секіру, «Түйе мен бота» ойынындағы түйе мен бота болып секіру тағы да басқалары. Мұндай сипаттағы ойындар балаға өте қызықты болып келеді, бала жерге жеңіл секіріп жерге жұмсақ қонуға ұмтылады, себебі олардың бар ойлары секіруде емес, ойын барысындағы бота образын орындауда тұрады.

«Жүрелей секіру» ойынының 1 түрі. Бұл ойын балабақша ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушы балаларды екі топқа бөлеміз. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденеі сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдында тұспа – тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады. Әр топтан екі – екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады.

Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек. Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен кезде, келесі ойыншы жарысты әрі қарай жалғап әкетеді.

Ойын барлық оқушылар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс сәтінде әр ойыншыға бір ұпай саналады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімі белгі берген кезде, екі- екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек [3].

Бұл ойын баланы төзімділікке, денесін шымыр етіп өсіруге әсерін тигізеді. Ойынды көрсетіп тұрған дене шынықтыру пәні оқытушысы қозғалыстың орындалу үлгісін, яғни қалай дұрыс секіру керектігін көрсетеді. Ойын барысында оқушылар 10-15 рет бәрі бірге секіреді, бірақ әрқайсысы жеке өз қарқын екпін ырғағын сақтайды.

Балалармен жұмыс жүргізу барысында байқағанымыз балалардың еңбектеп өрмелеуге деген құлшыныстарының жақсы екендігін байқауға болады. Ұстаз ұлттық ойындардағы еңбектеу элементтерін пайдалана отырып балаларды төрт тағандап, тізесі мен алақанына күш сала қозғалуын үйретеді. балалар аяқ пен қолдарын кезекпе кезек үйлесімді қозғауды, немес екі қолды бірден алға жіберіп соған сүйене отырып екі аяғын бір мезгілде алға тартып алуды үйренеді. Еңбектеу элементтері бар ұлттық ойын түрлеріне барлық бала бірдей қатысып, бір мезгілде еңбектеп жұмыс жасағаны дұрыс. Мысалы, «Қара сиыр» ойынын еңбектеп ойнау барысында ойынға барлық бала толықтай қатынаса алады. Бұл ойынды далада арнайы төсеніштер (гимнастикаға арналған кілем мен күрес түрлеріне арналған кілем) үстінде ойнатады.

Біз өз жұмысымызды осы ойынға еңбектеу элементін қосымша енгіздік. Топтағы бар балалар екі топқа бөлінеді. Ойынға қажетті ойын құралы өңі қара малақай немесе қара ойыншық «сиыр», «аю» немесе басқа ыңғайлы жеңіл затты да алуға болады. Ойынға қатысатын балалар бір шеңбердің бойында айнала қоршап төрт тағандап, екі көзін жұмып тұрады.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі тапсырмасымен көмекші шеңберден шығып, тығуға әзірленген затты алып жасырады. Ойынға қатысып тұрған балалардың міндеті сол жасырған затты еңбектей жүріп іздеп табу. Егер тығылған зат табылса, дене шынықтыру пәні нұсқашысы ойынға қатысушылардың барлығына естірте дауыстап жариялайды. Барлық баланы табылған заттың төңірегіне жинайды. Затты тапқан ойыншы өз затын қорғайды, ал қалғандары оны алдап, көңілін басқа нәрсеге бұрып әлгі затты алып кетуге тырысады. Затты кім алатын болса, сол затты тығушы қызметін атқарады да, қалғандары қайта шеңбер бойына жиналып, көздерін жұмып, еңбектеп тығылған қара сиырды іздейді. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. «Қара сиыр» ойыны баланың білек бұлшық етіне күш түсіріп, денесін жаттықтырады.

Еңбектеу элементі қосылған «Қара сиыр» ойынын ойнау кезінде денені еңбектеу кезінде керіп ұстау қозғалысы сипатында болады, мысалы еңбектеп бара жатқан екі қолын созып іздеген затын алу, педагогтың қолындағы ойыншықты созылған қол деңгейінен жоғары тікейіп бару элементтерін қосып орындатуға болады.

Бала үшін бір заттың үстінде еңбектеп немесе өрмелеп ойнайтын қимыл–қозғалыс ойындары күрделі тапсырма болып табылады. Оларды өзіне сенімсіз құлап кету қорқынышы басым болады. Жоғарыға өрмелеп ойнауы үшін халық ойыны «Қосқұлақты» - ты жаттығу элементтерін қосып, ыңғайлап аламыз.

Ойын барысында ұршық допты жерден көтеріп лақтырмау керек. Затты немесе допты жоғары лақтырып, қағып алатын ойындарды дара жекеленген ойын түрінен бастап үйреткен жөн. Лақтырып немесе қағып алып ойнайтын заттар балалардың өздері еркін таңдап алуларына мүмкіндік берген дұрыс. Бала өзіне сенімді болып қолындағы затты немесе допты қолдарымен ұстап үйренгеннен кейін дене шынықтыру пәні нұсқаушысы оларды жинап, ұсақ топтарға бөліп ойын ұйымдастырады.

Бір–біріне 0,5-1 метр аралығында азғантай қашықтықтан лақтырған допты оқушылар қағып алып, қайтадан кері қарай лақтырады. Бұндай жаттығу ойындарында дене шынықтыру пәні нұсқаушысы баланың алға созылған қолына допты дәл түсіру мақсатында қойылатындығын айтады, көрсетеді. Дұрыс орындау нәтижесі баланы қуантып, қимыл–қозғалыс жаттығуларын ойын арқылы тағы да қайталауға дем береді, көңіл-күйлерін көтереді. Дене шынықтыру пәні нұсқаушысы баланың тапсырманы дұрыс орындағанын мадақтап отыруы шарт. Баланың ойын барысында берілген тапсырманы орындауда нақты нысанаға лақтырғаннан, алысқа мақсатсыз лақтыруды орындаулары жеңілірек тиеді. Жаттығудың бұл түрі лақтыру ойындарында жиі қолданылады. Балалар өз ыңғайы бойынша затты қолымен лақтырғанды ұнатады. зат лақтырып ойналатын ойындарда қос қолды жұмыстандырып, жиі–жиі затты екі қолымен немесе бірінші оң қолымен, сосын сол қолымен жұмысты бірдей дәрежеде орындатуды әдетке айналдыру қажет.

Әр түрлі тапсырмаларды тұрақты орындату мысалы, екі немесе бір қолымен допты қабырғаға ұру, затты белгіленген жерге тастау, қақпаға немесе ашық тұрған сандыққа лақтыру, басынан затты асырып тастау, кеудесінен лақтыру төменнен жоғары лақтыру, отырып лақтыру жаттығуларын меңгеруін жақсартады.

«Сандық толтыру» ойынында оқушылар аузы ашық бос сандықты нысана ретінде алып, алыстан 3-4 рет қатарынан сандық толғанша құм салынған кішкентай қапты, болмаса допты, немесе жұмсақ ойыншықтарды дәлдеп лақтырады. Ойын шарты бойынша кім сандықты ең аз уақытта тез толтырады сол бала жеңімпаз болады. Бұл ойынды бір сәтте бірнеше баламен ойнаған тиімді болып келеді.

Жыл басында балалар бірін-бірі танымайтын, бір – біріне үйренбеген кезде дене шынықтыру пәні нұсқаушысы ойын бастамас бұрын олардың аттарын атап шақырып, ойын құралдарын қолдарына ұстатады. Кейін балалар бір–біріне үйреніскен кезде балалар ойын құралдарын өздері алады. Ойын аяқталған соң балалар құралдарын алған жерлеріне апарып жинақтайды. Жалпы дамыту ойындары сәтінде бір балаға, қолдарына бір–екі заттан артық нәрсе берудің қажеті жоқ. Баладан дұрыс тыныс алуын қимыл–қозғалысты дәл орындауды талап етуге де болмайды.

Балалардың барлығының бір сәтте қозғалып әрекет етуі Кішкентайлар тобына қол аяқтың үйлесімді жұмыс істеуін үйрету «Қайықшылар» ойынын ойнатқан тиімді. Ойын шарты бойынша оқушылар ұзын орындықта немесе жерге бірінің артына бірі екі аяқтарын алшақ қойып отырады.

Дене шынықтыру пәні нұсқаушысы оларға қарама–қарсы отырып, ұзын екі таяқты балалардың барлығының оң және сол қолдарымен екі жақтарына ұстатады да балаларға өзі көмектесе отырып оң және сол қолдарымен қайық ескегін есу қимылын орындатады. Бұл ойынды тұрып орындатуға болады. «Қайықшы» ойыны баланың қалыпты дем алуын жақсартып, аяқ–қолдың үйлесімді жұмыс жасап үйренуіне көмектеседі. Осы ойынды ұзын таяқты қолданбай да өткізуге болады. Ойын сәтінде балалар күрделі жаңа қимыл–қозғалысты тиянақты орындауларына әрқашан көңіл бөліп отыруы қажет. Бұл жағдайда әр бала өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, тапсырылған қимыл–қозғалыс әрекетін барынша жақсы орындауға тырысады. Егер ойын барысында бала тапсырылған қимыл–қозғалысты дұрыс орындай алмай жатса балаға қайтадан көрсетіп оған қайталап орындауына мүмкіндік беру керек. Осылайша ойын сәтінде тапсырманы тікелей үйрену көбіне нақты нәтижеге алып келеді. Балалармен жүргізілетін жұмыстың бұл түрі қозғалмалы ұлттық ойындармен жеке спорттық жаттығулар арасындағы байланысты жалғастырушы ретінде қарастырылады.

Сабақ барысындағы қозғалмалы ұлттық ойындарды ойнатудың басты мақсаты оқушыларды үлкен қозғалыс белсенділігіне жеткізіп көңіл күйлерін көтере отыра тапсырылған жүктемені орындатуға қол жеткізу. Сондықтан дене шынықтыру сабағында барлық баланың қарқынды іс-әрекет етіп жұмыс жасауларын талап ететін ойындарды таңдаған дұрыс.

Сабақтың кіріспе бөлімінде ойналатын ойын мен сабақ соңындағы ойналатын ойын арасындағы айырмашылық болады. Егер алғашқы ойындар баланың ойынға деген қызығушылығын оятып, ынталандыра түсіп ұжымдық бірлігін нығайтса. Сабақтың соңғы қорытынды бөлімінде баяу орындалатын жаттығулар беріліп, оқушыларды тыныштандыруға жұмыс жасалады.

Дене шынықтыру сабағында сюжетті оқиға желісімен құрылған ойындарды берген тиімді болып келеді. Ұлттық ойындарды таңдау кезінде ойынның бала ағзасына Жоғарыда келтірілген деректерді қорытындылай келе бастауыш сынып балаларына арналған дене шынықтыру пәні сабағындағы бағдарламаға сәйкес өткізілетін жаттығуларды ұлттық ойындарды қолдау арқылы тиімділігін арттыру мәселесі тәжірибе көрсеткендей балаларға қозғалыс дағдыларын үйретуде және жаттығуларды сапалы орындауға көмегі бар екендігімен сонымен қатар сабақ кезінде ұлттық ойындар арқылы ұлттық дәстүрлерді үйретуге тиімділігі мен ерекшеленеді. Осы балаларға арналған сабақтардың құрылымын және ұйымдастыру әдістемесін өзгерте отырып баланың денсаулығына тиімді жаттығуларды қолдану арқылы денесін шынықтыруда ұлттық ойындарды қолдау тиімділігімен ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бөжиг Ж. Қазақ ұлттық спорт ойындарының Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы орны. ҚарМУ хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2007. - № 1 (45). - Б. 173–178.

2. Покровский Е.А. Детские игры преимущественно русские в связи с историей, этнографией, педагогикой и гигиеной, М.,1887.



3. Гуннер М.М. Сборник казахских национальных игр и развлечений. – Алма-Ата: ЦК ЛКСМ Казахстана, 1938. – С.12-18.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет