«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:
қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;
оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;
жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);
өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;
түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру;
өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;
«Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;
оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;
оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер туғызу;
оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.