Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту


Сын есімнің мағынасына қарай



бет4/43
Дата07.02.2022
өлшемі433 Kb.
#94714
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-сыныпта-сын-есімді-оқыту

Сын есімнің мағынасына қарай:

Сапалық және қатыстық болып бөлінеді.
Тұлғасына қарай: негізгі және туынды болып келуі.
Құрамына қарай: дара және күрделі болып келуі

  1. Сын есімнің шырайлары.

  2. Сын есімнің синтаксистік қызметін саналы түрде меңгерту.

Диплом жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды:
Тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Кіріспе
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін
оқытудың мәні мен оқыту әдістері.
Тілді, оның ілімде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу барысын, дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70-жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оның сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, отызыншы жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектебінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлігендігінен деп табылады. Осы жағдай 60 - жылдары бастауыш мектептерде берілген білім мазмұны мен оқыту әдістерін жақсарту жұмыс іске асуға алып келді.
60- жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай тәсілдерді қамтыды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын стилистиакалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелікті қамититын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы сөз құрамы және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптыстыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы айтылған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылады. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматиаклық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырылып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтакситік жүйесін оқумен ұштастырылмаса,енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болады.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С.Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және тағы басқа бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеп әрі дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру мәлелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70 – жылдары бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер- ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаев, О.Байқуатова, т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңқайлы әдіс- тәсілдер жүйесін қолдану мәcелелері әр түрлі ыңғайлы да қарастырылады. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқуға көшкен қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан басатуыш мектептерде жүргізілген бақылыуларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін (жұмыс) білім мазмұнының әдістемелік – психо-физиологялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, басатуыш сынып оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың барлығы өз ойларын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс-жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгеруге байланысты бастауыш сынып оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберілген қателіктердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:

  1. Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттеріме дұрыс жалғай алмайды. Мысала: Мәншүкті кеңес Одағының батыры атағын берді.

Дидардыкі етігі қара. Дәптерге қап жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым.

  1. Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік диюдің орнына). Мысық айбаттады (айбаттады, айбатшекті деудің орнына).

  2. Оқытылған морфологиялық ұғымды сөйлем құрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.

  3. Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Тасбақа көрдім Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кино болды. Ер Төстік батыр болған. Мамам шаңсорғыш алды.

  4. Оқушылар жалпы есіммен жалқы есімді бір-бірінен ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суларға шомылды. Малдар су ішеді.

  5. Оқушыларды сөздік қоры шағын. Білетін сөздерін өз орын тауып қолдана алмайды т.б.

Бұл аталған басты – басты себептердің қай-қайсысы да оқу бағдарламалары мен оқулықтарға емес, негізінен оқыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісінің барысында қолданылып жүрген әдістер төмендегідей:

  1. мұғалімнің сөзі;

  2. әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ-жауап әдісі деп те атайды);

  3. тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау);

  4. жаттығулар орындау;

  5. көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютерлер, т.б.);

  6. кітаппен жұмыс істеткізу;

  7. топсеруен (экскурсия);

Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулау әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ ұмытылатыны, оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтындығы белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар басатуыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрлері белгілі.



  1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметі іске қосу.

  2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту.

  3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгеру.

  4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады.

  5. Жаңа граматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.

  6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет