Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет1/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер



 
 
 
 
 
 
Бастауыш сынып 
оқушыларының
оқу дағдысын 
тексеруге арналған 
 
мәтіндер 


 
- 1 - 
Алғы сөз 
Кіші жастағы оқушылар үшін ана тілі сабақтары өмірді, ондағы адамдық қарым-
қатынастарды түсінуге ашылған терезе іспеттес. Мұнда қайырымдылық, адалдық, бір-бірін 
түсіне білу, парыз және басқа да көптеген түсініктердің алғашқы бастамаларының негізі 
қаланады. Әрине, осындай маңызды ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса 
салмайды. Міне, сондықтан ана тілі пәні мұғалімдері сабақ құрылымын құруда көркем 
сөздер арқылы тек баланың санасына әсер етуді көздемей, бірінші кезекте баланың сезіміне
әсер етуге, оларды жақсылыққа қарай итермелеуге жағдай жасап, шығарма арқылы шынайы 
өмірге көпір салуға ұмтылуы тиіс.
Ана тілі – баладан тек терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай, басқа да мектеп 
бағдарламаларын игерудің негізі болып табылатын пән.
Оқушылар бастауыш мектепті бітірерде шапшаңдыққа оқу мен түсініп оқуды 
қамтитын талдап оқуға қалыптасады. Оқу дағдысының қалыптасу кезеңі ұзақ уақытты 
қажет етеді. 
Сөздерді толық сөздермен минутына 40 сөзден дауыстап оқу шапшаңдығы мәтін 
мазмұнын түсінуге қол жеткізбейді. Мәтін мазмұнына бала минутына 60 сөзден оқығанда 
және сөздерді толық оқуға қол жеткізгенде түсіне бастайды. Ал даыстап толық сөздермен 
минутына 90 сөзден оқыған бала оқыған мәтінінің мазмұнын толық және терең түсінуге қол 
жеткізеді. Міне, сондықтан мұғалімдер оқу техникасын, яғни белгілі бір уақыт кесігіндегі 
баланың оқу техникасы бойынша білім, білік, дағыдысын бақылауға алып отыруы тиіс.
Оқу дағдысының қалыптасуын тексеруді жылына үш рет жүргізген тиімді: 
-
оқу жылының басында ( 10-15 қыркүйек) 
-
бірінші жарты жылдықтың аяғында (20-25 желтоқсан) 
-
екінші жарты жылдықтың соңында ( 10-15 мамырда) 
Осы үш кезең оқушының оқу дағдысындағы өзгерістердің деңгейін көруге мүмкіндік 
береді. Оқу жылы барысында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуы мен дамуын 
бақылап отыру мұғалімнен көп тер төгуді қажет етеді. Бұл жұмыста мұғалімнің 
басшылыққа алатыны - бағдарлама мен әр жарты жылдыққа арналған бағдарламалық 
талаптар. 
Қазіргі бастауыш мектептердегі деңгейлеп-саралап оқыту әрбір оқушының жұмыс 
қарқынын, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік 
береді. Кез-келген деңгейлеп-саралап оқытудың түпкі мақсаты – оқудың сапасын арттыру. 
Бірсыдырғы оқу түрлері оқушының оқуға деген қызығушылығының жоғалуына әкеліп 
соқтырады, сондықтан дауыстап оқу мен іштей оқу, бәсең дауыспен немесе дауыстап оқу, 
қарқынын жылдамдатып немесе баяулатып оқыту т.б. жұмыс түрлерін алмастырып отыру 
қажет. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өзіндік оқудың көлемін ұлғайтып отыру керек, 
мұнсыз баланың толыққанды дамуы туралы сөз болуы да мүмкін емес.
Осы әдістемелік құрал мұғалімге: 
-
оқу тәсілі, 
-
түсініп оқу,
-
дұрыс оқу,
-
оқу қарқыны, 
-
мәнерлеп оқу дағдыларының қалыптасуын тиімді тексеріп отыруға мүмкіндік 
береді.
1-сыныпта 10-15 қыркүйек аралығында оқушылардың оқу дағдыларын тексеру 
мақсатында алдымен жеке сөздер мен «А-та. Ма-та са-ры» деген сияқты ашық буынды 
сөздерден тұратын мәтіндер беріледі, содан кейін бітеу буынды сөздері бар мәтіндер, 
соңында үш және одан да көп буыны бар сөздерден тұратын мәтіндер беріледі. Мұндай 
мәтіндер мұғалімге оқу жылының басында әрбір оқушының оқу дағдысының қалыптасу 
деңгейін байқауға, мектепке дейін оқуды үйреніп келген оқушыларды анықтауға мүмкіндік 
береді. Алдын ала тексеру мұғалімге Әліппемен жұмыс барысын жоспарлауға
оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттер мен көркем 
шығармаларды таңдауға мүмкіндік береді. Бірінші жарты жылдықтың соңында және жыл 


 
- 2 - 
соңында оқу дағдыларын тексеру тексеру үшін мұғалім оқушы деңгейіне сай мәтінді таңдап 
алады. Бұл проза немесе өлең, көлемі жағынан шағын немесе көлемді мәтін, ауырлығы 
жағынан әр түрлі құрылымдағы сөздер болуы мүмкін.
2-4 сыныптар үшін де әр түрлі нұсқадағы мәтіндер ұсынылған. Мұғалім таңдауына 
сай тексеру бір немесе бірнеше мәтін көлемінде жүргізілуі мүмкін.
Кітапта 5-сыныптардың оқу дағдыларын тексеруге арналған мәтіндер де берілген. 
Ондағы мақсат - 5-сынып мұғалімдерін бастауыш мектепті бітірген оқушылардың оқу 
дағдысының деңгейімен таныстыру, оқытудың сабақтастығы. Олардың оқу шапшаңдығы 
оқу жылының соңында, 4-сыныптың аяғында қандай болса, сол деңгейде, яғни минутына 
80-90 сөз болуы тиіс.
Оқу бағдарламасындағы көптеген мәтіндердің өлең түрінде келетінін ескере 
отырып, шапшаңдыққа оқу дағдысын тексеру барысында өлең түріндегі мәтіндерді де 
қолданып отырған жөн. Өлең түріндегі мәтіндерді оқыту кезінде өлең оқу ырғағына, дауыс 
реңкіне, кідіріс қоя білуіне, эмоционалдық бояуына, бейнелі оқи білуіне мән беріледі. 
Мұндай мәтіндер мұғалімнің қалауы бойынша алынады.
Оқу техникасын тексеру кезінде мұғалім баланың оқу дағдысын, түсініп және дұрыс 
оқуын, оқу шапшаңдығын, мәнерлеп оқуын біртұтас алуы қажет.
Оқушының 
түсініп оқуын
тексеру кезінде бәрінен бұрын мәтіннің толық мазмұнын, 
жекелеген сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің мағынасын түсінуіне көңіл бөлу 
қажет. Бұл жағдайда мұғалім мәтін соңынан «Мәтін не туралы?», «Басты кейіпкерлерді 
ата», «Мәтін бойынша ерекше қалған оқиғаны баянда» деген сияқты қысқа көлемді 
сұрақтармен тексеруіне болады, алайда көп сұрақпен баланы шаршатуға да болмайды. 
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысының қалыптасуының 
басты көрсеткіші - әр оқу кезеңіне (жарты жылдық, жылдық) байланысты оқу 
бағдарламасында бекітілген оқу тәсілі. Ең тиімді оқу түрі - сөздерді толық оқу, бұл әсіресе 
3-4 сынып оқушылары үшін аса маңызды. 
Сабақ барысында оқушылардың мәтінді бірнеше қайтара оқуы оқу дағдыларының 
жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл іріктеп оқыту, рөлдерге бөліп оқу, хормен оқу, тізбектей 
оқу, іштей оқу, «көзбен оқу» сияқты әр түрлі оқу түрлері арқылы жүзеге асырылады. 
«Көзбен оқуды» мәтінмен ауызша жұмыс түрлері алдында (мазұндау, жоспар құру, 
тақырып қою т.б.) қолданған тиімді. 
Оқу шапшаңдығы да оқу тәсіліне байланысты. Буындап оқитын оқушылардың 
шапшаңдығы бір басқа болса, ал тұтас сөздерді оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір 
басқа. Оқу дағдысын тексеру кезінде баланы «тезірек оқы» деп асықтыруға болмайды. 
Мұндай асықтырудан кейін ол 1-2 сөзді немесе сөйлемді ғана тез оқуы мүмкін, алайда 
қайтадан сол кезеңдегі өзінің қалыптасқан шапшаңдығына түседі.
Егер оқу дағдысы оқу жылының басында (10-15 қыркүйекте) тексерілетін болса, оқу 
шапшаңдығының көрсеткіші өткен сыныптың соңындағы деңгейде болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет