Бастауыш сыныптарда математикалық функционалдық сауаттылықтарын дамыту



бет12/16
Дата05.02.2022
өлшемі45,57 Kb.
#8699
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Этнопедагогика адамды әлеуметтік топтың әдет-ғұрпына, дәстүр-салтына бейімделуге, соның талабына сай өзін ұқсата білуге баулиды, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының тәлімдік және құндылық маңызын зерттейді, адам тәрбиелеудегі ұлттың өркениетті жетістіктерінтұжырымдайды. Этнопедагогика ел егемендігін нығайтатын ізденіс іс-әрекетті іріктейді. Оның басты жолы – адамның ар-намысын таптайтын, күш-жігерін қорлайтын қимыл-әрекетті әшкерелеу. Мақсаты – әрбір халық болмысын, оның өмір сүру тәсілін, тұтас қарастыру. Этнопедагогика елдік пен ерлікті, еркіндік пен есеюшілікті қалыптастыру, үйлестіру үшін, басқа ұлттармен терезесі тең білімді ұрпақ тәрбиелеуде маңызды.

  • Бір геометриялық денені таңдаңыз
  • Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдамды, тәуекелшіл.
  • Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Өзгені түсінуге қабілетті, байсалды, және сенгіш.
  • Дөңгелек - тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт; - танымал емес, шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы; - күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім; - тума психолог.
  • 1) «Құтты қазықтар» есебі. Бір қарияның ер жеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын балаларына еншіге бөліп бергісі келіп,он екі жерге қаз қатар қазық қағады да, бірінші қазыққа бір қой, екіншісіне- екі қой, үшіншісіне- үш қой, осы ретпен ең соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.
  • Ал, балаларым мына қазықтардың бәрі құтты. Осында байланған қойларды үшеуің тең бөліп алыңдар, - дейді ол балаларына.
  • Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой, сонда қалай тең бөліп аламыз? – деп қалды үлкен ұлы.
  • Әрқайсысының төрт қазықтағы қойды ағытып алсаңдар, еншілерің тепе- тең болады – дейді қария.
  • Жауабы: 26 қой.
  • 2)Үнді шәйі. Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып құя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың? Бұта түбі кеуегі, Кеуегінде көжегі. Жауабы: Қант құрғақ шай үстіне түсті.
  • 3) «Әр түліктен нешеден?» Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген әкесі бір күні:
  • - Енді жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш, сиырымыз төрт қойымыз бес есе көбейсе, онда бәрін қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен,- дейді.
  • - Ол кезде біздің үйдегі жылқының, түйенің, сиырдың, қойдың әрқайсысы қаншадан болады,- деп баласы әкесіне қарайды.
  • Оны білу қиын емес. Шешуін өзің тап деп әкесі баласын ойландырып тастады. Көп өтпей- ақ, бала өз сұрағының жауабын айтады.
  • Бұл үйдің түйесінің , жылқысының, сиырының, қойының саны қанша?
  • Шешуі: Бұл үйде бір түйе, бір сиыр, бір жылқы, бір қой болған. Жеті жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, бес қой болады.
  • 4) Салт аттылар. Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылыр бұрын көре ме?
  • Жауабы: Ешқайсысы көрмейді, себебі сөніп – өшті деген сөзге мән берсек, сәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ, өшіп қалды.
  • 5) Түйеқұс салмағы. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? - деп атасы немересіне қарады.
  • Әзілің жарасса –атаңмен ойна. Жауабы: Бір пұт, себебі түйеқұс салмағы өзгермейді.
  • 6) Жылқы атасы- Қамбар ата. Бірде біздің ауылда ат шабыс болып, тайлы-таяғымызбен дөң басына барғанымыз әлі есімде. Аттың көркі жал емес пе, Адам көркі мал емес пе!-дей келіп, әкем маған:
  • -Анау үш пар атты көрдің бе? - деді.
  • Мен көрдім дегендей ишарат білдіріп, мұрынды жеңмен сүртіп, бір тартып, басымды изедім. Әкем одан әрі: Үш пар ат сегіз шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады? -деді.
  • Мен ол кезде не дегенім есімде жоқ, ал сендер бұған не дер едіңдер?
  • Тебіншек ат-шегіншек
  • Шегіншек ат-тебіншек.
  • Жауабы: Ол да сегіз шақырым жер шабады.
  • 7) Судыр балықшы. Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде :
  • -Жиырманың жартысын,бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,-деді .
  • Балықшы неше балық ұстады ?
  • Бақалшақ,
  • Тоқалшақ,
  • Қию-қию.
  • Жауабы: 10 балық.
  • 8) Жыл қайыру. –Нешедесің ? -деді ақсақалға жігіт ағасы. –4 жылқы, тоқтымын,-деді Тәтімбет күйші. Тәттімбет нешеде? Дананың сөзі асыл тас. Жауабы: Тәттімбет күйші төрт жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2жас қос деді,яғни 49+2= 51-ге қарап тұр.
  • 9) Қалауын тапса қар жанады. Қасқарау батыр сарбаздарына: --Кімнің қатыны бір қанар бидайдан екі қанар жарма жасай алса, сол ту ұстай алады? –деді.Көкқапталдан су тартқан қызыл бөрік бедерлі Мұрат ту ұстапты. Кім ту ұстайды? Жауабы:Тартылған бидай жармасын бір қанарға толтырып,екінші қанарды оның сыртынан кигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет