Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты Мақсаты


«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты



бет2/14
Дата11.05.2020
өлшемі183,37 Kb.
#67198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
000a0599-85fd43dc

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.

Аудио-визуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп,

берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге ала айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.

өз ойын, сезімін білдіруге

танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге

пікір алысуға

оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге



армандары мен мақсаттары туралы еркін жеткізіп айта білуге

«Қазақ тілі» пәніндегі репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындай отырып, оқушылар мыналарды үйренеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет