Бастауыш сыныптарда
математикадан жүргізілетін
сыныптан тыс жұмыстар.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері .
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан –жақты дамыған,педагогикалық шеберлігі болуы-басты мәселе. Мұғалім оқушының жұмыс жүргізуі кезінде талап-тілегін,қызығатын мәселелерін қамтуға мүмкіндік табады.Оқушылар сабақ үстінде ойлау, өлшеу, есептеу,табу, зерттеу сияқты процестермен кездесіп отырады.Оларды ұштау ,жетілдіру ,дамыту мұғалім міндеттерінің бірі.Осы мағынада математикалық түрлі жаттығулардың, қызықты логикалық есептердің ,ребустар мен ойындардың ролі зор. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны жүргізудің методикалық негізі мынада:
1.Сыныптан тыс жұмыстар баланың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта өтілуі тиіс.
3. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
4.Ол үшін мұғалім жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізеді.
5 Сыныптан тыс жұмыс түрлері өз мақсатына қарай: сергіту минутындағы қызықты математикалық элементтерін, математикалық жарыс, математикалық кеш, математикалық ойындар және т.б. болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |