Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер



бет16/38
Дата11.12.2021
өлшемі433 Kb.
#99044
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Бозторғай

Биыл Қызылкесікке көктем ерте келді. Жаңбыр көп жауып, ылғал мол болды. Егін де бітік шықты.

Орылған бидайды тасу үшін қалың шөпті жапыра жол салмақ болды. Дәл сол тұстан бозторғай ұша жөнелді. Құс ұшқан жерді барып қарасақ, бозтоғайдың ұясы бар екен. Ұяда бес-алты жұмыртқа жатыр.

Бозторғай шырылдап ұяның айналасынан ұзап кетпей ұшып жүр.

Ұяны бұзбай, аялай көтеріп, жолдың екінші жағындағы алыстау шалғынның арасына апарып қойдық. Бозторғай ұясының айналасын жөндеп, жұмыртқаларын тұмсығымен ыңғайластырған соң, жаны жай тапқандай болды.

Бозторғай біздің жақсылығымызды сезгендей, ұясының шетінде шоқиып отыр. Ол өзінің шиқ-шиқ еткен үнімен: "Рахмет саған, қайырымды адамзат. Бұл жақсылығыңды өмірі ұмытпаспын. Мен де ұрпағымды өрбітіп мәре-сәре болатын болдым", - деп бізге алғыс айтқандай. (112 сөз)

Қандай іске кіріссең де, қолың таза болсын. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ел болуды ойлаңдар. Бақтығұл ала қол, арамза билерден көп қысым көрді. Ас ішер алдында қолыңды жу. Рахмет бұл жердің сай-саласын бес қолдың саласындай біледі.

Бұл үшін өгей өмір басталды. Өмірі өгей әкенің қабағына жалтақтаумен өтіп жатыр. Жат жердің ой- шұқыры көп: өгей өңір, өгей өлке. Бұл алқапқа ел қонып, от жақпаған. От ауызды, орақ тілді шешен, домбырашы жігіттің жанары от шашады.

Қуаң даланың кескініне өң кіргендей. Қоңыр күз, қуаң дала. Жаздың басы қуаң болып тұр. Нұрлы беті қуаң тартып кетіпті.

Ақындарға зор мәртебе көрсетілді. Ана баласынының мәртебесіне көтеріліп қуанды. Ақанның ел арасында мәртебесі биіктей түсті.

(114 сөз)

Ермен

Ел жайлаудан қайтып, етекке түскен кез. Қыр –қырға егілген астыққа орақ салынған. Орақшылардың артында текше-текше дестелер тізбектеліп, баулар сап түзеп қалып жатыр. Баулар астықты қырманға тасуға қолайлы.

Пішен шабындықтары шөмеле болып үйіліп жатыр. Жер бетінің сары бояуы басым. Боз жусан, ақшыл ебелек, бойшаң ермен өскен өңірлердің түсі бозғылт.

Бір күні әкем жұнттай семіз нән серкені ұстап әкелді де, бата жасап бауыздап, етін тай қазанға бұзбай салдырды.

Ешкілер күзде ерменді көп жейді. Ешкі етінің емдік қуаттылығы осы ерменге тойған кез. "Ерменді жерде ер өлмес", «Ешкінің еті - жел, сергештің еті – ем» деген ұғым халық арасына кең тараған. Ермен дәмі сіңген ешкінің етін ем санаған қазақ баласы азынаған аязға ықпайды, сықырлаған суыққа тоңбайды, шілденің қайнаған ыстығына күймейді

( Қ. Толыбаев) (115 сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет