Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми теориялық негіздері 5
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда математика сабақтарының мүмкіндіктері 5
1.2 Математика сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары 10
2 Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру 15
2.1 Есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру 15
2.2 Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту 18
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі. Еліміздің білім беру саласындағы негізгі өзгерістер нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын педагогикалық-психологиялық негіздері тұрақты, халықаралық білім кеңістігінде кіріктіруге ыңғайлы жаңа ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалылығының арттыруға, жастарды кәсібі еңбекке дайындауға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлде қайда өзгеше. Бастауыш мектеп –– орта мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы табиғи нәрсе.
Ол талаптарды орындау оқыту үрдісінде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, интелектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізінде сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерді дамыта отырып, олардың өз бетіндік –– танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.
Мектепте оқытылатын әр бір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар. Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушылардың ғылым негізінде нәтижелі зерделеудегі дайындық деңгейін арттыруда оқушылардың өзіндік шығармашылығының алатын орны ерекше.
60-жылдары бастауыш білім беруді жетілдіру жолдарын іздестіруде белгілі ғалымдар Л.В.Занковтың, Д.Б.Элькониннің және т.б. ғалымдарының басшылықтарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары бастауыш білім берудің дәстүрлік мазмұны төменгі сынып оқушыларының интелектуалды өсуін тежейтінін және олардың танымдық мүмкіндіктерінен анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Осыған орай, бастауыш мектеп бағдарламасының өзгеруіне байланысты көптеген математик - әдіскерлер (Ю.М.Колягин, М.И.Моро, К.И.Нешков, А.М.Пышкало, А.Д.Семушин, Қазақстандық оқымыстылар Т.К.Оспанов, С.Е.Шәкілікова, және т.б.) математика пәнінде оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Егер оқу үрдісінің басты мақсаты –– жан-жақты дамыған саналы азамат дайындау болса, оның негізінде нәтижелі іс-қимылдар арқылы жүзеге асатын шығармашылық әрекет жатады. Шығармашылық әрекеттің негізгі сипаттамаларын, оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерді, мүмкіндіктерді И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.И.Словодчиков, Ю.Г.Юдина, А.Н.Лук өз еңбектерінде қарастырады. Шығармашылық әрекетті қалыптастырудың кейбір аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеді. Б.А.Тұрғынбаева диссертациялық жұмысында шығармашылық үрдістің кезеңдерін топтастырса, Ә.Ә.Сағынбаева шығармашылық іс-әркетті қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді топтастырады. Қ.Әбдібекқызы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін сөз өнеріне баулу, үйрету үрдісінде қалыптастыруда қарастырады. Яғни оқушылардың шығармашылық әрекеті туралы зерттеу жұмыстары баршылық. Дегенмен, тәжірибе жөнінде жақсы үлгеретін оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда өзіндік жұмысты жаңа қырынан қарастырып, ғылыми педагогикалық проблема ретінде шешімдерін іздестіру қажет.
Ал қазіргі бұл тақырыпты зерттеп отырғандар тек теориялық тұжырымдамалар жасауда, ал оны практикада, оқыту барысында үнемі қолданбауда. Сондықтан да қазіргі уақытта мектептерде мұғалімдер оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында қосымша тапсырмалар мен дидактикалық шарттарды қолдануды назардан тыс қалдырып отыр.
Демек, мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие жүйесінде жеткіліксіз пайдаланылуы, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын даму қажеттілігі және шығармашылық деңгейде жұмыс істеуін ұйымдастыру мен оны іс-жүзіне асыруға қажетті жағдайдың толық болмауы арасында қарама-қайшылықтар бар екенін аңғартады. Бұл қарама-қайшылықты шешудің жолдарын іздестіру зерттеу мәселелерінің көкейкестілігін айқындайды. Сол себептен, мен курстық жұмысымның тақырыбын ’’Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту ’’ деп таңдауды жөн көрдім.
Достарыңызбен бөлісу: |