А) білімділік- Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған ертегі және ертегінің түрлері жайлы мәлімет бере отырып, ертегілердің халық ауыз әдебиетінде алатын орны, тәрбиелік мәні жайлы айту.
Ә) тәрбиелік- ертегілерді оқи отырып
Б) дамытушылық- студенттердің дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, шешен сөйлеуге баулу, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту.
Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы, аяқталуы болады. Бұл балаларға тез ұғыну, оңай түрде жеткізілуіне, балаларды қызықтырып, ертегіні оқуға немесе тыңдауға шақырады.
“Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен...”
“Ерте, ерте, ертеде
ешкі құйрығы келтеде...”
“Ертеде бір бай болыпты, бір перзентке зар болыпты...”