Бастауыш сынып



Дата05.02.2022
өлшемі160,39 Kb.
#17557
түріСабақ

Бастауыш сынып


2013-2014 оқу жылы ақпан айының 22-21 аралығында бастауыш сынып апталығы болып өтті. Бастауыш сынып апталығына әдістемелік бірлестігі жоспар құрып, бекітті. Апталық жоспарға сәйкес өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері өз іс-тәжірбиелерін ашық сабақ өткізу арқылы ортаға салды.

0 «а» сынып мұғалімі Шактаева С.Б сауат ашу пәні «К дыбысы» тақырыбында сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, к дыбысы бар сөз туралы түсініктерін қалыптастыру, сөйлемді сөзден ажырата білу қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ашық сабақ өтті.
Шактаева С.Б

1«а» сынып мұғалімі Булатова П.Ш математикадан «4+4» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді, интерактивті тақтада слайдтар қолданып, қызықты да тиімді өткізді. Сабақта шығармашылық тапсырмалар, сергіту сәті, ойын-есептерге оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты өтті, мақсатына жетті.


Булатова П.Ш


2«а» сынып мұғалімі Есенгельдина Ы.Б қазақ тіліден «Дара және күрделі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ саяхат желісінде ұйымдастырылған. Сабақ түрленген және балалардың белсенділігімен қызықты өтті. Балалар мен мұғалім арасындағы ара-қатынас жақсы жүргілізе отырып, оқушылар мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады. Оқушылардың белсенді қатысуымен сабаққа қойылған мақсатқа жетті.





3 «а» сынып мұғалімі Базалова Д.Д дүниетану пәнінен «Отбасы берекесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Ой қозғау» стратегияларын қолданды. Оқушының жан-жақты жұмыс жасауына және білім алуына жағдай жасалды. Жұппен жиі, топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен араласып, ой бөлісіп, талқылай салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың сөздік қоры мол, пікірін еркін айта алатыны байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы көрінді. Сабақта уақытты ұтымды пайдаланды. Мұғалім белсенді орта құра білді.




4 «а» сынып мұғалімі Жарасова Д.Қ ана тілі пәнінен «Жылқы» ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді, интерактивті тақтада слайдтар қолданып, қызықты да тиімді өткізді. Сабақта шығармашылық тапсырмалар, сергіту сәті, ойынға оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты өтті, мақсатына жетті.


Қорытынды:


Сабақ мақсаты бойынша бастауыш сынып мұғалімдері тәжірбие алмасты. Ашық сабақты ұйымдастырылуы өз мәнінде өтті. Барлық мұғалімдер белсенді қатысты, сабақ соңында өз ойларын ортаға салды. Бастауыш сынып мұғалімдері заман талабына сай өз жұмыстарын шеберлікпен көрсете алды.


ӘБ жетекшісі:Базылова Д.Д

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет