Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы пәні және курс міндеттері



Дата07.03.2022
өлшемі37,5 Kb.
#134538
түріПрактикум
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы пәні және курс міндеттері 2


Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы пәні және курс міндеттері

Тіл – адам мен адамды , ұлт пен ұлтты жақынадастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлеу- адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлейді. Жер бетіндегі бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына , уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып отырады. Қазіргі уақыт талабына сай сабақтары жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынады. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халықпедагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып , сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланылады. Сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, , жарыс сабағы6 тест әдісі, шығармашылық жұмыс түрлері өткізіледі.


Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын жеткізіп айту, еркін сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жылдамдыққа, тазалыққа , ұқыптылыққа баулу. Тез ойлану қабілеттерін дамыта отырып әр оқушыдан толық жауап алу мақсатында математикалық тілін, логикалық ойлау қабілеттерін жақсарту басты мәселе.Тіл -тәрбиенің басты тірегі.Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты.Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен , әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз.Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білу керек, сол себептен әр сабақта бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін қалыптастыру және оны жетілдіру – бүгінгі таңдағы кезек күттірмес мәселе. Ертеңгі күнгі тіліміздің жағдайын бүгіннен ойлап, бастауыш сыныптардан бастап оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру керек. Оқушылардың сөйлеу тілі мұғаліммен қарым-қатынасы, өзара қарым-қатынасы, үйдегі ата-анасы, көшедегі басқа адамдармен қарым-қатынасы барысында қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде », - деп тегін айтпаған. Бұл тілді үйрену, меңгеру, осы тілде сөйлеу- уақыт талабы. Ал мемлекеттік тілді меңгеру - әрбір қазақстандықтың азаматтық және адамгершілік борышы.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.


Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру жолдарына төмендегідей талаптар қойылады:



  • Қазақ тіліне тән дыбыстардың орфоэпиялық нормаға сай айтылуына назар аудару

  • Оқушылардың белсенді сөздік қорын қалыптастыру

  • әрбір үйретілген сөзді тұрақты түрде есте сақтау мақсатында ұдайы қайталау отыру

  • сөз бен сөзді дұрыс тіркестіру

  • байланыстыра сөйлем құрау заңдылықтарын меңгеру

  • пәнге деген қызығушылығын арттыру

  • оқушының өзге тілді қабылдау деңгейін анықтау

Осы туындаған талаптарды қандай жолдармен жүзеге асыруға, шешуге болатындығы мені қатты ойландырды, қызықтырды.




Қорытынды: Тіл үйрету - ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемлекеттік тіл қазақстандық өзге ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша олардың тілді үйренулері кешеуілдейді.
Сондықтан да мемлекеттік тілге үйретудің іргетасын, негізін қалау бастауыш сыныптардан басталуы заңды. Өйткені, білім негізі – бастауышта. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, сөйлеу тілін қалыптастыра отырып білім беру- біздің басты парызымыз. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.» Сол себептен өз тәжірибеммен, ойларыммен бөлісу үшін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет