Бастауыш сыныпта ќазаќ тіліндегі туынды тїбірлердіѕ ќўрылымы



бет2/13
Дата14.02.2022
өлшемі261,5 Kb.
#131715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип.-Сөздің-морфологиялық-құрылымы

Пайдаланған әдебиеттер .....................42
Кіріспе
Қазақ тіліндегі туынды сөздер жайында түсінік
Түркі тектес тілдердің ішінде қазақ тілі де өзінің морфологиялық құрылымы жағынан аглютинативті (жалғамалы) тілдер қатарына жататыны белгілі. Сондықтан да түркі тілдерінде сөздердің құрылым жүйесі анық көрініп тұрады. Сөздің құрамы мен құрылымы туралы мәселе тығыз байланысты. Сөздің құрылымы әңгіме болған жерде оның морфемалық құрамы айтылмау қалуы мүмкін емес.
Сөздің морфемалық құрамының екі бөліктен, түбір морфема мен қосымша морфемадан тұратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденіп бір ізге түскен қағида. Түбір морфема сөздің әрі қарай мағынасын бөлшектеуге келмейтін түпкі негіз болып саналады да дербес лексикалық мағынаға ие болады. Сондықтан да түбір морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйытқысы болып танылады. Түбір морфема - мағынасы жағынан да, қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын морфема. Ал қосымша морфемада ондай дербестік жоқ, ол негізгі морфемаға қосылып айтылады да, сол арқылы лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы талданса, сөздің морфологиялық құрьілымын көптен зерттеп жүрген А.Ибатовтың "Сөздің морфологиялық құрылымы" атты еңбегі орта ғасыр ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналған. (А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, 1986, А.Ибатова, 1983.)-
Сонымен сөздің морфемалық құрамында сөздің жоғарыда айтылғандай сөздің негізгі, сөздің құрамдас бөліктері, түрлі жалғау, жұрнақтар жайлы сөз болса, сөзжасамдық құрылымда әңгіме тек туынды сөздер жайлы болады. Бұл екі түсінік бір-бірімен өте тығыз байланысты болса да айырмашылықтары бар. Сөздің жасалу тәсілдеріне қарай лексика-грамматикалық бөлікке түбір сөздер, туынды түбірлер, біріккен, қосарланған, тіркескен және қысқарған сөздер (түбірлер) жатса, грамматикалық бөлікке осы сөздерге жалғанған функциональді-грамматикалық мағына үстейтін және сөз бен сөзді байланыстыратын таза грамматикалық мән беретін қосымшаларды жатқызамыз.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесіндегі белгілі тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизімін анықтау талдаудан басталады.
Мысалы: малшы, етікші, өлеңші сияқты түбірлердің туынды екенін дәлелдеу үшін оларды мал, етік, өлең сөздерімен салыстырамыз. Бұлардың алғашқыларының құрамы соңғыларға қарағанда күрделі әрқайсысының құрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар бір морфемадан ғана тұрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады. Соңғы топтағы сөздер-туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер. Өйткені тілде қалыптасқан заңдылық бойынша туынды сөздің құрамындағы морфемалардың саны негіз сөздің морфема санынан көп болады. Бұл ерекшелік туынды сөз бен негіз сөзді ажыратудағы негізгі белгілердің бірі және мағыналық жағынан да осы ерекшелік көріну керек. Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің лексикалық мағынасынан жасалатындықтан, оның туынды мағынасына негіз сөздің мағынасы айғақ болады. Жоғарыдағы келтірілген мағыналардағы малшы, етікші, өлеңші деген туынды түбірлер мағынасының жасалуына мал, етік, өлең деген заттардың аты негіз болған. Бұл заттардың атынан малды бағатын адам, өленді айтатын адам, (етікті тігетін адам) деген сияқты олардан мамандық аты жасалған. Алғашқы топтағы сөздердің мағыналық құрамында белгілі заттардың аты және оған мамандық мағынасы қосылғаны көрінеді. Сөйтіп, белгілі мамандығы бар адамдарды атайтын сөз жасалған. Бұл туынды сөздердің мағына күрделілігін байқатады. Сонымен бірге, осы сөздердің құрамындағы мал, етік, өлең деген сөздер оған қосылған қосымшаларсыз жеке де қолданылады. Мысалы: мал өрісте; - етік - аяққа киетін киім; өлең сөздің патшасы. Осылайша салыстыру арқылы мал, етік, өлен деген сөздердің -шы, -ші жұрнағынсыз қолданылатын негізгі түбір сөз екенін және олардың мағынасында мамандық мағынасы жоқ екенін байқауға болады.
Сөзжасам саласындағы негізгі тұлғалардың бірі туынды сөз. Туынды сөзге қосымшалар арқылы жасалған туынды түбірлер мен күрделі сөздер, барлық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туындылардың барлығы жатады. Туынды сөздер - тілдің сөзжасамдық процесінің нәтижесінде туған лексикалық дайын тұлғалар. Қазақ тілінің сөздік қоры туынды сөздерге өте бай, өйткені тіліміздің сөзжасам жүйесі - тым көне замандардан келе жатқан құбылыс. Содан бері туынды сөздер тілге үздіксіз қосылып отырған. Туынды сөздердің қазақ тілінің тарихында сөздікке ең мол қосылған кезі қазан төңкерісінен кейінгі кезең. Бұл кезеңде тілімізге туынды сөздердің қосылу қарқынын ең кұшті тасқынмен теңеуге болады. Осының нәтижесінде бұл кезеңце тіліміз туынды сөздермен орасан байыды. Бұл - занды құбылыс, өйткені қазан төңкерісінен кейін қазақ халқының өмірінде орасан зор жаңалықтар өте көп болды. Өмірдің барлық саласында ғылымда, мәдениет пен техника, экономикада, оқу-ағарту ісінің барлық саласында бүрын болмаған, халық өмірінде кездеспеген керемет жаңалықтар күн сайын пайда болып, орнығып жатты. Оның бәрі жаңа атаулар, жаңа терминдерді керек етті. Бұл жағдай тілдің сөздік құрамына лек-легімен жаңа сөздер қосты, тіл жаңа сөздермен байыды. Ал оның басым көпшілігі туынды сөздер еді. Қазір тіліміздегі негізгі түбір сөздермен салыстырғанда, туынды сөздер олардан әлдеқайда көп.
Сөз байлығымыздың осы ең мол тобы болып табылатын туынды сөздер іштей алуан - түрлі, оның себебі - туынды сөздер түрлі-түрлі тәсілдермен жасалған.
Тілдің сөзжасам жүйесі өте күрделі, ол түрлі-түрлі тәсілдерді қамтиды. Соған орай туынды сөздердің құрамы, құрылысы сан-алуан. Олардың ортақ белгілері де жеткілікті. Сонымен бірге туынды сөздердің тілдің басқа құбылыстарына ұқсастығы да бар. Мысалға туынды сөздердің сөзформаларға да сөз тіркестеріне де ұқсастығы бары анық, сондықтан оларды дұрыс ажырату керек. Осы жағдайлардың бәрі туынды сөздердің өзіндік белгілерін көрсетудің қажеттігін туғызады.
