Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер



бет12/38
Дата11.12.2021
өлшемі433 Kb.
#99044
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

  • Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

  • Көремін өрмек тоқып жүр.

  • Анау құмырсқаны көремісің?

  • Көремін, аузында бір нанның ұнтағы бар, жүгіріп кетіп барады!

  • Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған ғибрат. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның ұнтағын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады Қарлығаш

балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек.

«Еңбек етсең-емерсің», деді.

Ы.Алтынсарин

(101 сөз)


Қос көгершін

Былтыр Дәуренбекке жолдасы қос көгершін берді. "Жырақта жүргенде бұлар саған серік болуға жарайды", - деді ол. Бірі – ақ, бірі – көк. Екеуінің сұлу сымбаты кімді болса да қызықтырардай.

Дәуренбек қашан үйреніп кеткенше, көгершіндерін темір торда бақты. Бір күні екеуін далаға алып шықты.

Кенет алай-дүлей жел тұрып, шаң-тозаңды аспанға көтерді. Қос көгершінді де ұршытай үйіріп ала жөнелді. Көгершіндер көкала шаңмен бірге кетті. Дәренбек көгілдір аспанға көз тігіп, көгершіндерін күтумен болды.

Көп ұзамай ашық аспанда қатар самғап ұшып келе жатқан ақ көгершін мен көк көгершіннің қарасы көрінді. Олар үйдің шатырына қонды. "Жарайсыңдар, қанатты достарым!" – деді қуанып Дәуренбек көгершіндеріне қолын созып.

Олар өздерінің иесінің қолына, иығына қонды.

(104 сөз)
Қаражон

Күн табының жылылығы молайған. Жер бетін басқан көгілжім мұнар арасынан төбесімен аспанды тіреген ұлы таулардың сұлбасы қарауытады. Бұл -көгілдірленіп бір қиырдан көз тарататын ақ бас таулармен ұласып жатқан Қаражон жотасы. Сайдағы судан көмей алып, тау бөктерін сағалай қазылған көне арықтың, кей қойнаулардағы егіс атызының ізі әлі өшпеген. Бұл - ерте заманда-ақ осы өңірде астық егіліп, бидай өсірілгенінің айғағы.

Қаражон – қазір де бидай егілетін алқап. Қаражонның бидайы бітік өседі. Дәндері баданадай толық. Бірде-бір кәтек дән кездеспейді.

Сіреу қары босағанымен, саздауытқа ұқсап былқылдап жатқан Қаражонның төсіне күннің көзі себілгеннен-ақ адамдар илеуден өрген құмырсқадай құжынай қатпайды.

Топырақты баптап, мәпелеп егін егеді. Күз түскенде, жанына нәр беретін азығын жинап алады.

( 106 сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет