Дарии патшадағы Македонский



бет1/3
Дата18.11.2022
өлшемі44,45 Kb.
#158858
  1   2   3
Байланысты:
Эллинизм Эллада мәдениеті


Эллинизм (лат. Hellenismus, көне грекше: Ἑλληνισμός) — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Ескендір Зұлқарнайындың (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды.
Дарии патшадағы Македонский
Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антиохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени орталықтарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ал өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезегінде Грек қалаларының бай құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалынған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары да барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаған кездерде айқын сезілді. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты сфинкстер, қанатты жылан, құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар-грифондар, өлгендердің аруағы болып есептелінетін адам басты құстар — сиреналар және тағы да басқалары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет