Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты



бет1/5
Дата27.05.2022
өлшемі35,38 Kb.
#145260
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауышпен қоштасу мерекесі санду



Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты: 1 .Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып,сәт-сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы-мектепті,ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалім: Кіріспе сөз:
Кіріспе сөз сөйлеу.
(Музыканың әуенімен жүргізушілер ішке кіріп , орындарына тұрады.)
(Жүргізушілер концерттік программаны Мейірбекті күтпей жүргізбек болады. Сол кезде залдың артқы жағынан Мейірбек жүгіріп шығып сендер мені күтпей жүргізбексіңдер ме деп ренжиді. )
Ақбота: - Мейірбек, сен үнемі кешігіп жүресің. Енді тура бүгін кешікпей келсең болмай ма?
Мейірбек: - Қыздар, Бексұлтан, ренжімеңдерші. Сыртта журналистерге сұхбат беріп, кешігіп қалдым.


Алина: - Жарайды, қойшы. Мына жиылған қауымнан ұят болды ғой. Мейірбек, Бексұлтан, сендердің алғаш мектепке келген күндерің естеріңде ме?


Бексұлтан: - Ол күнді қалай ұмытарсың? Гүл шоқтарын ұстаған көңілді балалар, баласын жетектеген ата – аналар. Әлі күнге дейін бәрі есімде.


Ақбота: - Иә, дұрыс айтасың. 2014 жылдың 1 қыркүйегі. Бәріміз де кіп-кішкентай бала едік. Енді міне бастауыш сыныпты тәмәмдап, орта буынға өткелі отырмыз.
Мейірбек: - Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.
Метеп, мектеп – әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп – жан анам боп көріндің.
- тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оңы мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Рахмет саған, бастауыш!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Алина:

  • Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар. Бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген ұстазымыз Сандуғаш апайымыз сынып оқушыларын орта буынға шығарып салғалы отыр. Бәріміз осыдан 4 жыл бұрын кішкентай бүлдіршін едік, енді міне, бойларымыз да, ойларымыз да өсіп, бастауыш буынды аяқтап, тағыда бір саты жоғары қадам басқалы тұр. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!.



Ақбота: Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.
Кешегі сәби, бүгін міне, жас ұлан ,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет