Көркем әдебиет арқылы адамгершілік және рухани тәрбие Aдамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым - қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік қасиеттері шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызды міндеттері, балалардың белсенділік қасиеттерін табиғатқа, айналаға деген көзқарасын, Отанға, еңбекке деген қатынасын айқындау. Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақтарға толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол деп есептеймін.
Aдамгершілік тәрбиесі – тәрбиенің ең күрделі саласы. Қазіргі оқу - тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға қойып отырған өте маңызды проблемасы – адамгершілік пен білімнің, рухани мәдениет пен білімділіктің өзара байланысының проблемасы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше :
1. Балалардың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу.
2. Көркем әдебиет шығармаларына деген қызығушылықтарын арттырып, тіл байлықтарын дамыту.
3. Бала бойына тамаша қасиеттерге, адалдыққа, мейрімділікке, имандылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Oсы мақсатты орындау үшін, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балалардың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіруде, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйрету керек. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде осы оқыған ертегіні балалармен сахналауға болады.
Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен арыстан», «Дос іздеген бота», «Шал мен дәу» тағы да басқа ертегілерді балалар қызығушылықпен сахналады. Oлар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендірді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл - күйін, іс - әрекетін беруге тырысты. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға көп назар аударылады.
Егер халық ертегілеріне педагогикалық - психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның балаларға танымдық əсері жоғары. Xалық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.
Жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін, бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары əдіс амалдарын қолдану керек . Мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып əңгімеленіп келеді..
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Əуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге «Ертегі - деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, ия сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме əңгімені айтады. Баланы еңбекке тəрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу əрекеті əсер етеді. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты ұялататын осы – ертегі» - деп анықтамасын берді..
Адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелегенде ұлттық ойындардың орны ерекше. Себебі, ұлттық ойындарда адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман – тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерілікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін – бірі қайталанбайтындай сан – алуан, әрі қызықты.
Ойын ережелерінің балалар үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Өйткені балалардың ойын барысында өзара қарым – қатынастары жақсарып, адамгершілік, кішіпейілдік қасиеттері қалыптасады..
Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Нәтижесінде, ұлттық ойындарды ойнау барысында балалардың тілдері дамып, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, кеңістікті бағдарлай білуден басқа, тапқырлық, шапшаңдық, төзімділік, мергендік, батылдық сияқты қасиеттері дамыды деп ойлаймын.Сондықтан да мен, ұлттық ойындарды балалармен ойнағанда көп мән бердім.
Балалардың оқу материалдарын қабылдауды ұйымдастыруда, құрғақ сөзбен жеткізгеннен гөрі балалардың тілін, танымдық процестерін дамытатын әр түрлі дидактикалық көрнекіліктермен жүргізілген жұмыстардың қабылдануы, балалардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады деп есептеймін.
Осыған орай ұйымдастырылған оқу қызметтерінде суреттер мен көрнекіліктерден басқа, үнтаспа, бейнетаспа ,слайдтарды пайдаланып өткіздім. Мен балаларға, бейнетаспадан көркем әдебиет шығармаларын, ертегілерін көрсеткен кезде, балалар, адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкерлердің жан дүниесіне деген қызығушылықтары арта түсті.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану – қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің достарының, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастады. Оларда адамгершілік сезім, қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастады.
Адамды жаксы ететін де, жаман ететін де - тәрбие. Сондықтан, балаларды өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттілігі, бірінші орынға қою керек .