Сабақтың түрі: білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.
Әдісі: түсіну, тану, қолдау, ой қозғау, ізденіспен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: сабақ эпиграфына алынған сөз, тірек-сызба плакат, үлестірмелі қағаздар, тірек-сызба кестелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, бүгінгі өмір.
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Сабақты әдеттегідей бір оқушы өлең жолдарымен бастайды.
Қазақ тілі ата-анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін,
Тілің ұлттық қасиетін.
Мұғалімің кіріспе сөзі.
Досымыз түгіл, дұшпанымыз да бас иетін, ұлттық қасиетімізден саналатын тіліміз туралы сыр шертер тағы бір қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |