Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыс түрлері



бет7/15
Дата16.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#112384
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
сыныптан тыс

Математикалық ойындар.

«Есте сақта»
Мақсаты: Көззердесін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар: таңбалар жазылған плакат.
Таңбалар, суреттер, сандары бар плакат.
Ойын мазмұны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Оқушылар зейінін таңба жазылған плакатқа аудару керек. Плакат жабылады. Оқушылар естерінде қалған таңбаларды алдарындағы қағазға жазуы керек. Неғұрлым көп таңба жазған топ жеңімпаз атанады.
«Математикалық телефон».
Мақсаты
: білімді тиянақтау.
Қажетті құрал – жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар).Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.
«Қимақ».
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.
Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.
«Жұбыңды тап».
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру. 
Қажетті құрал – жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 20+10, 30, 50+ 20, 70. 
Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі. 
Мұғалім «жұбыңды тап!»- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет