2.1. Түбір морфема және оның түрлері (түпкі (өлі) түбірлер, негіз түбірлер, туынды түбірлер) Морфемалық құрамына қарай сөздерді негізгі (түбір, негіз) морфема және қосымша (аффикс) морфема деген күрделі екі жікке бөлінетіні белгілі. Сөз құрамын бұлай бөлу ондағы морфемалардың мәнді не мәнсіз болып келуіне байланысты. Егер морфема дербес мағыналы болса, негізгі морфема болады да, дербес мағынасы жоқ болса қосымша морфема қатарына жатқызылады. Түбір морфема сөздің ары қарай мағынасын бөлшектеуге келмейтін түпкі негізі болып саналады да дербес лексикалық мағынаға ие болады. Сондықтан да түбір морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйтқысы болып табылады. Түбір морфема -мағынасы жағынан да қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын морфема. Ал қосымша морфемада ондай дербестік жоқ, ол негізгі морфемаға қосылып айтылады да, сол арқылы лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі морфемалар А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы талданғанын және А.Ибатовтың "Сөздің морфологиялық құрылымы" атты еңбегінің орта ғасыр ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналғанын бүрын айтқанбыз. (Қалыбаева, Оралбаева, 1986; Ибатов, 1983).
Сөздің түбірі жайындағы, әсіресе олардың құрылым жүйесі жайындағы мәселе - тіл білімі ғалымдарының назарын көптен бері-ақ өзіне аударған мәселелердің бірі. Бұл мәселеде ғалымдардың әуел бастан ерекше көңіл бөліп, сөз еткен түбірлері дыбыстық құрамы жағынан дауысты-дауыссыз-дауыссыз (ГСС) және дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз (СГСС) түрінде болған. Әуел бастағы түбірлердің түрі СГС болған деген пікірді алғаш ұсынған ғалымдардың бірі Н.А.Баскаков екені жұртқа мәлім. Мысалы, С-Г-С: тас, кел, жүр, бар. -Г-С: ат, ал, от, ен т.б. -С-Г: же. де. -Г-: е (Баскаков, 1952, 100 )
СГС тұлғасының кейін пайда болған туынды тұлға екенін ғалымдар айтқан. В.А.Котвичтің айтуы бойынша, ең алғашқы ілкі түбірлер екі дыбыстан, дауыссыз және дауысты (ГС) дыбыстардан құралған. Ал, дауыссыз-дауысты-дауыссыз дыбыстардан құралған үш дыбысты түбірлер, туынды түбірлер, яғни екі дыбысты СГ ілкі түбірге С үшінші аффикс дыбыстың қосылуы арқылы жасалған.
В.Л.Котвич қазіргі алтай тілдерінде түбірдің 5 түрі бар екенін атап көрсетеді: Г, СГ, СГС, С, ГСС. Бірақ бұл түбірлердің ең әуелгі түрі СГ болған. (Ибатов, 1983). Әуелгі түбірлердің қандай түрде болғаны жайлы ғалымдардың пікірі 4 түрлі бағытта болды. Бірінші-әуелгі түбірлер СГС болғанда, одан СГ және ГС түбірлері жасалып, ең ақыры Г тұлғасына жеткен деген пікір. Бұл пікірді ұсынушы - Н.А.Баскаков. Екінші-керісінше Г және СГ түбірлерінен СГС формасы пайда болған деген пікір. Бұны айтушылар - Б.Котвич, Э.В.Севортян, А.Н.Кононов. Үшінші-әуелгі түбірдің негізгі түбірлері қандай формада болғанын ашып айтпаса да, СГС формасы іштей бөлшектеуге келетін тұлға деген пікір. Бұл пікір Б.М.Юнусалиев зерттеуінде кездеседі. Төртінші-әуелгі түбірлердің құрамында Г мен СГ, ГС мен СГС түбірлердің бәрі де болған деген пікір.
Бұны алғаш айтушылардың бірі Б.М.Юнусалиев болған. (Ибатов, 1983).
Әуелгі түбір тұлғалар ашық буын түрінде айтылған болу керек. (СГ)-түрінде. Олар қазіргі тілімізде дербес қолданылмайтын этимологиялық түпкі түбірлерді ғана қамтыған. Түбірлердің әуелгі түрі дегенге тек этимологиялық тұрғыдан ғана айқындалатын өлі түпкі түбірлерді жатқызамыз. Олар өз формасында дербес тұлға, дербес сөз болғанымен, қазіргі түркі тілдерінде олар дәл сол әуелгі формасындай жеке айтылып, дербес сөз дәрежесінде қолданылмайды. Әуелгі түпкі түбірлерді іштей тұлғалап бөлшектегенде ғана барып анықталатын түбірлер. Мысалы: -йан, -йаң, -йал дегеннің түпкі түбірі -йа болып табылады. Сондай-ақ иір -тұлғасының бастапқы формасы ш-болған. Оған - р әлементі қосылып, иір болып қалыптасқан. Кейіннен -й дыбысы і дыбысымен сіңісу нәтижесінде е пайда болған да, ер-болып айтылған. Одан ары кейіннен қосылған -р әлементінің түсіп қалуы нәтижесінде е- ғана қалған деген болжамдар айтылады. (Ибатов, 1983).
Мүлдай заңцылық кейде керісінше де болған. Мысалы, бол сөзінің әуелгі формасы бо-болған болу керек. Оған - л әлементінің қосылып айтылуымен бол пайда болған. Кейіннен -б - дыбысын түсіріп айту арқылы -ол- пайда болды. Біз дауысты дыбыстан басталатын ГС түбірлерінің басқы дауысты дыбыстармен алдына қандай да болса бір дауыссыз дыбыс болған деп ойлаймыз. Мысалы: -cm сөзі бастапқы -а- түпкі түбіріне - л -әлементінің қосылуы арқылы жасалған, -ал- етістігі ауызекі тілде -а- болып айтыла береді. Мысалы: алмасаң болмайды - деген ауызекі тілде амасаң бомайды болып айтылады. Тарихи жағынан алып қарасақ түбір формалар күрделі үш жікке бөлуге болады: а)Түпкі түбір, б) Түбір негіздер, в) Туынды негіз (туынды түбір).