Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
 
ҚҰСМҰРЫН 


 
- 45 - 
Қазақ 
халқының 
ұлы 
ғалымы 
Шоқан 
Шыңғысұлы 
Уәлихановтың кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты 
қазіргі Қостанай облысы Семиозер ауданы «Шөптікөл» совхозының 
бөлімшесінен үш-төрт шақырым жерде. 
Шоқан туған Аманқарай дуанының осында ауысуына орай 
жаңа дуан да Құсмұрын болып аталып кеткен. Шоқанның әкесі 
майор дәрежесіндегі Шыңғыс Уәлиханов, сол кездері Құсмұрын 
дуанының аға сұлтан болған, «Қара шаңырақ» иесі атанған. 
Өз шаңырағының, қала берді, бүкіл Уәли әулетінің мұрасы – 
Уәли ханның сауыты мен дулығасын Шыңғыс 1865 жылы Орыс 
география қоғамына тарту еткен. 
Ата дәстүрі бойынша құрылтайға Шыңғыс ұрпағымен қатар, әр 
руда жұрт тұтқасын ұстаған ақсақалдар, ұлыстағы түменбегі, 
мыңбегі батырлар, жорық, қауға күндерінде айрықша көзге түскен 
жалаң қылыш ерлер де келген. Етегі шұбатылған шекпен
сыртынан бадана киіп алыпты. Тозған шаруамызды түзейміз деп бес 
жүзаламан атқа қоныпты. 
(122 сөз) 
 
ҚАБАНМЕН АЙҚАС 
Атын баптап мініп, қару-жарағын ұстауға әдеттенген
Ерасылдың он үш жастан асқан кезі. Күзді күні, қысты күні 
саятшылық құрып, аң-құс аулауға дағдыланды. Садақ тартып, 
мергендікті де игерді. 
Күн салқын тартқан. Ел жайлаудан ойға қарай бет алып, бүгін
Майлытаудың сайын құлдаған. Кенет көш басындағы түйе 
жетелеген егде әйелдердің үрейлі дауыстары еміс-еміс естілді.
Атын тебіне алға шыққан Ерасыл үй орнындай алаңқайда айбат 
шегіп көлденең тұрған танадай қабанды көрді. Ерасыл атынан 
қарғып түсті де, көші-қон кезінде қолынан тастамайтын найзасын
кезеніп, ілгері жылжыды. Көзі тесірейіп,
түгі тікірейген қабан аузын ақситып тап берді. Ерасыл өзіне қарсы
атылған тағыны көз ілеспес жылдамдықпен түйреп алды да, 
басынан асыра лақтырып жіберді. Шыңғырып гүрс еткен қабанның
ішек-қарыны ақтарылып жатты. Ерасыл ортекедей ойнақтаған
Керқұласын жетелеп ілгері жүре берді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет