- 69 -
-
Бозторғай, жақсылығыңды ұмытпаспыз. Жоғарыдан
анамызды жылдам байқайсың ғой, інге қарай қашсын. Осыны
жеткізбесең, анамыз түлкіні іннің маңына жолатпауға тырысатыны
анық. Сөйтіп жүріп түлкіге жем болып қалуы ықтимал. Жалынамыз,
осыны анамызға жеткізсең, - деді бала құндыздар.
Бозторғай құрақ ұшып, ана құндызды іздеп кетті. Соңында
түлкі, құндыз алда құйындатып келеді екен. Бозторғай төмендей
ұшып, оған балаларының сәлемін айтты. Сонда ғана ана құндыз
беталысын өзгертіп, індеріне туралай тартты. Бозторғай да жоғарыда
жарыса ұшып келе жатты. Ана құндыз өзенге жеткенде таң да атты.
Өзеннің бір жағасынан екіншісіне дейін барлық құндыздар
жабылып, өткел салып қойыпты. Құндыз солқылдақ, жіңішке
жолмен зымырап арғы жағаға шыққанда, тақымдап қалмай келген
түлкі қорқақтап, бергі бетте қалып қойды. Жиекте әрлі-берлі сілекейі
шұбырып жүрді де, аузына әні-міне түскелі тұрған әзір астан
айырылғанына қапаланып, амалы құрып кейін қайтты.
Содан бері құндыздар нағыз көпір құрылысшыларына
айналыпты.
Роза Әбілқадырова
(282 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: