А) Түпкі түбірлер.
Қ. Жұбанов бұлы "түп мүше" деп атаған. (Жұбанов, 1966, 151 б.). Түпкі түбір деп қазіргі қазақ тіліміздегі жеке айтылмайтын, дербес қолданылмайтын, түбір негізін ары қарай тарихи тү-рғыдан бөлшектеп түптегенде ғана анықталатын сөз тұлғасын айтамыз. Мысалы: онша (он-ша), ондай дегендегі - он, бұғаз, бұғау, бұған дегендегі -бұғ, -анық - алай дегендегі -а, түпкі түбірге жатады. Мұндай тұлғалар қазіргі кезде жеке қолданылмайды, мағыналық жағынан да күңгірт. Қазақ тіліндегі осындай өлі түбірлерді зерттеп, еңбек жазған академик Ә.Қайдаров олардың санын 1500-ге жуықтаған. Мысалы, оян, оят, момын, момацан, ұял, ұят т.б. (Қайдаров, 1986). Сонымен негізгі морфеманың өзін этимологиялық тұрғыдан саралай барып, түпкі түбір тұлға және негізгі түбір тұлға деп екіге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, ойаг, ойан сияқты негізгі түбір тұлғалы морфемаларды іштей тұлғалай келіп, (ой-аг, ой-ан, ой-ит) ой деген бөлігін солардың бәріне ортақ түпкі тұлға деп анықтауға болады.
Дегенмен, олар ежелгі бір замандарда толық мағыналы, жеке қолданылатын дербес сөздер болған.
ХІҮ-ғасыр жазба ескерткіштер тілінде түпкі түбірлердің 8 түрлі формасы кездеседі. (Ибатов, 1983, 67) Мысалы; -кічі, -кічіг, (кіч) уйал, уйат (уйа), т.б. дыбыстық құрамы жағынан олар Г, ГС, ГСГ, СГС, ГССГ, ГСГС, СГСС түрінде айтылған. Бұл түпкі түбір тұлғалар қолданылу жиілігі жағынан әр түрлі болып келеді. Мысалы; Г, СГ формалы 3-4 рет қана кездессе, ГС, СГС формалы түбірлер 8-20 рет кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |