1
|
|
|
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
Мотивация
2 мин
|
Оқушының мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты күнтізбелік жоспар бойынша көрсетіледі. Тақырыптарды оқу барысында мұғалім «Ауызша сабақ-1» картасы бойынша жұмыс жасау уақытын болжайды, яғни уақытты үнемдеу туралы мәлімет береді.
|
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.ООМ(орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс.
|
2
|
Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.
8 мин
|
Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.
Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:
-
Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
-
Мысалдар келтіреміз.
-
Денелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде не байқалады?
-
Өзара әрекеттесуші екі дененің жылдамдықтары туралы не айтуға болады?
-
Масса деген не?
-
Масса бірлігі ретінде не қабылданған?
-
Инерттілік дегеніміз не?
-
Дененің массасын анықтау тәсілдерін атаңдар?
-
Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
-
Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
-
Қандай тығыздық бірліктерін білесіндер?
-
Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді?
-
Массасы мен тығыздығы бойынша дененің көлемін қалай есептейді?
-
Егер тығыздық г/см3-пен берілген болса, оны кг/м3-пен қалай өрнектеуге болады?
-
Заттың тығыздығын қандай әріппен белгілейді?
-
Дененің массасын қандай әріппен белгілейді?
-
Дененің көлемін қандай әріппен белгілейді?
|
Бірінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
|
3
|
Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтауға уақыт нормативі
7 сөз-30 сек
14 сөз-1 мин 15 сек
21 сөз-2 мин 30 сек
3 мин
|
Тірек сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан немесе жазған оқушыға ООМ ұяшығына екінші плюс белгісін қояды.
Тірек сөздер: күш, векторлық шама, Ньютон, килоньютон, меганьютон, деформация, пластикалық, серпімді, серпімділік күші, эспандер, сығылу, созылу.
|
Екінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
|
4
|
Ұғынуды ұйымдастыру.
7-11 сыныптар: мәтіннің бір парағына 4 мин.
12 мин мәтінді оқуға және 5 мин қарама-қарсы сұрақ коюға.
|
Оқушылар оқулықтан бір парақты 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім оларды материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.
Қарама-қарсы сұрақ қою:
-
Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?
-
Физикада күш деген сөзді біз қалай түсінеміз?
-
Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?
-
Күш немен сипатталады?
-
Күш сызбада қалай кескінделеді?
-
Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
-
Қандай күш 1 Н-ға тең болады?
-
Деформация деп нені айтады?
-
Дененің деформациясы қалай пайда болады?
-
Деформация нешеге бөлінеді?
-
Пластикалық деформация деген не?
-
Қандай деформация серпімді деп аталады?
-
Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады?
-
Ол қалай бағытталған?
-
Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналады?
-
Пластикалық және серпімді деформацияларға мысалдар келтіріңдер.
|
Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
|
|
Тренинг
1 мин
|
Көбейту кестесін еске түсіру:
4*5=20 3*9=27 5*8=40 8*6=48
6*5=30 9*5=45 4*8=32 9*2=18
7*7=49 6*9=54 3*6=18 2*7=14
8*3=24 5*7=35 7*9=63 6*6=36
|
|
5
|
Түсінудің бірінші тексерілуі
7 мин
|
Өзара тестілеу. Екі нұсқасы ұсынылады?
Бір жақты сұрау жүргізіледі, бірінші вариант екінші вариант тестілейді.
Өзара тестілеу нәтижесіне баға қою ережесі:
-
Тесті шешкен оқушы дұрыс жауабы ООМ-да пюс белгісін алады.
-
Тесті дұрыс шеше алмаған оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ-да минус белгісін алады.
-
Тесті құрастырған оқушының сұрағына дұрыс жауап берілмесе, онда ол ООМ-да плюс белгісін алады.
-
Тесті құрастырған оқушының сұрағына дұрыс жауап берілсе, онда ол ООМ-да минус белгісін алады.
|
Төртінші белгі. Бірінші нұсқа тест құрастырады, екінші нұсқа жауап береді.
|
6
|
Бірінші бекітуді ұйымдастыру.
5 мин.
|
Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор жүргізіледі. Сөздер анық қысқартылмай жазылады. Әрбір сөз сөйлем мүшесі болу керек.
|
Бесінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
|
7
|
Рефлексия
|
Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
|
|
8
|
Бағалау
1 мин
|
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:
-4-5 белгі - 5 ұпай
-3 белгі - 4 ұпай
-2 белгі - 3 ұпай
-1 белгі – 2 ұпай
|
Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 4-5 ұпайдан алуы тиіс.
|
9
|
Үй тапсырмасы
|
3 белгіден төмен алған оқушылар үйге тапсырма алады.
|
|