Оқушыларды дұрыс , қатесіз,таза жазғаны үшін марапаттап,мадақтап,сенің дәптерлеріңді тексеру сондай маған ұнайды .Сауатты жазамын 5 деген бағаға жазамын деген сияқты мақтаулар қаптың сыртына жазылса дұрыс болар еді.
Математика пәнінен жазба жұмыстарын қаптау.
Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасына 4 тор тастап 5 торға жазу керек.
Әр тапсырманың арасына 2 торкөзден тасталады.
Бағандардың арасына 3 торкөз тасталады.
Күнді тура ортаға немесе шетіне жазуға болады. Жауабы деген сөз шешудің астына бас әріппен жазылады.Бірінші сыныпта жауабы қысқа жазылады.