Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер



бет32/38
Дата11.12.2021
өлшемі433 Kb.
#99044
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Әліппемен қоштасқан күн

Жансая Әліппемен қоштасқан күнге ерекше даярланды. Өлең жаттады. Әліппенің әріптерді үйреткеніне мәз болды. Сөздерді оқи алатынына қуанды. Жүгіртіп оқығанына төбесі көкке жетті.

Әліппемен қоштасу мерекесіне ата-аналардың бәрі жиналды. Апайы Айсұлу өз шәкірттерінің қабілеттеріне көңілі толғандай.
Сәбира домбырамен өлең айтты. Бейбіт тақпағын орындады. Жансая үш қызбен бірге дөңгелеп, би биледі. Бәрі де тап-таза, әдемі киінген. Көйлектері бүрмелі. Оюлы камзолы өздеріне арнап тігілгендей. Қолдары, саусақтары майысып, өнерлерін көпке көрсетті.

Ата-аналары жас бүлдіршіндерге риза боп, әлсін-әлсін қошемет танытты. Қол шапалақтады. «Ой, жарайсыңдар!», «Керемет!»деп, әр ән, би сайын өз ой-пікірлерін сүйсіне білдірді.

Жансая үшін бүгінгі күн есінде жатталып қалды. Әліппені жақсы оқығаны үшін мектеп директоры мен апайының қолы қойылған, мөр басылған мақтау грамотасын иеленді.


  • Жансая, алған марапатың құтты болсын! Қуаныштысың ба? – деді Айсұлу апай.

  • Иә, апай! – деді Жансая қатты қуанып.

Өзінің өте мәз болғанын апайы қалай біледі деп Жансая таңдана қалды.

Көңіл-күйі әбден балқыған. Бақытты балалықтың сәті дүниені түгел құлпыртқандай. Бұның барлығы оқуға үйреткен, білімге талпындырған Әліппенің құдіреті болатын.

( 191 сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет