- 73 -
қалады. О,ғажап! Үш түн бойы сұп-суық боп алақанына батқан
асықтай тас, алтын білезік болып жарқырап шыға келіпті дейді аңыз.
Аңыздың түбі – ақиқат.
Балалар, бұл кереметтің сырын мұсылмандық әдептерден
іздесеңдер оңай табасыңдар. Ата-анаң шақырса, ісіңді тастап, лезде
жетіп бар, айтқан тапсырмасын дереу орында. Ата-анаңның қасында
даусыңды көтеріп сөйлеме, жүзіне қабақ түйіп ақарама. Жолда
алдынан кесіп өтпе. Бір жаққа барарада, сапарға шығарда рұқсаты
мен ризашылығын ал. Ата-анаң марқұм болғанда үнемі құрметпен
еске ал, рухына дұға жасап, құран оқы, қалдырған өсиетін орында,
ата-анаңның ескі достарын көзіндей көріп сыйлап, сәлеміңді үзбей
жүр. Балалар, бұл қағидалар рухы биік, көңілі таза жандардың
қолынан келетін, құлшынып істейтін ісі екенін ұмытпа!
Абай Мауқараұлы
(326 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: