Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру



Дата11.07.2017
өлшемі99,95 Kb.
#21130
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық

іс-әрекетін қалыптастыру.


Мақсатым: Білімді,әрі дағдыларды меңгеретін ,

шығармашылық бағытта жұмыс істейтін ,тың

жаңалықтар ашатын , терең ойлау қабілетімен

ерекшелінетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қолдантын

технология-

ларым: СТО, тірек сызба . ойын арқылы.

Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім,білік- дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін іздестіру , жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір қиындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді де, даму өнімі – оқуға құштарлық, қызығушылық болып табылады.

Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлардың болуы қажет.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар.



Әлеуметтік

-Отбасындағы әлеуметтік жағдай.

-Отбасындағы шығармашылық.


Педагогикалық

-мұғалімнің бала белсенділігін қолдауы

-әдістемелік көмек.

-бағалау әділеттілігі



Психологиялық

-Ойлау тереңділігі,қиялдың ұшқырлығы.

-өз күшіне сенуі, ынталылығы.


Физиологиялық

-бала денсаулығының жақсы болуы.



Сонымен қатар қорқыныш,жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикадан кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет.

Оқушы шығармашылығының ғылыми педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселелерінің бірі-оның қалыптасу кезеңдері.




Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы пікірлес досы , бапкері болуы тиіс.

Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.

Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде сабақтан тыс уақыттарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы тиіс.

1.Тақырыпты терең ұғындыру,түсіндіру.

2.Сабақта немесе сабақтан тыс уақытта әр түрлі тақырыптарда пікір -талас тақырып тудырып отыру.

3.Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру.( логикалық есептер, ребус, сөзжұмбақ,анаграмма)

4.Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу,есеп құрау,ертегі құру,шағын әңгіме құрау,өлең жолдарын құрау.

5.Қиялдау арқылы сурет салғызу.

6.Ана тілі сабақтарында мінездеме беру.

7.Әртүрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп,алған әсерлеріне шығармалар жаздыру.


Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыға бірдей қолдану артық еді.Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі.Барлық оқушы шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді.

Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау деңгейі әртүрлі болады. Әрнеге бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің белгісі.

Әр оқушының бейімділігі әртүрлі .Кей оқушы сурет салуға ,өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін.Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады.Әр баланың икемдігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс.Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы керек.

Шығармшылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолдансақ,оқушылардың пәнге қызығуы артады, білім сапасы көтеріледі.

-Оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

-Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап өмірден өз орнын табуына ықпал етуі керек.


Мен сабақтарымда оқушылардың ой-қиялын дамыту барысында мынадай шығармашылық тапсырмаларды қолданамын.Балаларға өздерін тапқырлыққа,білгірлікке, мақсатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден ерекше.Олар шындық өмірді қиялдағанымен біріктіре отырып , өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін.Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді.Бұл жастағы балалар естіген ертегі әңгімелер желісімен өзі де құрастыра алады.

(слайдтар) «Жеті лақ», «Қарлығаш пен Дәуіт».

Сауат ашу сабақтарында ой шапшаңдығын ,сөз байлығын дамытуда мынадай өлең шумақтар құрастыруға болады.

-на –на -на

Сырғанайды шана

-та -та -та

өтіп кетті бір апта (слайд)

-са –са -са

Шағып алды маса

-ға -ға -ға

Қаладан келді аға


Бұл кейін 3-4 сыныптарда өз беттерімен өлең шығаруға дайындық болмақ.

Мәтін ертегі әңгімені өз бетінше аяқтауға үйрету.

«Ертеде бір түйе болыпты.Ол кіп-кішкентай екен.Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті.Әсіресе шыбын көп күліпті.Бірде ол түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып ,оны мазақтай бастады»
Ертегіні аяқта деген тапсырма беріледі.Сонда оқушылар былай аяқтайды.

...Шыбын түйені қоймастан мазақтай берді.Солай отырғанда оны бір торғай жеп кетіпті.

( Нұржан Жанна)

...Сонда түйе ашуланып шыбынның бетіне түкіріп жібереді, сонда шыбын тұншығып қалады.

(Қосым Назар)
«Сөзден сөз тер» ,«Баспалдақ» «Буыннан сөз құра», «Сиқырлы әріп» ойындары оқушының ой шапшаңдығын арттырады,қиялын дамытады.

«Кемпірқосақ», «Дөңгелек», «Бауырсақ»


«Баспалдақ»

Б__


Б__ __

Б__ __ __

Б__ __ ____

Б__ __ __ ___

«Сиқырлы әріп»

Қандай әріп төрт сөзден сегіз сөз жасайды.

... ала, ...алға ар...а ...өрік.

Буыннан сөз құра



най

зе

ре

ба

те

ғай

пан

ла

за

«Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабақтарын да уақыт тауып шығармашылық жұмысты жүргуге болады.

Ол үшін мұғалім мәтіннің , жаттығудың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек.

1) Ақын жазушылардың дайын мәтіндерін өз ойларымен аяқтату.

2) Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

3) Мәтін бойынша мақал құрастыру.

4) Заттарға ;табиғат құбылыстарына жұмбақтар құрастыруға болады.

5) Шығарма , мәтін құрастыру.

-тақырып бойынша

-жоспар бойынша

-тірек сөздер арқылы

6)Өлең құрастыру

_______ _________ ________ аулаға

___________ ______ _________ көңілді

_____ _________ __________ ______ (слайд)

____________ ______________ өрілді

7) Кейіпкерлерге мінездеме беру.

8)Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу,қиялдау арқылы суреттеу.

9)Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмалар шешкізу (анаграммасөзжұмбақ,ребус,құрастырмалы суреттемелер).

10) Тірек сызбалар.

Оқушыға қай пән болсын сабақты түсіндіргенде тірек сызба пайдалану тиімді деп ойлаймын.Себебі ол оқушының ойын жүйелі жеткізуге үйретеді.

Математика сабақтарында санамақтардың ролі зор.

Оқушыларды математика сабақтарында шешендікке баулу мақсатында халқымыздың айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады. Бір оқушы сан айтады, екінші оқушы оның айтқан санына ұқсайтын сөз тіркесін айтып жауап қайтарады.

Мысалы; 1оқушы: Бір

2оқушы: Сыныпқа тез кір.

1 оқушы : Екі

2 оқушы: Серікпен күресуге бекі
1 оқушы: Үш

2 оқушы: Менімен жарысқа түс.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға ,қиялын ұштауға өз бетінше іздеуге зор әсерін тигізеді.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әртүрлі кездесулерден ,саяхаттардан ,журналдарын,оқығандарынан алған әсерлерін әңгімелеу ге ,шығарма ретінде жаздыруға болады.


Қорыта келгенде


































Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты: 1. Ф дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру.

2. Ой белсенділігін арттырып сөздік қорын молайту.Оқуға деген белсенділігін арттыру.

3. Ұйымшылдыққа,әдемі, сауатты жазуға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Үйшік» ертегісі интерактивті тақта,суреттер,кеспе әріптер, буындар.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Жаңа технология : ойын түрінде оқыту.


Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың жүрісі :

Ұйымдастыру бөлімі.




  1. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

- Балалар, бүгігінгі сабағымыз күндегіден өзгеше . Өйткені бүгінгі

сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олар сендердің білімдеріңізді көргісі келеді. Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме?

-Иа


-Олай болса, бүгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Үйшік» ертегісіне арналады

- Ерте,ерте.ертеде ешкі жүні бөртеде орманда бір үйшік тұрыпты.Бір күні сол үйшікті жертесер тышқан көріпті.

-Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік? деп қасына келсе,есігінде хат ілулі тұр екен.Ол хатты ашып оқыса «мына тапсырмаларды орындағандар осы үйшікте тату өмір сүреді» делінген екен.

Балалар тышқанға көмектесіп тапсырманы орындайық.

1- тапсырма. Үйге тапсырманы орында.

1.Әліппе бағанындағы сөздерді оқыңдар.

2.«Вокзал» мәтінінің мазмұнын айт.

3.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойна.

Бірде секіріп бақылдауық бақа келді.

-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

-Мен жертесер тышқанмын.

-Екеуміз бірге тұрайық.

-Ол үшін мына тапсырманы орында, дейді.

2.тапсырма. Жаңа сабақты түсініңдер.

-Балалар, мен сендерге жұмбақ айтайын.

Судан шашақ шашылар,

Су тоқтаса басылар.

- Фонтан.

-Дұрыс айтасыңдар, фонтан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Ф. Олай болса, бүгінгі танысатын әрпіміз «Ф» екен.( бірнеше рет қайталату) Ф әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.

Ф дауыссыз дыбыс. «Ф» дыбысынан басталатын сөздер ойлату. «Фонтан», «фото», «телефон», «телеграф» сөздерін буындатып «Ф» дыбысының орналасқан жерін анықтату.

-Бір күні секектеп қоян келеді. Неткен үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады? дейді

-Мен жертесер тышқанмын. - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің? дейді.

- Мен қорқақ қоянмын, дейді.

Үшеуміз бірге тұрайық дейді қоян.

-Ол үшін мына тапсырманы орында дейді олар.

3- тапсырма.Оқулықпен жұмыс.

Сергіту сәті. «Сұр қоянға» қимылдар жасату

Үйшікке жылмың түлкі келеді. - Неткен үйшік! - Бұл үйшікте кім тұрады?

-Біз жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоянбыз.Ал сен кімсің?

-Мен жылмың түлкімін, бірге тұрайық дейді .

4-тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны.

Т о ф о, б о ф у л т, ф о л е н е т

Үйшікке аю келіп есік қақты.

-Неткен үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?

-Біз тұрамыз, деді олар.

-Менде бірге тұрайыншы, деді аю.

-Онда мына тапсырманы орында, - дейді олар.

5-тапсырма. Шығармашылық тапсырма . «Футбол» тақырыбына әңгіме құрату.

Аю үйшікке сүйенгенде үйшік қирап қалады . Қорқып кеткен аңдар қаша жөнеледі.Сол кезде аю оларға; - «Қорықпаңдар, бәріміз бірігіп әдемі үйшік жасап аламыз, деп шақырды.

Олай болса,біздерде аңдарға көмектесейік. Ол үшін «Футбол» ойынын ойнайық.

6-тапсырма. «Футбол» ойыны. Не үйрендік, не білдік?

1.«Ф» қандай дыбыс.

2.Ол сөздің қай жерінде келеді?

3.Жұмбақ шешу.

Осылайша бірліктің , достықтың арқасында аңдар әдемі үйшік жасаса,біздер терең білім алдық.



Мадақтау, бағалау.

Үйге : әліппе бағанындағы сөздерді оқу, «Футбол», «Әл фараби» өлеңдерін жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет