«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың шығармашылық,ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты:Оқушыларға көп нүктенің орнына ұйқасын тауып жазу керек.
Жазу үшін саған
Қажет қағаз,(қалам)
Дауысына құлақ түр
Жер жыртып жүр,(трактор)
Қарды қояр күреп,
Керек жалпақ,(күрек)
«Жаңылмаймын» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты:Мысалы 1-ден 30-ға дейін санау,3-ке еселік санды «жаңылмаймын»деп санауы керек.
«Өрле және қайта түс» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты:Бұл ойын өлшеуіштер тақырыбына арналған.Ұсақ өлшнуіштерден ірі өлшеуіштерге ,ірі өлшеуіштерден ұсақ өлшеуіштерге дейін айтып шығады.
«Есті жаттықтыру» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты:Ойнаушылар саны шектелмейді.Ойыншының біреуі қандай да бір санды айтады.Келесі ойыншы оны қайталайды және өзі бір сан айтады.Келесі ойыншы оны қайталап және өзі бір сан айтады.Үшінші ойыншы осы алғашқы екі санды қайталап,өзі басқа санды айтады.осылай жалғаса береді.Санды шатастырып алған бала ойыннан шығады.
Ойын басталарда бір оқушыны төрешілікке қояды.Ол адавм аталған санды қағазға жазып отырады.
«Көрегендікке,байқағыштыққа жаттықтыру» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шартыОйын шарты Ойын шарты. 1-ден 30-ға дейінгі сандар кескінделген.Оларды неғұрлым тезірек тауып,ретіменсанап шығу керек.Егер сен тауып 1-2 минутта санап шыға алсаң,өте тез,байқағыш екеніңді көрсете аласың.Мына сияқты шытырман фигураның ішіне сандарды орналастыру керек.
«Арифметикалық домино» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты: Бұл ойынға төмендегідей карточкалар дайындап алу керек.Карточкаларды қатты картоннан немесе пластмассадан жасаса ойнау үшін өте ыңғайлы болар еді.
Ойынды қолында ең үлкен карточкасы бар бала бастайды.Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс болатындай етіп,қою керек.Осылай кім бірінші доминоны аяғына дейін қойып бітеді,сол жеңіске жетеді.
«Хоп» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты .Ойыншылар саны шектеусіз.Алдымен кезектесіп 1-ден 30-ға дейін 3-ке бөлінетін сан келгенде оның орнына «хоп»дей отырып санайды.Кім қателесіп қалатын болса ,сол ойыннан шығады.Кім ешбір қате жібермесе сол жеңіске жетеді.Мысалы:1,2, «хоп»,4,5, «хоп» сол сияқты....
«Кім бірінші 81-ді атайды?» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты .Бұл ойынды екі кісі ойнайды.Бірінші ойыншы 1-ден 9-ға дейін кез келген санды атайды.Екіншісі бұған кез келген 9-дан кем санды қосады да,қосындыны айтады.Міне осылайша ең соңында 81-ді атаған бала жеңіске жетеді.
«Самса санауға көмектес» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты:Оқушылар мұқият тыңдап жауабын айту керек.
Арман,Алмас ,Марат үшін
Апам пешке самса салды,
Самса пісіп даяр болды,
Мысық бірін ала салып,
Жүк астына тыға қойды.
Немересі санады да,
Төртеу бар деп айғайлады.
Егер келсе шамаңыз,
Самса нешеу санаңыз.
«Геометриялық лото» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты . Оқушының алдына ,әр түрлі геометриялық фигураның суреті салынған карточка болады.Кез келген фигураның аты аталады,ал оқушылар фигураның бетін жабады.
«Диірмен » ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты . Бұл ойынға екі бала қатысады.Бұған ерекше жағдайдың қажеті жоқ:бір парақ қағазға суреттегідей етіп ұяшықтар салуы керек.Оған қосаәр ойыншыға үш-үштен екі түсті 6 дөңгелек жасалуы керек.Алдымен ойыншылар кезектесе отырып,қалаған ұяшыққа бір-бірден дөңгелектер қояды.Барлық дөңгелектерді қойып болған соң,сызықтың бойымен жаңа орынға қарай кезекпен жылжытады.Сонда кім өзінің үш дөңгелегін бір түзудің бойына жайғастырса,сол ұтады.Бұл ойында жеңіс мүмкіндіктері бірдей емес,себебі әр уақытта да,егер аңғарып ойнаса,бірінші бастаған ойыншы жеңуі керек.Ол үшін өзінің бірінші дөңгелегін бес нүктесіне қойса болғаны.
«Әріпті тап » ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.
Ойын шарты .Тақтайшаға,не тақтаға түрлі әріптер орналастырады.Бір әріп бірнеше рет болуы мүмкін.Мұғалімнің айтуы бойынша аталған әріп неше рет кездесетінін санап айтуы керек.Кім әріп санын дұрыс айтса ,сол,жеңіске жетеді.
«Аңдарға көмек » ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.
Ойын шарты . Орманда көп аңдар жиналған,олар концерт қоймақшы екен.Әрқайсысы бірінші болып ән айтқысы келеді.Бір-бірімен дауласып тұр.Маймыл тұрып: «Алфавит ретімен концерт қояйық»-дейді.Бәрі оны қостайды.Бірақ алфавитті олар білмейді екен.Біз оларға көмектесейік.Кезекпен тақтаға шығып жануарларды алфавит ретімен қойып шығады.Егер оқушы қателессе ойыннан шығады.Келесі күні алфавитті айтып келуге дайындалады.
«Жасырынған қандай ағаш » ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.
Ойын шарты.Мұғалім ағаштың сырт бейнесін,үлкендігін ,кішілігін,жапырақ түрін,түсін айтқан кезде сол айтқан ағаштың суретінің жанына жүгіріп баруы керек.Зейінді,тапқыр бала мадақталады.
«Жұбын тап» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.
Ойын шарты.Мұғалім оқушыларға ағаштың жемістерімен жапырағын ұсынады.Оқушылар соны сәйкестендіріп,табу керек.
«Болады,болмайды.» ойыны
Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.
Ойын шарты.Мұғалім әр жыл мезгіліне байланысты ауа райын, балалардың үлкендердің іс-әрекеттерін айтады.Балалар дұрыс жауапты іздейді.
-Қаржауды,жауқазын гүлдеді./Болмайды/
-Гүлзарда раушан гүлі гүлдеп тұр,ал ағай қар күреп жүр./Болмайды/
-Жапырақтар сарғайып жерге түсті,балалар бірінші рет мектепке келді./Болады/
-Көк шықты,құстар жылы жаққа ұшты./Болмайды/
Ұлттық ойындар
Бүгінгі күні алдымызда тұрған негізгі мәселелелердің бірі-бала денсаулығы. Мәліметтерге сүйенетін болсақ оқушылардың 80%-ында әртүрлі аурудың белгілері бар.
Сондықтан да соңғы жылдарда мектеп оқушыларының психикалық дамуы мен тәрбие үдерісіне,денсаулығын нығайтуға,салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән беруде.
Мемлекет,отбасы, мектеп,адамның өзі үшінде денсаулық-шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.Зерттеуші Ж.Ембергенованың пікірінше «Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл,парасат байсалдылығын,сабырлы сана –сезімін,жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін,жеке тұлғалық мінез нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі» екен. [8,11]
Олай болса , салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз болып табылады.Осы орайда, бастауыш сыныпта қолданатын ұлттық ойындарымыздың атқаратын ролі ерекше.Ежелден ата-бабаларымыз «Адам ақылымен сымбатты,ұрпағымен қымбатты»деп санаған халқымыз тұрмыс тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап,шебер пайдалана білген.
Қазақтың ұлттық ойындары беске бөлінеді.Олар:Аңға, малға,түрлі заттармен ойналатын,зеректілікті ,ептілікті,икемділікті талап ететін ,соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Олардың негізгілерінің өзінің саны жүзден астам.
Этногроф ғалымдарымыздың пайымдауынша,ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.зб.бірінші мыңжылдықта–ақ қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ,қуыршақ,асық ойындары кеңінен таралған.
Қазақтың ұлттық ойындары –оқушы ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру,денсаулықты нығайту,салауаттты өмір салтын қалыптастыру шараларының бірі. Ұлттық ойындар баланы дамытып қана қоймайды,тәрбиелейді.
Біріншіден,жаттығулар жасап,ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден,ұлт ойындарының мазмұнын,ойнау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрыпымыздан,өткен өмірімізден хабардар етеді.Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу ,ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау,ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті ,парасатты,ар-ожданы мол,еңбекқор,іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. [9,10]
Мысалы,бастауыш сынып оқушылары үшін «Ақсерек-Көксерек» ойынын ойнатқанда ,ойын қанша қызықты болып,балаларға ұнағанымен,олардың екпіндей жүгіріп,ұстасқан қолдарды бұзып өтуге күштері жетпіспейтінін аңғартуға болады.Ал үшінші сынып оқушыларына бұл ойынды жеңілдетіп пайдаланған жөн.
Ойын мектептің дене шынықтыру алаңында өтеді.Ойынға арнайы жабдық-тардың қажеті жоқ.Ойнаушылар екі топқа бөлінеді.Екі топ бір- метр қашықтықта бірбіріне қарама –қарсы қол ұстасып тұрады.Мұғалімнің көмегімен әр топ өздеріне басқарушылар сайлап алады.Топты басқарушылар топтың оң жағында тұрады.Бірінші топтың басқарушысы: «Ақсерек пен Көксерек,бізден сізге кім керек?» деп екінші топтан сұрайды.Екінші топтың жетекшісі керек адамның атын айтады.Аты аталған бала жүгіріп келіп,шақырған тізбектегі ойнаушылардыңұстасқан қолдарын әлсіз жерінен үзіп өтуге тырысады.
Егер тізбекті үзіп өтсе,сол екі ойыншының біреуін өз тобына ертіп әкеледі,үзе алмаса, өзі сол топқа қосылады.
Ендігі шақыруды екінші топ бастайды.Сөйтіп, ойын созыла береді.Бұл ойынды мұғалім сабақтың ортасында қолдануына болады.Сабақтың аяғына қарай байсалды ойындарға,не жаттығуларға көшкен дұрыс.Ойындвы дене шынықтыру сабағының барлық тақырыптарында қолдануға болады.Мұнда оқушылардың дене тәрбиесіне арналған жаттығулардың барлық түрі бар,әсіресе,жүгіруге ,бұлшық еттерінің жетілуіне әсері мол.Ойынның сондайақ тәрбиелік мәні өте зор.Оқушылардың ұжым болып қалыптасуына әсер етеді.
Жоғарыдағы айтылған ойынды бастауыш сынып оқушыларына көбіне қолдансақ, садақ тарту,асық ату,алтыбақан ойындарын ортаңғы буын балаларына ойналған дұрыс.Бұл ойындар оқушыларды нысанаға дөп тигізуге үйретеді.Асық ату ойыны көз жітілігін ,мергендікті дамытады,баланың бойында еріктілікті,ұстамдылықты қалыптастыруға,қарсыласын сыйлай білуге,адалдық және басқа да ізгі қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады. [10,28]
Қазіргі кезде әр сыныпта денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан жыл бойына босатылған немесе қандай да бір уақыт аралығына босатылған оқушылар болатыны бізге мәлім.Бұл оқушыларға арналған арнайы бағдарламалардың жоқтығынан көпшілік мұғалімдеріміз қиналып қалады.Осындай кездерде ұлттық ойындардың атқаратын ролі ерекше. Ойын ережесі бойынша ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды.Асық ойындарының түрлері өте көп.Олар:Алшы, Көтеріспек, Кетсін бір, Құмар, Омпы, Хан ату т.б.Осы ойындардың біреуінен мысал келтіре кетейік. Көтеріспек (атбақыл)
Халық арасында атбақыл деп аталып кеткен бұл ойынға екі бала қатысады. Олар бұл ойынды өздері келісіп алып, ұнатқан жерінде ойнай береді. Ойыншылардың әр қайсысында тек сиырдың асығы болу керек. [11,23]
Ойын ережесі:
Ойыншылардың екеуі өзара келісуімен біреуі сақасын алысырақ иреді, екіншісі сол сақа иірілген орнынан тұрып, иірілген сақаны атады. Бірінші атқан бала қарсыласының сақасына тигізсе, онда қарсыласы сол атқан жерден оның сақасының жатқан жеріне дейін көтеріп апарады да, сол жерден сақасын қайта иіреді. Ал қарсыласының сақасына тигізе алмаса қарсыласы өз сақасын алып сол орнынан бірінші ойыншының сақасын атады.
Егер атқан сақасына дәл тигізсе олда соны істейді, тигізе алмаса қарсыласы қайта атады, сөйтіп, бірінің сақасын бірі атып екі бала алдыға қарай жылжи береді. Ойынды қанша уақытқа созса да балалардың өз еркінде.
Омпы
Асықты мұртынан не болмаса жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Бұғанда асығы бар балалар қатысады. Оны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішіндеде ойнай береді. Екі баладан 10 балаға дейін қатысса ойын қызықты өтіп, ешкімді жалықтырмайды. Негізгі мақсат көп асық ұтып алу.
Ойын ережесі:
Ойыншылар арасы 20 адым екі көмбе сызалыда көмбенің тең ортасына сызық бойынша ойышылардың әр қайсысы екі асықтан көнге тігеді. Тігілген асықтың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар бірінің артынан бірі қатарға тұрады да, кезек-кезек қолдарындағы сақаларымен, 10 адым жердегі омпыны атып түсіруге, сөйтіп асық ұтып алуға кіріседі.
Егер бір бала ортада тұрған омпыға бірден тигізсе, онда көндегі асықты сол алады. Ал омпыға тигізе алмай тұрған асықтардың кез-келгеніне тигізсе, сол тиген асығын ғана алады. Көндегі асық таусылған сайын балалар асықты қайталап тігіп оытрады.
Қорытындылай келетін болсақ, асық ойындарын ойнау өте қызықты әрі мағыналы болады. Асық ойнаудың өсіп келе жатқан балалар ағзасына пайдасы мол әрі оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қоса, балалар сергек әрі жинақы,әрі ұлттық педагогика негізінде оқушыларды дамыта отырып,салауаттылыққа тәрбиелейиіз.
Мен осы бір тамаша ұлттық ойнымыздың өз құндылығын жоймай, әлі де өз жалғасын тауып, дами беретіндігіне кәміл сенеміз.
Ұлттық педагогикаға негізделген қызықты тапсырмалар балалардың та-нымдық қабілеттерін,ой-өрісін дамытады.
1.Сандарды өсу ретімен орналастыратын болсаң,қазақтың ханының аты шығады.Жауабы:Абылай. [12, 41]
-
Достарыңызбен бөлісу: |