«Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты»



Дата28.01.2022
өлшемі120,92 Kb.
#115359
Байланысты:
«Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты»

«Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты»


Мақсаты: Бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиялық сипатын талдау, жетекші әрекетін сипаттау;

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы

Бастауыш мектеп жасын балалықтың шыңы деп атайды. Бала әлі күнге дейін балалықтың көп қасиеттерін сақтайды – жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-әрекет.

Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол өзінің дамуының қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 8 жаста болуы мүмкін. 3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің орнын ұғына бастайды.

Бастауыш мектеп жасында балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның белгілі бір құрылымы бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін қарастырамыз.



Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу мотивімен бағытталады. Екінші компонент- оқу тапсырмасы яғни, бала орындау барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу операциялары әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізгі буыны болып есептеледі. Төртінші компонент – бақылау. Алғашқыда балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бастайды. Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау.

Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Менінің» туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді. Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді. Дағдарыс кезеңінде күйзелістердің жоспарында өзгерістер болады, 7 жас дағдарысы кезеңінде Л.С.Выготскийдің атауы бойынша күйзелістердің жалпылануы болады.


Психикалық функциялардың дамуы:

Қабылдаудың дамуы- 1 сынып оқушыларында қабылдаудың саралап қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау).

Зейіннің дамуы- мектепке жаңа келген балада еірксіз зейін басым болады. Мектептегі оқу процесі баланың ерікті зейіні болуын талап етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едәуір дамиды.

Естің дамуы- мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды.

Қиялдың дамуы. Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс күйінде (динамикалық) өзгерістік күйде қалыптасады. Мазмұндама жаза алу.

Ойлауының дамуы - бұл екі кезеңнен тұрады. 1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгілердікіне ұқсас болады. Яғни көрнекі-әрекеттік негізде. Заттар мен құбылыстар туралы бір жақты пікірлер басым 3 сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет