- 20 -
- Әңгімені оқыдық. Мирас суреттен көрген тасбақа мен бүркітті
ойыншықтарыңның ішінен тапшы. Сенің ойыншықтарың көп еді
ғой... Енді ойнайық, жарай ма? Мен тасбақа болайын, ал сен, Мирас,
бүркіт бол. Мен тасбақамын, ақырын жүремін, ұша алмаймын.
Бүркіт, сен қалай ұшасың? Мені де үйретші.
- Әй, тасбақа мұның не?! Мен аспанда ұша алатын құспын, ал сен
тек жерде жүруің керек.
- Өтінемін, жалынамын, мені аспанға алып шықшы...
- Бұдан кейін не болды, балам?
(67 сөз)
КЕМПІРҚОСАҚ
Тұнық аспанның төрінен гүлдей құлпырған
кемпірқосақты көргенде қуанбайтын, жүрегіне ынтық-тық,
құмарлық нұры себілмейтін адам жоқ. Ол - жақсылықтың,
шарапаттың нышаны. Түрлі-түсті боялған шеңберлер көктен төмен
иіліп, ғажайып құдіреттің түсін танытады. Доғалана иілген жарты
шеңбер тылсым әлемге енгізетін сиқырлы қақпа тәрізді.
Жердің төбесінде жібек орамалдай желбіреп , мың құбылып
тұрады да, құпия құбылыстарды көлбеңдетіп елестеді. Жай көзбен
қарағанда қол созым жерде тұрғанымен, кемпірқосаққа жақындай
алмайсың, өте алыс...
( 65 сөз)
Жалдырап көктем туды. Қар еріді де, аз уақытта төңірек құрғап
шыға келді.
Мектепте ағаш отырғызу науқаны басталды. Оқушыларды
тугел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Алмабек
бұл жұмысты бос әурелену деп есептеді. Бірақ басқалар жаппай
кіріскен шаруадан Алмабек те шет қалмауды ойлады. Тал, терек,
қайың көшеттерінің бірнешеуін терезе тұсына тізіп отырғызды.
Өзгелер ағаштарын суару, түбін қопсыту, күту жұмыстарымен
әуреленіп жүргенде, Алмабек ағаштарына көңіл аударуға уақыт та
таппады.
Б.Соқбақбаев
(67 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: