Оқудың маңыздылығы



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі434,36 Kb.
#7804
  1   2   3
Оқудың маңыздылығы

Хиса Ж.


Қарағанды облысы

Теміртау қаласы

№9 мектеп-лицейі
Баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде кітап, соның ішінде көркем әдебиеттерді оқудың алатын орны ерекше.

Бүгінгі ғаламтор дамыған заманда адамдар бұрынғыдай кітап оқу дағдысынан айырылып бара жатқаны ең басты проблемалардың бірі деуге болады.

Интернеттің болмауы, адамдардың рухани байлыққа деген қызығушылығын арттырды. Оған әсер еткен ата-ана, яғни отбасы болса, мектеп мұғалімдерінің орын да ерекше еді.

Қазір сол ұрпақ әлі де болса біздің қоғамда ұлттық құн­дылық­тарды болашақ ұрпаққа жеткізуші болып отыр. Ал қазіргі ұрпақ ол құнды­лық­тардан яғни рухани қажеттіліктен материалдық қажеттілікке көбірек көңіл бөлуде. Мәселе жастардың материалдық жағдайында, күйбең тіршіліктен қолдарының босамауында.

Жастарды, балаларды кітап оқымайды дей­міз. Тіптен күнделікті тірлік қамымен жүр­ген ересек адамдар да кітап оқуды азайтты. Кейде ата-аналардың тарапынан «Ба­ламның ұялы телефоны болса, астында көлігі болса, пәтер алып берсем, қал­ға­нын өзі оқып алады»,– деген пікір­лер­ді жиі еститін болдық. Осылай жалғаса берсе, ұрпағымыздың болашағы не бол­мақ?
Сондықтан болар, қазіргі жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Қазіргі ғасыр – ақпарат ғасыры. Күнделікті ғаламтор арқылы алып отырған ақпараттар жастардың санасын еріксіз жаулап алып, оларды рухани ашаршылыққа ұшыратып отырған жоқ па?

Осы тұрғыда жастарға балаларға тәуліктің бір уақытын кітап оқу­ға арнау дағдысын кішкентайынан қалып­тас­тыру керек. Демек, жастарды рухани байлыққа жетелеу отбасынан бастап, барлық білім беру мекемелерінің міндеті болуға тиіс.

Ал қазіргі тәрбие практикалық ба­ғыт­та болып тұр. Басты мақсатымыз – қалай да ма­­мандық ал, қалай да мансапқа жет, матеиалдық қажеттілік т.б.

Ал жақында мынадай статистикалық мәліметтерге тап болдым.

Біздің мектебіздің педагогикалық ұжымы осы проблемаларды шешу жолдарының бірі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу күндерін ұйымдастыру деп таптық. Мектеп-лицейімізде жылына екі рет Оқу күнін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Оқу күнінде тек қана оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, сондай-ақ сыныптың ата-аналары да қатыса отырып, өз балаларымен бірлесе кітап оқиды. Себебі Оқу күні мектебіміздің барлық ата-аналары үшін ашық есік күні. Алғашқы рет оқушылардың оқитын әдебиеттерін мұғалімдер өздері таңдаса, екінші рет

Оқу күнін өткізу үшін алдымен сынып оқушылары мен сынып жетекшілері бірлесе отырып, оқылатын әдеби шығарманы таңдап алды.Әдеби шығарманы таңдау үшін балалармен ақылдаса отырып, мектебіміздің кітапханасымен байланыс жасайды.Нәтижесінде өздерін қызықтырған авторлар мен көркем әдебиеттерді оқиды. Бұл жерде балалардың жас ерекшелігіне де назар аударылды. Оқу сағатында әр сынып оқушылары топ- топқа бөліне отырып,өздерінің ережелерін анықтап алды.Мысалы:



5 «а» сынып оқушыларының ережесі:

  • 15 мин. Үнсіз оқу;

  • “Өз” ішінде ойлайды, сұрақтар ойластырады;

  • Бір-біріне мазмұндайды;

  • Әр топ кластер құрып, тобының презентациясын жасайды 5-7мин;

  • негізгі кейіпкерлер;

  • таңқалдырған кейіпкерлердің сезімдері, ойлары;

  • оқиға болған мекені;

  • тақырыптың мәні мен идеясы;

  • Спикерлер қорғайды 2 мин;

  • 4 топ 8 ми;

Барлық сынып оқушылары өздерінің таңдаған әдебиеттерін сыныпта оқып, талқылап біткен соң мектебіміздің Акт залына немесе дәлізде ілінген «Ой шарлау галереясына» өздерінің пікірлерін қалдырады.



Оқу күндерінің оқушыларға берері мол.

  • Бастауыш сынып оқушылары ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының таңдай отырып, қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. /әсіресе І сынып оқушылары/

  • Көркем шығармаларды оқуға балалар құмартып, қызыға бастады.

  • Жаттау арқылы олардың сөйлеу тілі және сөздік қоры дами бастады;

  • Жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті дами бастады;

  • Әдеби кейіпкерлердің жақсы әрекеттеріне сүйсіне отырып, сол кейіпкерлерді үлгі тұтады, жаманынан жиренеді және жаман әрекеттер неге, не себептен болды, яғни оларда жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік қалыптаса бастады.

  • Оқушылардың ой-өрісі, дүние танымын кеңейіп және оқырмандарды ақпараттық сауаттылығы арта бастады;

  • Топта жұмыс жасай отырып, әр оқушы өзінің ойын, пікірін достары арасында еркін айта білуге және ойын сауатты жетікезе білуге үйреніп, қалыптаса бастады.

  • Қазақ халқының тарихи, әдеби құндылықтарына, соның ішінде классикалық туындыларды оқуға деген қызығушылықтары ояна бастады;

Бұл біздің мектеп мұғалімдерінің оқушыларға рухани тәрбие берудегі түпкі мақсаттарымыздың бірі еді.

Проблеманы шешудің екінші бір жолы мектебімізде отбасылық оқуды дәстүрге айналдыру деп шештік. Нәтижесінде 2013-2014 оқу жылынан бастап, кітапхана жанында «Ата-аналар оқырман клубы» ашылып жұмыс жасауда.





Каталог: uploads -> doc -> 084d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
084d -> Коучинк – жоспары: Көшбасшылық пен Блум таксономия әдісі
084d -> Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың
084d -> Сабақ «Қазіргі заманғы сәндік өнер. Қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері»
084d -> Самалгүл Рахметова Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, М. Горький атындағы №16 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
084d -> Сабақтың тақырыбы: Ақын Абайдың операдағы бейнесі Мұғалімнің аты-жөні : Шинетова Оксана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет