Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру



бет3/9
Дата09.06.2023
өлшемі78,37 Kb.
#178551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру (копия)
18.-Онтогенез-организмдердің-жеке-дамуы
Арнайы формула қолдануға келмейтін, әр қайсысына өзінше талдау жасауды қажетсінетін есептерді логикалық есептер дейміз.
Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін шығармашылық, логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық құлшынысын арттыратындай, түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Шығармашылық есеп зерделікке, қиялдауға логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ шығармашылық есеп өмірден алынатындығын танытатындай болуы қажет. Мысалы: 1 сынып оқушыларына «Кестелік қосу және азайту» тарауында ойлан тап: * 2 > 4 түрінде шығармашылық тапсырманы орындаудың оңай жолы былай болады: Алдымен, «жұлдызшаның» орнына «+» таңбасы қойылады. Сонда жоғарыдағы теңсіздік +2 > 4 түріне келеді. Енді ’’ ’’ –– нің орнына теңсіздікті тура теңсіздікке айналдыратын қажетті сандарды табу керек.
Олар:
3 , себебі 3+2 > 4
4 , себебі 4+2 > 4
5, себебі 5+2 > 4
6, себебі 6+2 > 4
Осы ретпен жалғастыра отырып, бірінші жағдайда ’’ ’’–– нің орнына 3,4,5,6,7,8 сандарын қоюға болатыны анықталды.
Келесі кезекте ’’ ’’ –нің орнына ’’-’’ таңбасын қою арқылы жұмыс жалғастырылады. Яғни, 7 және 8 сандары ғана 2 жағдайда да тапсырманың шешімі болып табылады. Демек, шешімі –– 7,8.
Бастауыш мектеп –– бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, еркеше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім –– үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың басты мақсаты –– баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге деген бейімі болады.
Бейімділік –– оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырып, тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау, тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді.
Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Баланы оқу тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі –– бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.
Педагогикалық психололгиялық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға сүйенсек баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Олар:

  1. Биологиялық фактор;

  2. Әлеуметтік немесе қоршаған орта;

  3. Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Ғалымдардың пікірінше осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу тәрбие үрдісінің рөлі зор.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білім, тәжірибелік шебері мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі, мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады.Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде жазған қазақ зиялыларының бірі ағартушы-ғалым А.Байтұрсынов.
А.Байтұрсыновтың оқу ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның «Бастауыш мектеп», «Қазақша оқу жайынан», «Мектеп керектері», атты мақалаларында ашылған.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шығындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай ––өзіндік жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық (1), жаңа материалды оқып үйрену, бекіту (2), қайталап- пысықтау және бақылау (3) деп бөлуге болады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының педагогикалық тиімділігі – мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының саласымен байланысты.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсатының бірі –– оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өзіндік жұмыстың ерекшлігі –– оқушының берілген тапсыр-маны мұғалімнің көмегінсіз орындауы.
Өзіндік жұмыс –– шығармашылықтың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілетін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:

  1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма;

  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұның өңдеу, т.б.)

  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.

Мұнда басты назар аударатын мәселе оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет