Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық принципі. Тәрбиелеу мен дамытудың (мақсат, қызмет ретінде) педагогикалық процестегі бірлігі. К.Д. Ушинскийдің «Мектептің үш элементі» («Три элемента школы») атты еңбегі, оның маңызы. Оқытудың ғылым негіздерін берік әрі саналы игерудегі бағытаушы рөлі, осы қызметтің нәтижелілігіне оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, дамытудың әсері. Тәрбиелеудің үнемі мақсатты жүзеге асырылуының маңызы. Оқыту барысында тәрбиелеу мен дамыту жолдарының дұрыс анықталуы, жүзеге асырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |