1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз.
A) Кенде хан.
B) Шойынқұлақ.
C) Жылан патшасы Бапы.
D) Кенжекей.
E) Темірхан.
|
2. Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз.
A) «Бородино».
B) «Күз»
C) «Өнер-білім бар жұрттар».
D) «Ғылым таппай мақтанба».
E) «Қыс».
|
3. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең...».
Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
A) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол».
B) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да».
C) «Құлақтан кіріп бойды алар».
D) «Ғылым таппай мақтанба».
E) «Өлең сөздің патшасы».
|
4. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиѓан-терген» µлењдерініњ авторын белгілеңіз.
A) Шәкәрім Қ±дайберді±лы.
B) Маѓжан Ж±мабаев.
C) Міржақып Дулатов.
D) Ыбырай Алтынсарин.
E) Ахмет Байт±рсынов
|
5. Бейімбет Майлиннің өлеңін табыңыз.
A) «Кедейге».
B) «Жетісу суреттері».
C) «Ғылым таппай мақтанба».
D) «Әнші».
E) «Сыр сандық».
|
6. Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз.
A) Ер Төстік.
B) Алдар Көсе.
C) Жиренше.
D) Асан қайғы.
E) Қожанасыр.
|
7. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
A) Асан қайғы.
B) Шалкиіз.
C) Махамбет.
D) Доспамбет.
E) Жиембет.
|
8. Мына шығармалардың қайсысы Махамбеттікі екендігін табыңыз.
A) “Асқар, асқар, асқар тау”
B) “Ағайының көп болса”
C) “Ереуіл атқа ер салмай”
D) “Белгілі биік көк сеңгір”
E) “Ей, Абылай, Абылай”
|
9. С.Бегалиннің Ш.Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз.
A) «Бала Шоқан».
B) «Ш.Уәлиханов».
C) «Ариадна жібі».
D) «Қашқарға саяхат».
E) «Аққан жұлдыз».
|
10. «Қалың мал» романының авторын табыңыз.
A) Ыбырай Алтынсарин.
B) Спандияр Көбеев.
C) Мағауия Абайұлы.
D) Сәбит Дөнентаев.
E) Сұлтанмахмұт Торайғыров.
|
11. Амангелдінің бабасы Иман кім болғанын белгілеңіз.
A) Әнші.
B) Ақын.
C) Сиқыршы.
D) Батыр.
E) Қорқақ.
|
12. Жамбылдың ’’Қазақстан тойына’’ атты өлеңі қай жылы жарияланғанын белгілеңіз.
A) 1928 ж.
B) 1924 ж.
C) 1926 ж.
D) 1925 ж.
E) 1927 ж.
|
13. Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан -
A) сый дәметті.
B) рұқсат күтті.
C) бата тілетті.
D) көрімдік сұратты.
E) алғыс күтті.
|
14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
A) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.
B) Алаңсыз ұйқыға кетті.
C) Су ішіп есін жинады.
D) Өткен өмірін ойлай бастады.
E) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.
|
15. ’’Хұсрау-Шырын’’ дастанының басты кейіпкерін табыңыз.
A) Шырын.
B) Бисат.
C) Бамсыбайрақ.
D) Дерсехан.
E) Темірул.
|
16. “Ер Тарғын” жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз.
A) Қаракөзайым.
B) Гүлбаршын.
C) Ақжүніс.
D) Назым.
E) Құртқа.
|
17. Айман мен Шолпанның әкесінің кім екендігін табыңыз.
A) Сарыбай.
B) Көтібар.
C) Маман.
D) Әлібек.
E) Қарабай.
|
18. Мына үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
"Бұлықсып жүрген ерлерден,
Бұрынғы бақыт тайған күн".
A) "Тарланым".
B) "Атадан туған аруақты ер".
C) "Исатай деген ағам бар".
D) "Мұнар күн".
E) "Мінкен ер".
|
19. Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
A) 1843-1906 жж.
B) 1858-1912 жж.
C) 1845-1904 жж.
D) 1841-1889 жж.
E) 1818-1881 жж.
|
20. Ақан серінің «Бара-бар крестьянға тең болмадық» өлеңінде айтылған ақын қарсылығының мәнін ашыңыз.
A) Елді қорғай алмаған қазақ оқығандарына ашуланады.
B) Орысша оқымағанына, орыспен тең болмағанына күйінеді.
C) Орыс байларының қайырымсыздығын әшкерелейді.
D) Қазақтың жерін де, малын да алып, пайда тауып отырған патша үкіметін сынайды.
E) Заң білмейтін қазақтарға ыза болады.
|
21. С.Мұқановтың «Өмір мектебі», «Менің мектептерім» романдарының түрін көрсетіңіз.
A) Психологиялық.
B) Әлеуметтік.
C) Тарихи.
D) Саяси-деректі.
E) Өмірбаяндық.
|
22. Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушыны табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) Ғ.Мүсірепов.
C) М.Әуезов.
D) С.Мұқанов.
E) М.Жұмабаев.
|
23. Төмендегі мысалдардан теңеуді табыңыз.
A) Ызалы жүрек, долы қол.
B) Піскен алма секілді тәтті қызды.
C) Сұлу аттың көркі – жал.
D) Асау жүрек аяғын шалыс басқан.
E) Жер күлімдер өзіне беріп шырай.
|
24. Әдебиетттегі мазмұн дегеніміз не екенін белгілеңіз.
A) Шығарманың композициялық құрылысы.
B) Шығарманың фабуласы.
C) Идеяны білдіретін бейнелеу тәсілі.
D) Шығармадағы бейнелеу тәсілі.
E) Шығармада өрнектелген өмір шындығы.
|
25. Кім айтқанын белгілеңіз.
’’Көп сөйлеме - азбен келтір иінін.
Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін’’.
A) Ж.Баласағұн.
B) М.Қашғари.
C) Әбу Нәсір Әл-Фараби.
D) Ахмет Яссауи.
E) А.Иүгінеки.
|
26. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайғы қайда болған?
A) Қыпшақ хандығы.
B) Ақ Орда.
C) Орыс хандығы.
D) Алтын Орда.
E) Қазан хандығы.
|
27. «Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қонысың болсын қазақтан,» - деген жолдардың авторын табыңыз.
A) Ақтамберді.
B) Дулат.
C) Жиембет.
D) Бұқар.
E) Махамбет
|
28. Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
…, қайда барасың, - деп Дулат қай өзен туралы жырлағанын анықтаңыз.
A) Еділ.
B) Ертіс.
C) Жайық.
D) Аягөз.
E) Іле.
|
29. Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы,
Ақылдымын деп айтуға келе де бермес шамасы.
Өлеңі осылай екі жолдан құралып отыратын авторды табыңыз.
A) Фирдоуси.
B) Р.Ғамзатов.
C) О.Хайям.
D) Низами.
E) Ә.Рудаки.
|
30. М.Шахановтың Әбу-Насыр әл-Фараби өмірінен алынған өлеңін табыңыз.
A) «Сенім патшалығы».
B) «Танакөз».
C) «Арман».
D) «Отырар».
E) «Махаббат заңы».
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ
|