Басы неге үлкен ?
Мамасы Талғаттан:
Арыстанның басы неліктен үлкен? – деп сұрады.
Тордан шығып кетпеуі үшін, - деді талғат мүдірместен.
( 15 сөз)
Шор-тан
Ер-кін мен Се-рік көл-ден кел-ді. Көл-де ба-лық мол. О-лар ба-лық ау-ла-ды. Се-рік қар-мақ сал-ды. Қар-мақ-қа шор-тан і-лін-ді. Шор-тан ту-ла-ды,
( 19 сөз)
Қа-ра лақ. А-ла а-ла-ша.
А-ла ат. А-ла-са қо-ра.
Қос қа-нат. Қа-ра нар.
Қа-ра тал. Қол ша-на.
Са-қа ат. Қа-ра шаш.
(20 сөз)
Қыс
Қыс бас-тал-ды. Ө-зен қат-ты. О-раз ақ-қа-ла соқ-ты. Зә-кен мен Аб-зал О-раз-ға кө-мек бер-ді. Ақ-қа-ла тез біт-ті. Ба-ла-лар сыр-ға-нақ те-бе-тін бол-ды.
(20 сөз)
Е-сен мен Е-сет
Е-сен он-да. Е-сет он е-кі-де. Ол е-ке-уі де ке-ме іс-те-ді. Ке-ме-ле-рін су-ға сал-ды. Ке-ме-ле-рі су-да қал-қы-ды. О-ған е-ке-уі де қу-ан-ды.
( 20 сөз)
Жидек
Балалар мектеп бағынан жидек жинады. Биыл жидек мол шығыпты. Шие мен қарақат тұнып тұр. Балалар жидекті көп жинады.
(18 сөз)
Жұмбақтар
Тұмсығына бұйда тауып байласаң,
Қақпайлап жай айдасаң.
Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты.
(15 сөз)
* * *
Жұғысқанын жұқартады,
Өзі бірге жұқарады.
Оған тисе тура келіп,
Өткірлер де мұқалады.
(12 сөз)
* * *
Қисық ұрып түзетем,
Шегені ұрып біз етем.
(7 сөз)
* * *
Жонамын, қашаймын,
Ағаштан,темірден
Керек зат жасаймын.
(7 сөз)
Жалпақ желке, сопақ бетті
Орманымды отап кетті.
(7 сөз)
* * *
Табанында аузы,
Желкесіде аузы.
Жоқ ешкімге жазығы,
Жып-жылмағай әр ізі.
(11 сөз)
* * *
Жалғыз жеңі түрулі,
Жұдырығы түюлі.
Ұрып қана түзейді
Қисайғанда,қыңырды.
(10 сөз)
* * *
Жұмыссыз жоқ бір күнім,
Бұраң бел сүйрік...
(7 сөз)
* * *
Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе ыңың-ызың етеді.
(8 сөз)
* * *
Жаңа туған айды алып,
Саптадық та қайрадық.
Енді егінді орамыз,
Пісіп тұрған сарғайып.
(13 сөз)
* * *
Күні бойы тіл қатпай,
Қол шалғыны өкшелеп,
Шапқан шөпті құрғатпай,
Жинайды бұл дестелеп.
(13 сөз)
* * *
Өзі жеке қалғанда,
Ас татуға ерінер.
Адам қолға алғанда,
Көк темірді кемірер.
(12 сөз)
* * *
Бетін жөнге қайырып,
Отырмаса оң қолың.
Дөңбекті қақ айырып,
Тастайтұғын тоңмойын.
(11 сөз)
* *
Мүйізіне бір құшақ
Пішенді іліп алады.
Шаруа баққан ұл құсап
Ақырға шөп салады.
(13 сөз)
* * *
Сирағында сол қолым,
Белдігінде оң қолым.
Шабындыққа салдым да,
Құлаштай кеп сермедім.
(12 сөз)
* * *
Ұстап алып сабынан,
Басып қалып иығынан,
Кетпей адам жанынан,
Жер қазғызып жүр бұған.
(13 сөз)
Жарқылдап маңдайы,
Жер қазған болдырмай.
Бір қауып алғаны
Ошақтың орнындай.
(10 сөз)
Балға
Мен құрыш балғамын,
Бабаңнан қалғамын.
Түзілмес қисықты,
Түзетіп алғамын!
Жұмыстан талмадым,
Еш ақы алмадым.
Еңбексіз еметін,
Масыл боп қалмадым.
Жұмыскер балғамын,
Ұстай біл , алғаның!
Р.Тышқанбаев
(24 сөз)
Ине
Кіп-кішкентай инемін,
Қамқорымен түйменің.
Түйме түссе, қадаймын,
Жыртық көрсем, жамаймын.
Кез кеп қалса ісмерге,
Ісім көп-ақ істерге.
Ұстай білсең-шебермін,
Жетіп жатыр өнерім. Р.Тышқанбаев
(25 сөз)
Қол ара
Оңай деме араны,
Шебер тілін алады.
Жұмсамаса жұмысқа,
Тот басып қалады.
Ұстай білсең араны,
Айтқан тілді алады.
Ағаш шеберлігіне
Үйретеді баланы.
Р.Тышқанбаев
(21 сөз)
Балта
Мақтасаң, мақтайық балтаны,
Жұмысқа жоқ оның жалтаңы.
Көмекке шақырып араны,
Не бір дәу дөңбекті жарады.
Ешкіммен керісіп жатпайды,
Істеген жұмысын сатпайды.
Сенек боп әрқашан тұрады,
Жұмысқа дап-дайын тұрады.
Нанбасаң, балтаны алайық,
Жарысып, ағашты жарайық
Р.Тышқанбаев
(36 сөз)
Тасбақа мен бүркіт
Тасбақа бүркітке өзінің ұшқысы келетінін айтты. Бүркіт оған ұша алмайтындығын түсіндіріп, ол жайлы ойламауға кеңес берсе де, тасбақа одан әрі жалынып, аспанға алып ұшуын өтінеді. Бүркіт оны тырнағына іліп, жоғары ұшып барып, босатып жібереді. Тасбақа тастардың үстіне түсіп, быт-шыт болады.
Л. Толстой
( 41 сөз)
Инелік пен құмырсқалар
Күзде құмырсқалардың жинаған бидайлары су болып қалады. Олар оны кептіреді. Аш инелік құмырсқалардан тамақ сұрайды Құмырсқалар одан: «Жазда неге азық жинамадың?»-деп сұрайды.
Сонда инелік былай депті: «Қол тимеді, ән шыцрқаумен болдым». Құмырсқалар таң қалып: « Жазда ән шырқасаң, қыста би биле»,-деп жауап береді.
(44 сөз)
Шал мен балалар
Бір жарлы шал есегіне мініп жол жүріп келе жатса, есегінің бақырған даусын естіп, бір топ бала алдынан жүгіріп шығады. Олар шалды ажуа, мазақ еткілері келіп:
Ата, сіз неге есегіңізді өлең айтуға үйреттіңіз, - дейді. Сонда шал балаларға:
Есегім өлең айтпайды. Сендердей жақсы жолдасын көрген соң, қуанғанынан бақырады, - депті.
(47 сөз)
Тасбақа
Бірде маңғаз тасбақа-бикеш былай деп ойланады: «Неліктен мен үнемі жорғалар жүруім керек? Менің ең жоғарыда болуым абзал». Сод22-23
ан кейін қасындағыларға: «Абайлап бір-біріміздің үстімізге шығайық!» -деген ұсыныс жасайды. Тасбақалар қабаттап бір-біріне шығады, ең үстіндегі тасбақа айналасына қарап: «Мен адамдардан биікпін, ең жоғарыдамын», -деп есерленіп, мақтанып тұрған кезде астыңғысы шырт етіп сынады.
А. Сейсенова
(52 сөз)
Кемпірқосақ
Тұнық аспанның төрінен гүлдей құлпырған кемпірқосақты көргенде қуанбайтын, жүрегіне ынтық-тық, құмарлық нұры себілмейтін адам жоқ. Ол - жақсылықтың, шарапаттың нышаны. Түрлі-түсті боялған шеңберлер көктен төмен иіліп, ғажайып құдіреттің түсін танытады. Доғалана иілген жарты шеңбер тылсым әлемге енгізетін сиқырлы қақпа тәрізді.
Жердің төбесінде жібек орамалдай желбіреп , мың құбылып тұрады да, құпия құбылыстарды көлбеңдетіп елестеді. Жай көзбен қарағанда қол созым жерде тұрғанымен, кемпірқосаққа жақындай алмайсың, өте алыс...
( 65 сөз)
Жалдырап көктем туды. Қар еріді де, аз уақытта төңірек құрғап шыға келді.
Мектепте ағаш отырғызу науқаны басталды. Оқушыларды тугел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Алмабек бұл жұмысты бос әурелену деп есептеді. Бірақ басқалар жаппай кіріскен шаруадан Алмабек те шет қалмауды ойлады. Тал, терек, қайың көшеттерінің бірнешеуін терезе тұсына тізіп отырғызды.
Өзгелер ағаштарын суару, түбін қопсыту, күту жұмыстарымен әуреленіп жүргенде, Алмабек ағаштарына көңіл аударуға уақыт та таппады.
(Б.Соқбақбаев)
(67 сөз)
Әңгімені оқыдық. Мирас суреттен көрген тасбақа мен бүркітті ойыншықтарыңның ішінен тапшы. Сенің ойыншықтарың көп еді ғой... Енді ойнайық, жарай ма? Мен тасбақа болайын, ал сен, Мирас, бүркіт бол. Мен тасбақамын, ақырын жүремін,
ұша алмаймын. Бүркіт, сен қалай ұшасың? Мені де үйретші.
Әй, тасбақа мұның не?! Мен аспанда ұша алатын құспын, ал сен тек жерде жүруің керек.
Өтінемін, жалынамын, мені аспанға алып шықшы...
Бұдан кейін не болды, балам?
(67 сөз)
Біздің ауыл Іле өзеніне жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы жайлы да жайсаң. Әр үйдің ауласындағы бау-бақшада жеміс ағаштары: алма, өрік, жидек өсіріледі.
Бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою. Күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттардың арасынан жол тауып өту бір тауқымет.
Жер беті жасыл желекке бөленгенде, бауларды бұлбұл мекендейді. Түнге қарай жақ жаппай құбылта сайраған бұлбұл әніне ауыл ұйып қалады.
(67 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |