а) –рақ, -рек, -ырақ, -ірек; Мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен. (С.Мұқанов); Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшақырақ (Ғ. Мүсірепов).
ә) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; Мысалы: Ниет қабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады (Ғ. Сланов). Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. (Ғ.Мүсірепов).
Бұл екі форма - өте өнімді формалар.
б) –қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -ақ; Бұл өнімсіз жұрнақтар, мысалы: Дымқыл шалғынның арасында, бозғылт тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В.Катаев): Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты. (С.Мұханов).
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма. Мысалы: Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай (С. Ерубаев); Аппақ ет , қып-қызыл бет , жап-жалаңаш, қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. (Абай).
Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Мысалы: іс - тым қиын да, абыройлы да іс (С.Ерубаев); ол тіптен жақсы адам екен. (А.Тоқмағанбетов); Абай – нағыз үлкен реалист ақын («С.Қ.»); Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек. («С.Қ.»).
Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп де жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны –лау, -леу (-тау, -теу, -деу) жұрнағы. Мысалы: ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өн беріп, безеніп тұр (Ғ.Мұстафин); Жүзі қуқылдау керімкөз жігіт өзінен өзі жымиып қойды (Ғ. Спанов) деген сөйлемдерде –дау(-деу) жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының үстеріне қабаттасып тұр.