Сабақтың мақсаты: Білімділік: дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын түсіндіру



Дата25.08.2017
өлшемі10,33 Kb.
#27405
түріСабақ
  • Физика пәнінен ашық сабақ
  • Физика 9-сынып
  • Пән мұғалімі: Төлегенова Маржан Ергешқызы
  • 2015- 2016 оқу жылы
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: дыбыс толқындарын, оның негізгі
  • сипаттамаларын түсіндіру
  • Тәрбиелік: терең ойлауға, ғылымға, білімге деген
  • қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу
  • Дамытушылық: оқушыларға білім беру арқылы ғылыми
  • көзқарасын дамыту
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • Электрондық оқулық, камертон.
  • Пәнаралық байланыс:
  • Биология, музыка
  • Жаңа сабақ
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

I. Ой қозғау

  • I. Ой қозғау
  • а. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
  • ә. “Ой шақыру” стратегиясы
  • II. Мағынаны тану
  • а) Жаңа тақырыпты игерту
  • ә) Демонстрация (темір сызғышпен, камертонмен)
  • б) Бекіту сұрақтары
  • III.Ой толғау
  • а) Физикалық диктант
  • ә) Үйге тапсырма
  • Сабақтың барысы:
  • “Ой шақыру” стратегиясы
  • Механикалық толқындар алемінде біз көрмейтін,
  • бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап,
  • музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
  • Ол қалай аталады?
  • Толқынан толқын шығады,
  • Толқынан толқын тауады,
  • Толқын мен толқын жарысады;
  • М.Жұмабаев
  • Демонстрация:
  • Темір сызғышты тербеліске түсіріп, дыбыс шығарғанын бақылау.
  • Камертонмен дыбыс шығаруды бақылау.
  • Дыбыс толқынын тербелістегі дене тудырады.
  • Тербелістегі дененің айналасында сыртқы ортаның
  • күйі өзгереді (қысымы). Ауаның тығыздалуы және
  • қайта сиреуі нәтижесінде адам құлағының естуін тудыратын
  • дыбыс пайда болады.
  • Сонымен қатар сыртқы ортада тербеліс тудыратын кейбір
  • құбылыстар (жарылыс, жел, найзағай, оқтың ұшуы т.б.)
  • да дыбыс көзі болып табылады.
  • Адамның есту қабілетін тудыратын серпімді толқындар –
  • дыбыс толқындары деп аталады.
  • Адам тербеліс жиілігі 16 – 20 мың Гц аралығын ести алады.
  • Дыбыс қандай ортада тарала алады?
  • Дыбыс барлық (қатты, сұйық, газ) ортада тарала алады.
  • Ең алғаш ауадағы дыбыс жылдамдығын 1636 ж француз
  • физигі М.Мерсен анықтаған (электрондық оқулықтан көрсету)
  • Неғұрлым орта тығыздығы артқан сайын дыбыстың таралу
  • жылдамдығы артады. (1 - кесте)
  • Дыбысты сипаттамалары:
  • Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің
  • тербелістер амплитудасымен анықталады.
  • Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – бел (Б).
  • Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады,
  • яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады
  • Әйел дауысы
  • Ер дауысы
  • Контральто
  • 170-780Гц
  • Бас
  • 80-350Гц
  • Меццо-сопрано
  • 200-900Гц
  • Баритон
  • 100-400Гц
  • Сопрано
  • 250-1000Гц
  • Тенор
  • 130-500Гц
  • Колоратурлы сопрано
  • 260-1400Гц
  • Тембр – адамның дауысына, не аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
  • Біз есту мүшесі құлағымызға келіп жеткен дыбыс толқындарды дыбысты сеземіз. Есту мүшесінің ең маңызды бөлігі – құлақ жарғағы. (электрондық оқулықтан көрсету)
  • Тапсырмалар:
  • 1
  • 2
  • 3
  • Бекіту сұрақтары
  • ДЫБЫС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
  • АДАМНЫҢ ЕСТУ МҮШЕСІ ҚАБЫЛДАЙТЫН ДЫБЫС ТОЛҚЫНДАРЫ ЖИІЛІГІНІҢ ДИАПАЗОНЫ ҚАНДАЙ?
  • ДЫБЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ ТАРАЛАТЫН ОРТАҒА БАЙЛАНЫСТЫ МА?
  • ДЫБЫСТЫҢ ҚАНДАЙ СИПАТТАМАЛАРЫН БІЛЕСІҢ?
  • Есептер шығару
  • 26-жаттығу (2, 5)
  • Физикалық диктант
  • Иә ^, жоқ –
  • Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
  • Жиілігі 20Гц-тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
  • Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
  • Акустика –дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
  • Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
  • Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
  • Дыбыстың аудағы жылдамдығы 330 м/с.
  • Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.
  • Біріңді – бірің тексер!
  • ^-^^-^^^
  • 1 2 3 4 5 6 7 8
  • Бағалау: 7-8 –”5”
  • 5-6 – “4”
  • 3-4 – “3”
  • Үйге тапсырма:
  • 31-32 тақырыптар, 27 жаттығу
  • Бүгінгі сабақта сізді не қызықтырды? Бүгінгі алған білімдеріңіздің сізге пайдасы бар ма? Қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет