Салыстырмалы талдау жасау
| | |
Оқыған әртүрлі мәтіндердің ұнағаны/ұнама ғаны туралы пікір білдіре отырып талқылайды
|
Оқиғалар мен кейіпкерлерді, негізгі ойды түсінгенін болжау жасай алуы арқылы көрсетеді
|
Оқиғалардың туындау себептерін, оның салдарын, кейіпкерлердің іс- әрекеттерінде біртіндеп пайда болған өзгерістердің пайда болу көзін түсінеді
|
4. Жазылым
| | | | |
Оқушылар ....
| | | | | |
1-сынып
|
2-сынып
|
3 -сынып
|
4-сынып
|
Әртүрлі стильде жазу
|
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады
|
Жай сөйлемдерді жазады/мәтінді құжаттар редакторында баса алады
|
Шағын көлемді мәтіндер жазады/мәтінді
құжаттар редакторында баса алады (2-3 сөйлем)
|
Мәтін түрлерін құрастырып жазады/мәтінді құжаттар редакторында баса алады
|
Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
|
Қарапайым, түсінікті тілмен жазады
|
Сипаттауыш сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады
|
Мәтін бөліктерін (басы, ортасы, аяғы) сақтап, кейбір теңеу сөздер арқылы қарапайым әңгімелер жазады
|
Тілдік көркемдегіш құралдарды (орнын, уақытын, кейіпкерлерін) пайдалана отырып, хабарлау мәтінін жазады
|
Шығармашылық жұмыс
|
Жазуда сипаттауыш сөздерді жазады
|
Үлгі бойынша бірнеше сөйлемдер жазады
|
Өздігінен бірнеше сөйлемдер немесе қысқа өлең жазуға талпынады
|
Өз бетінше шағын өлең, ән немесе қысқа оқиға, әңгімелер жазу сияқты шығармашылық жұмыстарды орындайды
|
Грамматикалық норма және сауатты жазу
|
Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
|
Орфография талаптарын ескере отырып, жаңа сөздерді дұрыс жазады. Үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, қарапайым сөйлемдер құрастырып жазады
|
Зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, жалаң және жайылма жай сөйлемдерді құрастырып жазады
|
Грамматикалық нормаларды (зат есім, сын есім және етістікке қатысты) дұрыс сақтай отырып, сөйлемдер құрастырады.
Орфографиялық ережелерді біледі және қолданады
|
Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану
|
Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады
|
Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ, леп белгілерін қолданады
|
Өз бетінше нүкте, сұрақ, леп белгілерін және үтірді қолданады
|
Сөйлем мен сөз орамдарын жазу барысында тыныс белгілерін (үтірді) саналы түрде қолданады
|
Аудио-визуалды материалдар бойынша естіген, көргені негізінде жазу
|
Аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап жазады
|
Аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған ақпараттарды жай сөйлемдермен сипаттап жазады
|
Естіген, оқыған, көргені бойынша оның идеясы мен негізгі ақпаратын жазады
|
Аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған ақпаратты (баяндама түрінде емес) деректер, ойлар, тақырыптар, ізімдер түрінде жазады
| Ауызша сұрақтар:
1.Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы нені қалыптастырады?
2.Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі қандай әрекеттер арқылы жүзеге асады?
3.«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты
4.«Қазақ тілі» пәніндегі репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындай отырып, оқушылар нені үйренеді?
5.«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар ата.
6.«Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері қандай?
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |