Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың ерекшеліктері Орындаған: Талипова Дурдона Тобы:ППМ-111 Қабылдаған::Абдуллина Гүлжан
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышты білім беру кафедрасы
Бөж
Жоспар: I Кіріспе 1.1«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты II Негізгі бөлім 2.1 «Жаратылыстану» пәнінiң бастауыш сыныпқа енгiзілу себептері 2.2 Жаратылыстану пәнін оқыту әдістеме. 2.3 Пәннің оқу бағдарламасының бөлімдерін талдау III Қорытынды: IV Пайдаланылған әдебиеттер: . Кіріспе «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – төменгі сынып оқушыларына жоғары сыныпта оқытылатын жаратылыстану ғылымы пәндеріне игеруге жетелеу, тіршілік үдерісінде көрген, білген, бақылаған құбылыстарын мен үрдістерді үйрету, меңгерту үшін үйренген білімін күнделікті өмірге пайлануға дағдыландыру. Осы бағыт негізінде білім беру оқушының қоршаған орта туралы ой-өрістерінің кеңеюіне, жаратылысты танып білуіне ықпал етіп, табиғатты қорғап жəне оны бағалай алуын септігін тигізеді [1]. «Еркін еліміздің ертеңі жарқын білім мен кенен ғылымда» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, жарқын білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ қажет «Жаратылыстану» пәнінiң бастауыш сыныпқа енгiзілу себептері: -пәннің жүйесіне кіретін мәліметтермен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. - пәннің оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларына: сұрақтар беру, сол сабақтарға жауаптарын іздету, зерттеу жұмыстарын жасату, сол зерттеу жұмыстарын оқушыларға талдату мен жинақтау жоспарын жасауға бағыттау. - төменгі сыныпта оқушылар пәнді игеру кезінде бұрынғы жүйе бойынша оқушылар жоспар құрып, оны атқаруға болжам жасауға, жүйелі негіздеуге , ғылыми тұрғыда білім алып, оны дамытуға үйренеді. Оқушылар жаратылыстану пәнін оқу кезінде олардың бойында, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық және мәліметтерді жинау мен сақтауға, талдауға машықтанады Жаратылыстану пәнін оқыту әдістеме
Әдістеме. Жаратылыстану пәнін оқыту барысында , оқыту үдерісін тәжірибе жұмыстарымен байланыстыра оқыту кезінде баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта жеке және топтық жұмыс кезінде олардың қабілеттерін дамытуғы ықпал жасап, оқушының эмоционалды жағдайына жағымды әсерін тигізуі керек. Бұл орта оқушыларға қауіпсіз, мазмұнды, оқушының жас ерешелігіне сай, өзгермелі және қол жетімді болуы керектігін естен шығармаған жөн. Бастауш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, қызығушылығы үнемі ауысып отырады. Сондықтан сыныптағы ахуал оқушылардың психологиясына оң әсер тигізуі керек.
Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларға тақырыпты дайын күйінде ұсына салмай, керісінше оқушылардың тақырыпты өзі тауып ашуына жағдай жасау керек. Мысалы, біз бүгін «Су және оның қасиеттері» тақырыбын өтетін болсақ, оқушыларға осы тақырыпқа қатысты сұрақтар қою және интерактивті тақта арқылы сурет, қызықты бейнероликтер көрсету арқылы оқушылардың өздеріне тақырыпты тапқызамыз. Яғни, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлану әдістерін қолданамыз.Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқулықтағы тапсырмалармен қатар қосымша сюжеттегі, кеспе қағаздағы тапсырмаларды орындайды. Пәннің оқу бағдарламасының бөлімдерін талдау Кез келген төменгі сыныптардағы оқу бағдарламалары бойынша қоршаған ортаға саяхат жасау яғни, экскурсияға арналған. Табиғатқа саяхат негізінде оқушыларға әсемдік тәрбие беруге үлкен мүмкіндіктер туады. Әсемдік тәрбие беру бойынша көптеген тапсырмалар сабақ барысында, әсіресе заттық сабақтарда жалғаса түседі. Кез келген дүниені таныр алдын оның көркемдік болмысын бір ұғымды қалыптастырудағы міндетіне үлкен мән беріледі. Жаратылыстануды оқыту барысында қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар да оқушылардың көркемдік сезімін арттыру құралдары болып табылады. Оқушыға қызықтыра отырып және байқата отырып берілген тапсырмаларды оқушы санасында мықты бекітіп, іскерлік дағдысының қалыптасуына септігін тигізеді. Ал, білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Қорытынды Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқу барысында оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, керісінше оқушылардың өздері ізденіп, тақырыпты ашып, зерттеу, тәжірибе жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасалу қажет. Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі осында оқушының зерттеу жұмысын мұғалімнің көмегінсіз жеке өзіне жасатуы. Сонда ғана оқушы тақырыпты тереңдей түсініп, ұғынған білімін келешекте қолдана алады. Жаратылыстану пәні оқушының қоршаған орта, аспан денелері туралы алған білімін өмірде қолдануға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |