ӘР ЗАТТЫҢ ӨЗ ОРНЫ БАР Рахмет өзіне тиісті заттарын белгілі орынға қоймайды. Даладан келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады.
Бас киімі бір жерде, қолғабы екінші жерде жатады. Керек уақытында киімдерін таба алмайды. Үй ішін қағыстырады.
- Қолғабымды көрдің бе? Бас киімімді көрдіңдер ме? Сөмкемді көрдіңдер ме? – деп, күн сайын сұрап жүргені. Киімін таба алмай жүріп, кейде сабақтан да кешігіп қалады.
(56 сөз)
КЕМПІРҚОСАҚ Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланды. Нөсерлетіп жауған жаңбырдан соң, жаңбыр басылып, бұлт сейілді. Көкжиектен батысқа қарай батып бара жатқан күн көрінді. Дәл осы кезде сұр бұлт арасынан доға сияқты кемпірқосақ пайда болды. Оның жеті жолағы бар. Олар – қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін.
Доғаша иілген кемпірқосақтың сыртқы жолағы қызыл болады. Жеті түстен тұратын жарық сәуле, кәдімгі күн жарығы екен.
Жыл он екі ай
(60 сөз)
ҚҰСМҰРЫН Қостанайда Құсмұрын деген жер бар. Мұнда қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов дүниеге келген. Қостанай дегенде мидай жазық дала көзге елестейді. Құсмұрын табиғаты мүлде өзгеше. Салдыраған бұлақтары мен айна көлдері бар шоқылы тау мен қыраттар. Солардың бәрі алыстан құс тұмсығына ұқсап көрінеді. Сондықтан ол өңір Құсмұрын атанған. Қыраттың қапталы қайысқан қайың, көкорай шалғын. Бұл қайыңдарды ертеде Шоқан әкесі екеуі отырғызған.
«Балдырған» журналынан
(60 сөз)