Логикалық олимпиада3-сынып№1
А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан)
1.
Мансұр мен Жасминде барлығы15 шар болды. Мансұрдың 4 шары, ал Жасминнің 5 шары ұшып кеткенде, олардың шарлары тең болды. Әр біреуінің қолында бастапқыда неше шардан болған?
а) Мансұрда – 10, Жасминде -5 в) Мансұрда – 7, Жасминде -8
с) Мансұрда – 8, Жасминде -7 d) Мансұрда – 9, Жасминде -6
2.
Айнеля 1 сағат бойы үй тапсырмасын орындады да, оның бестен бір бөлігіндей уақыт демалды. Қалған уақыттың алтыдан бір бөлігінде жаттығу жасады. Қалған уақытта математика мен қазақ тілінен жазбаша тапсырмалар орындады.Математика мен қазақ тілінің әрқайсысына қанша минут бөлінді?
а) Математикаға 15, қазақ тіліне 15 минут
в) Математикаға 22, қазақ тіліне 18 минут
с) Математикаға 30, қазақ тіліне 10 минут
d) Математикаға 20, қазақ тіліне 20 минут
3.
Қай баланың әкесінің мамандығы қандай?
Жазира, Жанель, Жауһар үшеуінің әкелері-дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Жазира мен Жанель ұшқыштың қыздары емес, Жанель мұғалімнің қызымен көрші
тұрады. Қыздардың әкелері кім?
а) Жазира дәрігердің, Жанель мұғалімнің, Жауһар ұшқыштың қызы
в) Жазира мұғалімнің, Жанель дәрігердің, Жауһар ұшқыштың қызы
с) Жазира мұғалімнің, Жанельұшқыштың, Жауһар дәрігердің қызы
d) Жазира ұшқыштың, Жанель дәрігердің, Жауһар мұғалімнің қызы
4.
Екі залда 50 орындық. Бірінші залдан 10 орындықты алып кетті. Сонда екі залда орындықтар саны бірдей болды. Әуел баста әр залда неше орындықтан болғанын тап.
а) Біріншіде -10, екіншіде - 40 в) Біріншіде -25, екіншіде - 25 с) Біріншіде - 30, екіншіде - 20 d) Біріншіде -20, екіншіде - 30
5.Мерей бір сан ойлады. Оны 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты. Қосындының мәнін 5-ке бөлді.Сонда 130 шықты. Мерей қандай сан ойлады
а) 40 в) 195 с) 140 d) 60
Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан)
1.
Үш баланың әрқайсысына бірдей 20кәмпиттен берді. Бірінші бала бірнеше кәмпитті жеді, ал екіншісі бірінші баланың қалған кәмпитіндей, ал үшінші бала бірінші бала мен екінші баланың бірігіп жеген кәмпитіндей жеді. Үш балада барлығы желінбеген қанша кәмпит қалғанын тап.
а) 40 в) 10 с) 0 d) 20
2.
Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатарға сапқа тұғызылды. Сыныпта қанша ер бала бар?
а) 11 в) 16 с)6 d) 12
3.
Сәуле, Ғалия, Әлия, Нұрсұлу және Әсем бірінің соңынан бірі тұр. СәулеӘлиядан кейін, ҒалияСәуленің алдында, Нұрсұлудан кейін тұр. Нұрсұлу Әлиянің алдында, бірақ бірінші емес. Әсемнің орнын табыңыз.
а) Әлиядан кейін в) Сәуленің алдында
с) Нұсұлудың алдында d) Ғалиядан кейін
4.
Әжем, анам және мен - фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің суретте қалай тұрғанымызды тап.
а) әжем, анам, мен в) мен, анам, әжем
с) әжем, мен, анам d)анам, мен, әжем
С блогы (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)
1.
Жол бойына жүйке және үйеңкі ағаштары отырғызылды. Әр бір үйеңкінің арасына жөке ағаштары отырғызылды. Егер үйеңкі 20 болса жөке ағаштары нешеу?
а) 20 в)40 с) 19 d) 39
2.Теңізшілер саяхатқа шығарда тұщы судан құйып алды. Кемеде 10 теңізші бар. Олар теңізде 10 күн жүреді. 10 литрлік ыдыстардың нешеуі жеткілікті болатынын тап.
1 теңізшінің 1 күндегі пайдаланатын суы.
а) 30 в) 300 с) 100 d) 10
3.
10 таяқшадан құралған «шаян» төмен қарай қозғалып барады.3 таяқшаның орнын ауыстырып, оны жоғары қарай қозғалатындай етіп өзгерт.
Достарыңызбен бөлісу: |