Алдымен туынды сөз деген терминнің мәнін ашып алайық. Қазақ тілі білімінде бұл термин кездесіп жүргенімен ол тұрақты бір мағынада қалыптасты деуге келмейді. Оны кейде туынды түбір деген мағынада қолдану кездеседі. Шындығында осы екі терминнің мағынасында үлкен айырма бар. Ал туынды сөз деген терминнің мағынасы туынды түбір деген терминнен әлдеқайда кең. Туынды түбір деген термин -туынды сөздердің бір тобының ғана аты. (ҚҚТСЖ. 34-6.) Туынды түбірлерге тек жұрнақ арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер ғана жатады. Туынды сөз деген терминнің көлеміне туынды түбірлер оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ туынды сөздерге олардан да басқа тәсілдер арқылы жасалған түрлі - түрлі туынды сөздер жатады. Мысалы, туынды сөздерге туынды түбірлерден басқа тағы да сөзқосам тәсілі арқылы, біріккен, кіріккен сөздер, қосарлау тәсілі арқылы жасалған қосарлама сөздер, тіркестіру тәсілі арқылы жасалған аналитикалық, яғни күрделі сөздер және семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер жатады. Жалпы тіліміздегі түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады. Сондықтан да туынды сөз деген термин басқа-басқа мағынада қолданылып отыр. Алдыңғысының мазмұны соңғысынан әлдеқайда кең саналатыны да тілде көрінеді. Сөйтіп, тіліміздегі сөзжасам тәсілдері арқылы белгілі сөзжасам модельдерінің бірі бойынша жасалып, сөздік қорымызга кірген сөздерді туынды сөздер дейміз. Мысалы: бала+лық, үй+лі, өнер+паз, бала+пан, үй+шік, сары+ала > сара ала, он+сегіз > он сегіз, бұл+күн > бүгін, от+тегі, көмір - қышқылы > көмір қышқылы, шек+ара > шекара. (термин) т.б.(ҚҚТСЖ, 1989, 35-6.).
Туынды сөздер - өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетін өтеу үшін, тіліміздің сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер. Туынды сөздердің тілде пайда болуы, оның сөздікте көрінетіндей дәрежеге жетіп, тілде орнығуы, халыққа эбден танылуына бір сыпыра уақыт кетеді. Бұл - ұзақка созылатын процесс. Онамосиология жаңа пайда болған ұғымның алғашқы суреттемелі түрде аталуынан басталып, номинацияға жеткенге дейінгі процесін зерттейді. Мысалы қазақ тіліндегі Ұлмекен деген кісінің атын алайық. Оның осындай дыбыстық құрылымындағы атауға айналуы - сол сөздің жасалуының соңғы сатысы. Оның жасалуына ¥л ма екен? деген сөз тіркесі негіз болған. Сөйтіп, мұнда алғаш СӨЗ мағынасы туып, оны сөз тіркесі арқылы білдірсе, кейінен ол мағына белгілі дыбыстық құрам арқылы беріліп, атау пайда болған. Сол сияқты балмұздақ, аялдама, көрермен, оқырман, жанкүйер сияқты сөздердің шығуы 1950 жылдардан басталса олардың эбден танылып, сөздіктерге кіре бастағаны соңғы кезеңге жатады. Сөйтіп, онамосиологияның объектісі -сөздердің жасалу процесі. Жалпы алғанда, бұл да - сөзжасамға қатысты мәселелер. Сөзжасам қазақ тіл бөлімінде бірсыдырғы тексерілгенімен, онамосиологияның зерттелу дәрежесі өте төмен.
Туынды сөздер - тілден көлемді орын алатын, сөз байлығымыздың өзгеше бір қалың қабаты. Қазақ тіліндегі туынды сөздердің түрлері өте көп, олар мыналар: туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз, қысқарған түбір.
Біздің зерттеу нысанымыз осылардың ішіндегі туынды түбірлер. Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі, ол синтетикалық тәсілі арқылы жасалады. Синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап тілді байытып отырады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғанан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды сөздің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланыста болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты ақта дегенге аң, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас дегенге сыр деген сөздер негіз болған. Сондықтан да бұлардың әрқайсысында да негіз болған сөздермен мағыналық байланыс, жақындық көрініп тұр. Негіз сөздің мағынасынан туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады, өйткені негіз сөздің мағынасына жұрнақтың мағынасы қосылады. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.
Туынды түбір сөз таптарының көбіне қатысты, әсіресе, ол зат есім, сын есім, етістіктерде мол. Бұл жағдай осы сөз таптарының жұрнаққа байлығынан, ол жұрнақтардың көпшілігінің өнімділігінен деп қараған жөн. Туынды түбірлер тіліміздің сөз байлығын арттыратын бір кең арна.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет