Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде талдау-жинақтау әдісін қолдану біліктілігі Бастауыш сынып оқушыларының критериалды бағалау үдеріснде критерии мен дискриптор құрастыруға үйрету



Дата13.12.2021
өлшемі23,17 Kb.
#125984
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде талдау


 Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде талдау-жинақтау әдісін қолдану біліктілігі 2. Бастауыш сынып оқушыларының критериалды бағалау үдеріснде критерии мен дискриптор құрастыруға үйрету

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу  оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.

«Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:

1) қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын;

2) өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін;

3) жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;

4) пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.

 Жаратылыстану пәнінің мақсаты — «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерімен жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі.

Жаратылыстану пәнінің  міндеттері:

1) өлі және тірі табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

2) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;

3) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;

4) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;

5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.

 Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі  бір  критерийлер  арқылы бағалау болып табылады

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:  1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?

Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы 2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан

қайшылықтар    3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Ұстанымдар негіздері:

1.  Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.  2.  Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт. 3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. 4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;  2. анық, айқындылығы;

3. бағаның әділдігі;   4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.

-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.

-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.

-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.

-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.

-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критериалды бағалаудың функциялары:

Ынталандыру   Белсенділік   Түзету    Дамытушы

Принциптері:  Нақтылық        Әділдік          Жүйелік

Критериалды  жүйе арқылы бағаның  қойылуы:

Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.



Критериалдық бағалау жүйесі  арқылы:1.  Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау 2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу  3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау  4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы  білімін анықтауға болады. Қалыптастырушы  бағалау- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді;  кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға  байланысты   қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.  Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет